Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Отбасы -бақыт мекені
[ Сайттан жүктеу (20.3Kb) ] 28.09.2015, 10:13

Материалдың жеке номері 1832

Отбасы -бақыт мекені

загрузка...
№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі

Іс- шара

Тақырыбы: «Отбасы-бақыт мекені»

Өткізген:Нурекеева Р

Тақырыбы: «Отбасы-бақыт мекені»
Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті: Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят
жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, пікіртерім.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.
Жүргізуші: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-бақыт мекені » салтанатты жиынға қош келіпсіздер.
Жүргізуші: Тарқалмасын қызықтың шағы қызған
Жана берсін бақ артып бағыңыздан
Құрметпен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан дей келе
Салтанатты жиынды ашып беру үшін сөз кезегін мектеп директоры М. Көпешбай ағайға беріледі.
Кіріспе сөз: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Жүргізуші : 5 сынып оқушылары орындауында
Ән : Анашым
Жүргізуші:
Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтаимайтын халық та жоқ.Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры дей келе ортаға отбасыларды шақырамыз.
Мерейлі отбасы Фанар апай
Берекелі отбасы Айгул апай
Жас отбасы Гулімшат апай
Жүргізуші:
Ата анаға арналған монтаждар
Шұғыла
Анам маған «Үлкенді сыйла» деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра-ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп,
Адалдық- менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
Дильназ
Ана жанын ана болсаң ұғарсың.
Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,
Балаң үшін биіктен де құларсың.
Ана мейірі күн көзімен пара-пар.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!


Назгул
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген- тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Жасмин
Әжемнің саясында ержетіп мен,
Аялы ақ бесікке тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Жүрегімде әжемнің әжімі бар,
Жүрегімде достардың әзілі бар,
Жүрегімде өмірдің қызығы бар,
Жүрегімде жанымның азығы бар.
Ержетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.
Ән :Асыл әжем
Орындайтын : 5-сынып оқушылары
Дильназ, Жасмин, Назгул
Жүргізуші:
Көрініс : Атаның ақылы
Ән: Әке туралы жыр
Орындайтын: 6-сынып оқ ушылары


Ата ана туралы дана сөздерді тыңдайық

Гүлназ: Адам жеміске, ата- ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды аялап бақсаң ,армандарың орындалады
Санжар: Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып өседі.
Ерасыл:Әдепті , адал ұл қыздардың міндеті ата- аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата -аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.

Айгерім:Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керек.
Ұлықпан: Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Ринат:Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызы.
Аружан: Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.
Ән: Ана туралы жыр
Орындайтын : 6сынып оқушылары
Жүргізуші: Салтанатты қорытындылау үшін сөз кезегі мектеп директоры М . Көпешбай ағайға беріледі.
Жүргізуші:
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.
loading...

Автор: Нурекеева Роза Ерденқызы

№ 207

Бөлім: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 9629 | Жүктеулер: 682 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 7
Қонақтар: 7
Тіркелгендер: 0