Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Ер есімі – ел есінде
[ Сайттан жүктеу (39.1Kb) ] 19.03.2015, 15:07

Материалдың жеке номері 917

Ер есімі – ел есінде

загрузка...
Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде
МАҚСАТЫ: 1.Ұлы Отан соғысына қатысқан аталар ерлігін дәріптеу арқылы елжандылыққа тәрбиелеу.
2.Соғыс жылдарындағы аналар қасіретін бейнелей отырып,барлық аналарға құрметпен қарау.
КӨРНЕКІЛІГІ: Ұлы отан соғысының батырларының суреттері,Ауыл ардагерлерінің суреттері, қанатты сөздер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Әнұран.
МҰҒАЛІМ: ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР!
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ер есімі –ел есінде» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Отан! Бәрімізге қымбат ,өте қымбат сөз. Отан сөзі естілгенде көз алдыма осынау шалқар көл жерді алып жатқан шат тұрмыстағы бақытты ел келеді.
Отан үшін от кешкендердің қатарында болған Әбу Сарсенбаевтың
Сен құрметте оны,
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ.
Қолтықтағы ұзын таяғын,-деп келетін өлеңін жаттап өскен ұрпақтың өзі қазір сол құрметке лайық жасқа жетті.Тәуелсіздігіміздің баяндылығы сол сұрапыл жылдарда от пен оқ кешкендердің арқасы. Бұл кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге.Ресми мәліметтер бойынша Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандық болды. Кеңес Одағының батыры атанған 497 қазақстандықтың 97 қазақ.Төрт қазақстандық ұшқыштың біреуі Талғат Бигелдинов екі рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған. 1990 жылы 11-желтоқсанда көрнекті қалбасшы Б. Момышұлына да осы атаққа ие болды.
30-сәуір 14-сағат 25 минутта Рақымжан Қошқарбаев Берлин қаласындағы Рейхстаг төбесіне ту тіккен. Сол салтанатты күнге 70 жыл толды.
Бірақ еліміздің күш-қуатының артып гүлденуін сыртқы жаулар көре алмады . 1941 жылғы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те фашисттік Германия тұтқиылдан елімізге опасыздықпен басып кірді . Ұлы Отан соғысы басталды . Осы қырғын соғыстың құрбаны болған 20 миллион адам барша халықтың жүрегінде мәңгі сақталады . Отан үшін жанын пида еткен батырлардың алдында бас иеміз 1 минут үнсіздік .
1—Жүргізуші. 1941жылдың 22-маусымында фашисттік Германия сақадай-сай әскерімен Кеңестер Одағының жеріне басып кірді.Қаншама ата, апаларымыз соғысқа аттанды.
2—Жүргізуші. Ұзаққа созылған зұлматта 27 миллион адам қаза тапты.Қаншама қазақтың ержүрек қыз-жігіттері майданда өзінен кейінгі ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жанын қиды.
1-Жүргізуші. Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Ару. Қазақстанда құрылған 310-314 атқыштар дивизиялары 1941 жылдың күзінен бастап Санкт-Петербург қаласы үшін болған шайқаста 22 елді мекенді азат етті Солардың ішінде қазақ қыздары Мәншүк Мәметова Әлия Молдағұлова әпкелеріміз бар.
Маметова Мәншүк ( Мәнсия) Жиенғали қызы ( 1922 жылы Батыс Қазақстан обл, Орда ауд, 16, 10,1943 (--қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1, 3, 1944,( Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә, Мәметовтың тәрбиесінде өткізеді, Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы мед, институтында оқып жүрді, 1942ж тамызда Қызыл Армия қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты, Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің асқан мергендігімен және табанды батылдығымен көзге түсті,Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі қалғанша пулеметтен оқ боратып қаһармандықпен қаза тапты, Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған,Невель, Алматы, Орал, қалаларында Мәншүк атындағы көшелер бар.
2-Жүргізуші Мәңгі жасап жерге енді.
Биік бол деп таулардан,
Сенің балғын бейнеңді,
Жасап қойдық мәрмәрдан,
1-Жүргізуші. Даламыздың даңқы үшін
Балауса гүл балғын қыз
Жанын қиып халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Әсия. Әлия Молдағұлова (шын есімі Ілия Нұрмұхамедқызы (20, 4, 1924,Ақтөбе обл, Қобда ауданында туған, 15,5,1944, Псков облысы Новосокольники стан, қаһарман қазақ қызы қаза тапты, (4, 6, 1944ж Кеңес Одағының Батыры атағы берілген, Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әбубакир Молдағұловтың тәрбиеленіп Санк-Петербургтегі Мектепте оқыған Ресейдің Рыбинск авиатехникумын .Бітірген өз еркімен Қызыл Армия қатарына қабылданып мергендер мектебін үздік бітіріп шығады жылдың тамызынан Прибалтика майданында жиырма алтыншы атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып мергендігімен көзге түсті Ефрейтор Молдағұлова Новосокольники темір жол станциясының маңында болған ұрыста жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап қаһармандықпен қаза тапты Санкт-Петербург және Мәскеуде мектептер мен көшелер Молдағұлованың есімімен аталады Алматы Ш ымкент Қызылорда Ақтөбе қалаларында және туған ауылында Әлияның ескерткіші орнатылған Ақтөбе қаласында Ә Молдағұлованың Мемориалдық мұражайы жұмыс істейді Мәскеудегі орта мектебі жанында мұражайы бар.
2-жүргізуші. Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды. Ән. Катюша
1-Жүргізуші . Оқ борады күн-түні,
Жатты жерді от қарып,
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ Тоқтаров.
Бақдаулет. Тоқтаров Төлеген (1920, Шығыс Қазақстан обл, Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында туған , 1942жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алды,Ол Лениногор полиметал комбинатында жұмыс істеді, Ұлы Отан соғысы жылдарында 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында болды 1942ж Бородино үшін болған ұрыста асқан ерлікпен қаза тапты, Төлеген туралы композиторлар Р, Елебаев «Жас қазақ» әнін, Ахмет Жұбанов пен Латив Хамиди «Төлеген Тоқтаров» операсын жазды, Лениногор қаласында Т, Тоқтаровқа ескерткіш орнатылды, Алматы мен Өскемен қаласының бір көшесі Т, Тоқтаровтың атымен аталады.
2- Жүргізуші. Қысылтаяң болғанда ,
Саспай тұрып генарал
Тапқырлықпен қолды алға,
Бастай білді генерал.
Гүлсім. Бауыржан Момышұлы (1910ж қазіргі Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Көкбастау» деген мекенде туған, Жетіжылдық білім алған соң біраз уақыт мектепте мұғалім болған, 1936жылы қайтадан әскер қатарына алынып, взвод, рота командирі болды 1941жылы соғыс басталысымен ол генерал-майор И,В, Панфиловтың басшылыңғымен Алматы маңындағы жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында аттанып, батальион, полк командирі қызметтерін атқарған, Соғыстың соңғы жылдары гвардиялық дивизияны басқарды Соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары Әскери Академиясын бітіріп (1950ж әскери-педагогикалық қызметпен айналысып, әскерт академиясында сабақ берген, 1956жылы полковник атағымен шығып бірыңғай шығармашылықпен айналысты, Әскери жазушы Бауыржан Момышұлының алғашқы шығармалары «Бір түннің оқиғасы», «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя», Қанмен жазылған кітап» (1991жжинақтары жарық көрді, Екінші дүние жүзілік соғыстың сұрапыл шайқастарындағы ерен ерлігі үшін Бауыржан Момышұлына 1990жылы Халық қаһарманы атағы берілді.
1-Жүргізуші . Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным болсын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Ақтоты. Мәлік Ғабдуллин 1915 -1973жж. Ол бұрынғы Көкшетау облысының Зеренді ауданында (1915 жылы дүниеге келген, 1924-1929ылдары ауылдағы нөмері 13 бастауыш мектепте, 1929-1931жылдары Көкшетау қаласындағы жеті жылдық қазақ мектебінде оқыды, 1935жылы ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетін бітірген соң «Пионер» газетінде жауапты редакторының орынбасары болып істеді, 1936-1937 жылдары армия қатарында болады, 1938 -1941 жылдары ҚазПИ-дің аспирантурасында оқыды,КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болды, М,Ғабдуллин генерал И ВПанфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизия құрамында соғысқа бастан аяқ қатысты, Соғыстағы ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды, Оның «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты еңбегі қазіргі педагогикалық ой-пікірінің жиынтығы болып табылады.
2- Жүргізуші. Сәулесін шашып түнекке,
Ысырып жауды жер-көктен,
Қасірет тұнған жүрекке,
Жеңіс боп келді сол көктем.
1-Жүргізуші. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Сымбат. Қасым Қайсенов 23 сәуірде 1918жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында туған. 1995жылы Қазақстанның Халық қаһарманы, ал, 1998жылы Украинаның «Еңбегі үшін» орденімен марапатталған. 1938 жылы Өскемен саяси ағарту техникумын, 1941жылы Москва әскери барлаушылар училещесін бітірді. Алматы партия мектебін 1953жылы бітірді. 1941жылы жау тылына жіберілді.Украина мен Молдавияда партизандар отрядын құрып,оған басшылық жасады. «Жазушы», «Кайнар» баспаларында қызмет етті. Шығармаларына соғыс тақырыбын арқау етті. «Жас партизандар», Жау тылындағы бала» кітаптары шықты. Қасым Қайсенов 3-дәрежелі «Богдан Хмельницкий», екі мәрте 1-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
2 – жүргізуші: Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация училищесінде білім алып шығады.
1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса,соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Пайызхан. Отан-деген атамекен,
Отан-деген туған жер.
Отан-ара, Отан-пана,
Қазақстан—туған ел.
Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді.
1-Жүргізуші. Сарғая күткен ұлы күн,
Шұғыласын төккен күн.
Бағына талай миллионның
Баянды күн, Жеңіс күн.
2 – жүргізуші: Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға.
Әлибек. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігітіРақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
ӘН. Атамекен
1-Жүргізуші. Біз бұл көрінісімізде сұрапыл соғыс жылдарында қан майданға кеткен отағасы мен үш ұлын сарғая күткен ананың үміті.Соғыс аяқталып, азаматтар елге оралып жатты.Үш қыраны оралмаған ана үшін соғыс әлі аяқталмаған еді.Ол Жеңіс күнін сезінген жоқ.Үлкен ұлы тірі деген хабарды естігенде соғыс аяқталған екен деп ана мәңгіге көз жұмды.
Ана туралы баллададан көрініс.
Дауыс» Соғыс, соғыс, соғыс деген сөз естілді.
Қарт. Бұл не хабар, не болып барады бұл дүние\Қарғыс атқан қанды соғыс.Қаншама адамның қанын шашып, жер жастандырды. Осы кезде ана күйеуі мен үш ұлын соғысқа аттандырады
Сымбат. Жанарынан ең соңғы жасы тамып,
Жығылды ол Карпаттан асып тұрып.
Жолдастары жіберді анасына,
Солдаттың қонышынадағы қасықты алып.
Ақтоты. Қасіреттің қара аты қанында ұйып,
Қарт ананы жайлады жалын, күйік
Ұзақ тұрды мұнартұан тау тәрізді
Қарапайым қасықтың сабын сүйіп.
Диас. Ойға батты қиялмен тау, құзды асып,
Майданды да шарлады қанды із басып,
Жан ұлының қалдырған бар мұрасы
Қолындағы қалайы, жалғыз қасық.
Сафаралы. Сүт кенжеңнің шаттығы мен қайғысын,
Басқалардан бұрын сезген байғұсым.
Қан төгіске қарсы қойдық біз бүгін
Жердің күшің, күннің күшін, ай күшін.
Ана. Сақтық керек. Менен туған үш ұлан,
Үш қыраным, тас қияға ұшырған.
Үш офицер, құлыншағым, ақ ботам,
Рауандай рухыңа ұсынам.
Ұлбосын. Қайран шеше, Жымиғаның зерікпей,
Кімді қойған елжіретпей, ерітпей.
Әлі көптей бір өзіңе сыйлығым,
Бар жақсылық өз қолында өріктей.
Зияда. Келе жатыр мүгедек,
Демеушісі—қос балдаққа асыла.
Жерде жатқан үзім нанды алды да
Қойды ағаштың басына.
Наурызбек. Ағаш аяқ солдат.
Мен ағаш аяқ солдатпын,
Аяқ барда жорық жолын шаңдаттым.
Шолақ қол жауынгер.
Мен ағаш қол солдатпын,
Оң қолыммен шүріппе басып оқ аттым.
Соқыр солдат.
Мен көзім жоқ солдатпын,
Көзім барда қас жауларды көздедім.
Сақау солдат.
Мен сөзім жоқ солдатпын,
Тілім барда оқтай ұшты сөздері
Зиада. Ей, дүние, зағиптарды тыңда сен.
Ей, дүние, алыптарды тыңда сен.
Олар қолын, аяқтарын бермесе,
Ей дүние, сен түрегеп тұрмас ең!
Нұрболат. Ей жас жігіт, омыраулап аптықпа,
Мына сөзді сен шын ұқ.
Осы ағаңның, осы адамның арқасы
Сенің күлкің, дүкендегі молшылық.
Кең әлемге азат күнді, ақ күнді,
Шығарғын-ды кім сүйреп.
Мүгедектер,қос балдақты батырлар
Кетіпті ғой тым сиреп.
Зияда . Белгісіз солдат, тыңда біздей ұландарды.
Тыңда әлем тыныштығын!
Асия Шашырап бір шыққан күндей боп,
Араласты жалын шашып гүл мен от.
Жүрегінің оты өшкен сол солдат
Мәнгі от боп қалатынын білген жоқ.
Диас «Соғыс бітті,
Бітті қанды дауыл да.
Деп қуанды ауылдағы
Үлкен- кіші бауырлар»
Гүлсім. Егер соғыс аяқталса
Шалым мен үш ұлым
Оралмай ма ауылға.
Зарықтырып
Жеткенменен жеңіске
Қарық қылып.
Кенелткенмен ел үшін
Жүрегімде майдан әлі біткен жоқ
Соғыс әлі жүріп жатыр мен үшін.
Сафаралы. Дейтін ана
Ашу ыза кекпенен.
Қарсы алса да
Жеңіс күнін көппенен.
Төрт арысын толғанады еске алып,
Күткен күнге дәм-тұздары жетпеген.
Сымбат. Оралмады, күткенменен зарығып,
Өшті ақыры
Көкейдегі бар үміт.
Күн қағар ғып қарауды да қойды ана
Жалғыз аяқ жол жаққа да жалығып.
Аружан. Айтылмаған,
Айтылатын жыр көп.
Қан майданның қайғысы мен сыры көп.
Адам сенбес хабар келді бір күні
Қарт ананың үлкен ұлы тірі деп.
Асия. Демеді ешкім
Азаматтар жиылсын.
Сезінбеді болатынын қиын сын.
Әйелдері жүгірісіп ауылдың
Елден бұрын сұрамақ боп сүйінші
Бірінен соң бірі кеп
-Апа, ұлың тірі екен, тірі деп.
Зияда. Айтқан кезде құлай берді қарт ана
Жалғыз ауыз сөзге ғана тілі кеп.

Гүлсім. Тірі ме екен, құлыным?!
Аружан. Тағдыр кейде
Сан тарапқа тарта ма,
Өмір сынын
Өлшеусіз көп арта ма.
Соғыс енді аяқталған екен деп
Қуаныштан жүріп кетті қарт ана.
Нурболат. Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына егемен ел болып, емен-жарқын өмір сүрудеміз. Біз жас ұландар Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды мәнгі естесақтаймыз! Соғыста ұл-қыздарын жоғалтып, қайғыдан қасірет жұтқан аналарға бас иеміз!
Бәрі тағзым етеді.

1-Жүргізуші. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
2 – жүргізуші: 112-адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, соның ішінде қазақстандық ұшқыш Нүркен Әбдіров пен минометші Қарсыбай Сыпатаев та бар.Ордабасылық 5 батырымызды атап өту орынды деп таптық. Олар:Қарсыбай Сыпатаев,Ысмайлов Сыдық,Берген Исаханов,Бейсен Оңтаев.
Нұрболат. Қарсыбай Сыпатаев Төрткүл ауылдық округіндегі бұрынғы Көктөбе қонысында 1918жылдың 15 сәуірінде туылған,Осындағы Көктөбе қалхозында есепші, Шаян аудандық партия комитетінде нұсқаушы болды Отан қорғауға 1942жылы аттанған,Оңтүстік майданның 4-атты әскер корпусы 61-атты әскер дивизиясының 13-дербес артиллерия дивизионы құрамында ұрысқа қатысқан,Сталинград шайқасында асқан ерлік пен батырлық көрсетті, 22-қарашада «Красный герой» қалхозының маңындағы қанды қырғында жаудың бір взводұа жуық жаяу әскерін жойып жіберді, 26-қарашада Шарнутовск елді мекені түбінде Сыпатаевтың миномет расчеті 36 танкімен айқасқа түсті,Қасындағы миномет расчеттері істен шығып , Қарсыбай қолындағы қалған жалғыз минасымен танкінің астына құлады, Осы қаһармандығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының 1943-жылғы 17-сәуірдегі Жарлығымен Кеғес Одағының Батыры атағы берілді,Туған ауылында және білім алған Шымкенттегі 7 орта мектепке Сыпатаев есімі беріліп, ескерткіш қойылған,Сыпатаев Ленин орденімен марапатталған, 1942 жылы 22-желтоқсанда «Сталинградты қорғағаны үшін» Осы батырларды мәңгі есте сақтау үшін 1963-67 жылы Мамай қорғанында мемориалды кешен салынды, «Сталинград шайқасы» мұражай-панорамасы ашылды
Ұлболсын. Берген Исаханов 1942 жылдың қарашасында 65-армия, 69-атқыштар дивизиясының 120-атқыштар полкі құрылды да, Берген полкте қатардағы сарбаз болып қалды.Берген Исахановтың взводына Днепрдің арғы бетіне өтіп, барлау жүргізу, «тіл» әкелу керек деген аса маңызды тапсырма берілді. Ол қасындағы үш сарбазымен ойдағыдай орындады. Бұл еңбегі үшін аға сержант Берген Исаханов «Ерлігі үшән» медалімен марапатталды.Днепр-Карпат операциясында қаншама мықтылық көрсеткені үшін 65-армияның 28 ержүрек жауынгеріне Совет Одағының Батыры деген құрметті атақ берілген. 1944 жылы 28батырды Брест стансасындағы офицерлер курсына жіберді.Берген кіші лейтенант дәрежесінде өз полкіне қайта оралды.Взвод комиссары Ж. Мейірбеков Бергеннің жақын жолдасы еді. Полша мен Германияның шекарасына барып қалған полк пен командирі Берген Исаханов оң қолынан жараланды.Қанша үгіттелгенімен батыр қолын кесуге қарсы болғандықтан оны Ташкент қаласындағы Орта Азия госпиталына жіберді.Оң қолында қалған оқ қалдықтарын алдырды.Б. Исаханов өз взводыма барсам дегенімен, жете алмады.Ол 1945жылдың 9-мамыр Жеңіс күнін госпиталда тойлады.Осы жылдың қыркүйегінде Берген Исаханов офицер болып туған жеріне оралды.
Зиада. Бейсен Сейітұлы Оңтаев(3.5.1922, Оңтүстік Қазақстан облысы,Ордабасы ауданы,Қарааспан ауылы - өлген жылы белгісіз) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер,қазақ. Ата-анасынан жастай жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс қарсаңында Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын бітіріп, Отырар, Мактаарал аудандарында жер суландыру жүйесінде жұмыс істеген. Кеңес әскері катарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, Орталық майдан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шабуылдардың бірінде бекінген жау жаяу әскерге бас көтертпеді. Оңтаев бастаған 13 жауынгер жер бауырлап жау траншеясына жетті. 10 танкіні қалқалаған 200-ден астам жау әскері аз ғана топқа қарсы ұмтылды. Ал барлаушылар 4 танкіні талқандап, 80-нен астам жау әскерін жойды. 1943 жылы15 қазанда Радулі деревнясы (Украина, Чернигов облысы,Репки ауданы) маңында Днепрден өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Оңтаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943). Соғыстан кейін Шымкент педагогикалық институтын бітіріп, мектеп директоры қызметінде болды. Туған ауылына, сонымен қатар орта мектепке Оңтаев есімі берілген. Ленин, l-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Наурызбек. Ысмайлов Сыдық
Қорытынды. 1- жүрг: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
2-жүрг: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
1- жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
2-Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

1-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
2-Жүргізуші: Құрметті көрермендер бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ер есімі-ел есінде» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келіп тамашалағандарыңызға көптен – көп рахмет. Сау болыңыздар!
Ән. Әрқашан күн сөнбесін.
loading...

Автор: Меңлібекова Гулзағира Мынбосыновна

"Ынтымақ" негізгі орта мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Тәрбие сағаты | Қосты: Пернебаева_Салтанат | Ілмек сөздер: ел, есінде, есімі, ер
Көрсетілім: 1865 | Жүктеулер: 734 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0