Сайт учителя начальных классов
.
«Қош келдің - Білім күні!»

2015 жылы 1 қыркүйек күні «№35 орта мектеп» МКМ-де 9 «А» сынып жетекшісі Л.М.Тезекбаева оқушылармен алғашқы білім сабағын физика кабинетінде интерактивті тақтада слайдпен өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік Ел: бір ел-бір тағдыр»
Мақсаты: 1) Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, қазіргі Қазақстан туралы түсінік беру, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға тырысуға үйрету, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер, интерактивті тақта, слайттар
Гимн орындалды.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.
Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.
Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.
"Қазақстан-2050" Стратегиясы – "Қазақстан-2030" Стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.
Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын арпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.
2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.
• Елдердің техникалық және технологиялық көрмесі Астанада 2017 жылы өтетін болады. Халықаралық Бас Ассамблеясы бюросының 152-ші көрмесінде құпия дауыс беру арқылы Белгияның Льеж қаласын озып Астана жеңіске жетті.
• Қорытынды:
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
• Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
• Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
• Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
• Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
• Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!



Алматы облысы Іле ауданы
«№35 орта мектеп» МКМ
9 «А» сынып жетекшісі
Л.М.Тезекбаева

ID: 1776 | Просмотров: 3709