Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Есірткі – аяусыз жендет
[ Сайттан жүктеу (39.5Kb) ] 12.12.2015, 18:51

Материалдың жеке номері 2264

Есірткі – аяусыз жендет

загрузка...
Есірткі – аяусыз жендет
Мақсаты: Нашақорлықтың қоғамға келтіретін кеселін, оның денсаулыққа,
сондай-ақ салауатты өмір салтына тигізер зардаптарын оқушы
санасына сіңіру, қоғамға жат, жаман әдеттерден қашық болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, оқушылар
салған суреттер, нашақорлыққа қарсы үгіттелген сөздер
ілінеді, шарлар.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
8г сынып оқушылары дайындаған «Есіріткі – аяусыз жендет» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Медицинада нашақорлық зілзаласы бірнеше топқа бөлініп, күрделі сипат алатын залалды кесел. Ел-жұрттың тынышын алып, мазасын кетірген бұл пәлекет қайдан пайда болды?

1-оқушы: - Нашақорлықтың тамыры тереңде. Ол бір күнде немесе бір жылда пайда болған тосын дүние емес. Әлдеқашан ұмыт болған ескінің сарқыншағы, қайтадан жанданған қауіпті дерт. Оңтүстік Азия, Америка, батыс Европа елдерінде апиыншылық пен нашақорлықтың жойылғаны былай тұрсын, қайта уақыт өткен сайын өршіп келеді.

2-оқушы: - Қазақстандағы белең алған қауіпті түрі – анаша. Оны сағыз тәрізді қоймалжың күйде, кейде ерітінді түрінде езіп, немесе құрғақтай ұнтақтап пайдаланылады. Қол тамырларына шауып, адамның басы айналады, тілі күрмеліп, сөз сөйлеу қабілетінен айырылады, көз қарашықтары қанталап ойлау сезімі тоңырай туседі. Рас, кейде айнала түгел ән салып тұрғандай алдамшы көрініс те қылау береді. Бірақ ол ұзаққа созылмайды.

3-оқушы: – Көп уақыт өтпей-ақ нашақордың айналадағы өмірімен тікелей байланысы бұзылып, өзімен-өзі тұйық күй кешеді. Бұл әсер оны ашуландырып, жүйкесіне тие бастайды. Бойын ызақорлық билейді. Арада 2-3 сағат өткеннен кейін денесі ауырлап, тұла бойын тер басады, тұңғыйық ұйқы айырылған қуыршық дене күштің ырқына көніп, сілекейі шұбырған күйі қимылсыз қалады. Егер, дәл осындай азап қайталана берсе, нашақор айықпас психикалық күйзеліске тап болып, күйгелек, ұмытшақ күйге түседі. Жора-жолдастарынан, жанұясынан айырылады. Аурудың көз алдында қайдағы бір қорқынышты елестер ойнап, қыр соңынан қалмай қояды. Қорқынышты елестен қорғану мақсатымен нашақор жанұшырып кейде пышақ, балтаға жүгіреді.

4-оқушы: Қазақстанның кең байтақ даласында есіріткі жасалатын кендір өсімдігі өсетін жерлер көп. Мұның ішінде аты шыққан Шу өңірі. Ол аздай, жаз шыға Оңтүстік Қазақстан даласында құлпырып қалампыр гүлдейді. Алқызыл гүлдің құлпырғаны жақсы-ау, бірақ одан алынатын апиын, қауіпті есірткі ретінде үлкен қасыретке бастайды. Соңғы кезде кендір шөп пен қалампырдан есірткі дайындау өсіп кетті. Нашақорлықтың кең етек жаюы қылмыстың көбеюіне, жас қыздар мен жігіттердің, әйелдердің теріс жолға салынуына әкеп соғуда.

5-оқушы: Есірткі бұл тек қана адамның ішкі ағзасын бұзып қана қоймай, оның миы мен психикасын бұзады. Жанармай немесе «момент» клейі адамдарды 3-4 айда есінен айырады. Морфин пайдаланған адам 2-3 айдан соң өзінің қабілетін жоғалтатыны сонша, өзіне қарамай, адам қалпынан толық айырылады. Кокаин пайдаланғандар 3-4 жыл ғана өмір сүреді. Күндердің күнінде олар жүрек жарылысынан өліп кетуі мүмкін немесе олардың мұрны жұқарып, пергаментті жапырақшаға ұқсайды, сөйтіп ол өлімге әкеліп соқтыратын қан ағумен аяқталады.

Жүргізуші: Көрініс. Екі достың оқиғасы.
Рөлдерде: Акимов Нұржан мен Құшпанов Нұржан
Кешкі мезгіл болатын М. өз үйінің ауыз бөлмесінде көршісі К.мен әңгімелесіп отырды. Сыртқы есік сарт етіп ашылды да беттерін бүркеген қолдарында пышағы бар екі бейтаныс адам бөлмеге жүгіріп кірді. (сырттан екі бала жүгіріп кіреді)
- Орындарыңнан қозғалмаңдар жан керек болса қозғалмай отырыңдар – деді кірген екеудің бойшаңы. Екі көзі бағжиып, сасып қалған М-ға таяу келіп:
- Көкнәр қайда? Көкнәр – деп, айқайға басты.
- Жоқ... Ешқандай көкнәр жоқ – деп міңгірледі. М.
- Өтірік соқпа. Жаның барда тездеп көкнәрдің тұрған жерін көрсет.
- Жағдайдың жақсылыққа апармайтынын сезген М көзі қарауытып, қолы дірілдеп, пеш үстінде жатқан қалташаны көрсетті.
- Әні, әні жатыр деп даусы үзіліп әрең шықты. Жанағының бірі дереу қалташаны қолына алып: - Енді қалған көкнәрді әкел. Мынау әлі кебе қоймапты, - деп зекіді.
- Шынымды айтам үйде басқа ештене жоқ...

Жүргізуші: Жер – ана талай-талай тауқыметті бастан кешірді. Қантөгістер мен соғыстардың соңын ала келген түрлі-түрлі індеттер де болып өтті. Оба індеті болған жерлерде ойдым-ойдым қасіреттің орны қалды. Сумаңдап үйден-үйге көшкен холера мен шешектен кейін мыңдаған ошақтардың оты өшті. Көптеген адамдар осы қасіреттің тармағына ілініп, топырақ жамылды. Адамзаттың тіршілігі тоқтаған емес. Медицина ғылымының өркендеп дамуына байланысты оба, холера індеттері қазір дүние жүзінде табиғи ошақ ретінде жойылды.

6-оқушы: Алайда жұмбақ сырын ішке түйіп, кейінгі уақытта бұрын-соңды медицина ғылымына белгісіз мүлдем жаңа аурулар бас көтеруде. Солардың ең қауіптісі – төрткүл дүниенің төрт бұрышына түгел тарап отырған СПИД ауруы. Өз өмірбаянын Америка Құрама Штаттарынан бастаған СПИД кеселі қазірдің өзінде әлемнің 150-ден астам мемлекетінің есігін қағып, айықпас дертке ұшыратты. СПИД ауруы адамдарда бұрын жатқан туберкулез ауруын қоздыруға, мида қатерлі ісіктің өсуіне. Қанның әртүрлі микробтармен зақымдалуына себеп болады. СПИД деп ВИЧ - инфекциясының соңғы сатысын айтады, ол кезде адамның қорғаныш жүйесі мүлдем жойылады.

7-оқушы: ВИЧ – инфекция ағзада әртүрлі инфекциялар мен ісіктерден қорғауға жауап беретін қорғаныш жүйесін бұзатын вирустың, яғни адамның қорғаныш қасиетін жоятын вирустың пайда болуы. Вирусты жұқтырғаннан кейін адам бірнеше жыл (5-10 жыл) өзін жақсы, дені сау сезініп, өзінің ауру екенін білмеуі де мүмкін.

8-оқушы: СПИД вирусының бас объектісі – адамның иммуналдық системасы. Аурудың иммунитет жетіспеушілік синдромы аталуы да осыған байланысты. Организмге СПИД вирусы түскеннен кейін, бактерияларға, вирустарға, қатерлі ісіктерге организмнің қарсы тұру күші әлсірей береді. Ауру адам мұны сезбеуі мүмкін. Аурудың соңғы сатыларында қан түгелдей вируспен зақымдалғанда пневмонияның қатаң түрі дами бастайды. Кейде онкологиялық аурулар да қатарласа жүреді.

Жүргізуші: Көрініс. «Есірткіге жол жоқ!»
Гауһар, Әсел, Әсел, Индира, Жалғасбек, Асылбек «Нашақорлық жойылсын» «Есірткіге жол жоқ!» деп ұрандап тұрады. Қаралар мен ақтар айқасады. Соңында ақтар жағы жеңіп шығады.

Жүргізуші: Қазіргі заманда біз бетбұрыт отырған салауатты өмірдің берік орнығуы үшін, нашақорлыққа, маскүнемдікке, СПИД дертіне қарсы күрес жүргізіп, жастарды осы зардаптардың зиянды ықпалынан сақтап қалу қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі болып отыр. Егеменді ел болып бүкіл әлемге елдігіміз танылып отырған заманда өркениетті мемлекет болу үшін қоғамымыз осындай зиянды құбылыстардан тезірек арылуы қажет.

Қорытынды: Мұғалімнің сөзі

Жүргізуші: Осымен «Есірткі – аяусыз жендет» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет.
loading...

Автор: Жумагалиева Менжан Игибаевна

Бөлім: Тәрбие сағаты | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1857 | Жүктеулер: 480 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 50
Қонақтар: 50
Тіркелгендер: 0