Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Кемеңгер көшбасшысымен татулық кемесінде
[ Сайттан жүктеу (31.5Kb) ] 28.10.2015, 21:20

Материалдың жеке номері 1954

Кемеңгер көшбасшысымен татулық кемесінде

загрузка...
Тақырыбы: Кемеңгер көшбасшысымен татулық кемесінде.
Мақсаты: 1.Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;
2. Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін таныту.
Түрі: танымдық
Әдісі: СТО технологиясының элементтері, сұрақ- жауап, эссе, кластер
Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд көрсету
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Негізгі бөлімі: Ой шақыру. Топтастыру арқылы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кім екендігі, қандай адам екендігі, бойынан қандай қасиеттерді көруге болатындығыт.б. туралы оқушылардың теңеу сөздерді пайдаланып айтқан ойларын тыңдау.
Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарының, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.
Н.Ә. Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат.
Н.Ә. Назарбаев- қалың елінің жанашыры, мұрасы, тағдырласы
Н.Ә.Назарбаев- қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зырыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті.
Н.Ә.Назарбаев – әлем мойындаған, жа¬һан¬ға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі за¬манның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Ке¬меңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.

1.Слайдтар арқылы Н.Назарбаевтың өмір жолымен,мансаптарымен,кітаптарымен, реформаларымен т.б. таныстыру.(Оқушылар шығармашылығы)

....Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмасаймын, қандай да тәуекелге барамын...» Нұрсұлтан Назарбаев.
Балалық шағы
Нұрсұлтан Назарбаев –1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.
Қызмет жолы
 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін,
 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын,
 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
 Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 wacko жеңіске жетті.
 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Ғылыми еңбектері
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

 Қазақстандық жол- Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихымыз, талай қиын- қыстаудан өткен тарих жолы туралы айтылады.
 Ғасырлар тоғысында(А., 1996), - ХХІ ғасырға өтер шақтағы ой толғау.
 Бейбітшілік кіндігі (А., 2002), - Семей полигонының жабылуы, ядролық қарудан бас тарту-тәуелсіз Қазақстан халқының еркі, ядролық қарусыз болашаққа жол ашу туралы жазылған.
 Тарих толқынында- өткенімізді білмей келешек жоқ, тарихымыз туралы ой толғау.
 Сындарлы он жыл (А., 2002), - Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған 10 жыл ішіндегі жеткен жетістіктер туралы.
 Президент және Парламент -1996 жылдың 30 қаңтарынан бастап, 1 желтоқсан 1999 жыл аралығындағы Елбасының әр түрлі отырыстарда сөйлеген сөздері.
 «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
 Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
 «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
 «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
 «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
 «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
 «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
 «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
 «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
 «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002).
Дәйек сөздері
• “Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”
• “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
• “Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”
• “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
• Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”
Нұрсұлтан Назарбаев атында:
Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университет пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.
Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар:
• Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіҚазақстан менеджмент институты
• Экономика және болжау институты
• Қожа Ахмет Йассауиатындағы Қазақ-түрік университеті
• Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
• Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
• Назарбаев Университетi
• Назарбаев ЗияткерлікМектебі
• Бірқатар лицейлер мен колледждер
• Президенттік «Болашақ»бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүниежүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
• Аса таланты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Реформалары
 Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.
 Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды.

 Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы.Дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды.
 Дүниежүзілік сарапшылар арасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды.
 Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б.
 Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы.Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады.
 Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.
Басқа лауазымдары мен мансаптары
 Экономика ғылымдарының докторы (1993)
 ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқуорындарының академигі
 Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
 Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
 Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
 Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
 Дүниежүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
 Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
 ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
 Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды.
 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры.
 Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.
 М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
 Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
 Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
Отбасылық жағдайы
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады
Президенттің үш қызы бар:
• Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
• Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты
1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
• Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

ІІ. Тапсырмалар орындау

 Менің Президентім” тақырыбында эссе жазу
 «Көшбасшы» сөзіне кластер құр
К - кемеңгер
Ө - өжет
Ш - шынайы


Б - білікті
А - адал
С - сабырлы
Ш - шешім қабылдағыш
Ы - ынталы
 “Елбасы” сөзіне 5 жолды өлең құру
1. Елбасы
2. Білімді, ұлтжанды
3. Елін сүйеді, басқарады, шешім қабылдайды
4. Елбасы- біздің тыныштығымызды сақтайды
5. Көшбасшы
Қорытынды:
- Тренинг «Бәйтеректің қасында», «Жүректен жұрекке».

- Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет-елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілін , тарихын, мәдениетін,құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады.
Елбасының саясаты алтын ар¬қауы, басты өзегі – ел бірлігін сақтау.
loading...

Автор: Улмесекова Ардақ Амангелдіқызы

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Сатыбалды негізгі мектебі

Бөлім: Тәрбие сағаты | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 964 | Жүктеулер: 471 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 55
Қонақтар: 54
Тіркелгендер: 1
Жаксимбетова_Зарина