Мамандықтың иесі

  • Жүктеулер: 773
  • Көрсетілім: 1771
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Ноя/2015
Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі

«Бекітемін»
Директордың өндірістік
оқу орынбасары
________________Адилова Г.А

«Мамандықтың иесі»
(сайыс сабақ)

ІІ санатты өндірістік оқу шебері: Исмагулова А.С

Құлсары – 2014ж.

Сайыс сабақ мақсаты:

Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, мамандығын меңгертетін пәндерге деген ойын, оқып – тоқыған тақырыптарын пысықтап, толықтыру. Тағам туралы жұмбақтар шешу, мақал – мәтелдердердің мағынасын түбегейлі түсіндіру.

Жоспары:

1. «Мен аспазбын» (таныстыру – 10 балл)
2. «Даналық сандықша» (жұмбақ шешу - әр дұрыс жауапқа – 5 баллдан)
3. «Жұмбақ суреттер» (Жабдықтар суреттері – 10 балл)
4. «Сыңарын тап!» (мақал – мәтелдер сыңарын табу – 5 балл)
5. «Кім жылдам?» («Калькуляция және есеп» пәнінен - 10 балл)
6. «Үй тапсырмасы» (әр команда өздерінің қарсылас командасына дайындап келген тапсырмасын ұсынады)
7. « Бұл не екен?» (пазл құрастыру – 10 балл)

Қатысатын 2 топ:
1-ші: Аспазшылар тобы
Құрамы: Айтбай Ақерке (топ басшысы), Нуркасимова Алтынай, Баймұханов Саламат, Ермекова Аймекен, Берікқалиева Ақтоты, Абдрахманова Назгүл,
2-ші Тәттігерлер тобы
Құрамы: Боранова Назира (топ басшысы), Кабдоллиева Гүлжайнат, Кикпаева Айнур, Тәжиева Жұлдыз, Балабаева Арайлым, Алуадинова Айзада.

І-тур: «Мен аспазбын!» - Таныстыру
1-топ «Аспазшылар»:

2-топ «Тәттігерлер»:

ІІ – тур: «Даналық сандықша»

Сұрақтары:
1. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)

2. Доп – домалақжұмыр тас
Іші толған піскен ас. (Жаңғақ)

3.Аласа тал,
Тамаша тал,
Самсап тұр алмасы
Ол алқызыл
Ол қанқызыл
Боялғанша алмашы (қызанақ)

4. Сылдыр сұйық – су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да – қар емес,
Шешуін кім табады. (сүт)

ІІІ – тур: «Жұмбақ суреттер»

1. Еттартқыш (мясорубка) суреті
2. Қуыру пеші (жарочный шкаф) суреті
3. Қуыру табасы (сковородка) суреті
4. Көп мөлшердегі майда қуыру табасы (фритюрница) суреті
5. Гриль аппаратының суреті
6. Қамыр илегіш машинасының суреті

ІV – тур: «Сыңарын тап!»

• Ас атасы – нан дейді
Сөз атасы – шал дейді
• Нан – тамақтың атасы
Ынтымақ – көптің батасы
• Еттің соры – қуырдақ,
Ұнның соры – бауырсақ
• Табақ тамағымен жарасты
Батыр жарағымен жарасты
• Айран ішкен құтылар
Шелек жалаған тұтылар
• Еттің бәрі қазы болса,
Иттің бәрі тазы болмас

V – тур: «Кім жылдам?»

«Сүт тұздығындағы көкөністер» тағамыныңи калькуляциялық есебін 1 порцияға есептеу.

Өнімнің атауы 1 порция шығыны
шығын бағасы Толық бағасы
1. Картоп 70 70 4,9
2. Түрлі түсті орамжапырақ 40 100 4
3. Кәді 45 120 5,4
4. Сәбіз 50 90 4,5
5. Консервіленген жасыл бұршақ 20 300 6
6. Сары май 10 320 3,2
7. Бұтақты жасыл фасоль 30 90 2,7
8. Бидай ұны 5 120 0,6
9. Қант 5 120 0,6
10 Аскөк 7 - -
Шығын 31,9
НДС 20% 6,38
Толық шығын 38,28

«Көкөніс солянкасы» тағамының калькуляциялық есебін 1 порцияға есептеу.

Өнімнің атауы 1 порция шығыны
шығын бағасы Толық бағасы
1. Бұқтырылған орамжапырақ 150 150 22,5
2. Тұздалған қияр 50 250 12,5
3. Маринадталған саңырауқұлақ 50 300 15
4. Зәйтүн 25 700 17,5
5. Сәбіз 40 500 20
6. Ірімшік 5 700 3,5
7. Өсімдік майы 15 250 3,75
8. Ұнтақ кептірілген нан 5 150 0,75
9. Қант 5 150 0,75
10 Маслина 10 600 6
11. Бұрыш - - -
12. Лавр жапырағы - - -
13. Тұз - - -
Шығын 96,25
НДС 20% 19,25
Толық шығын 115,5

VI – тур: «Үй тапсырмасы»

Оқушылар өздерінің қарсыластарына дайындап әкелген тапсырмаларын ұсынады. Дұрыс жауап 10 баллмен бағаланады.

VII – тур: «Бұл не екен?»
Пазл құрастыру.

Автор: Исмагулова Анаргүл Сағынғалиқызы

Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.