Сайт учителя начальных классов
.
Сынып жетекшісі:Бибекова Мадина

2015 жыл
10 «Б» сыныбының ұйымдастыруымен өткізілген ашық тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
Діни экстремизмге қарсы күрес
Мақсаты:Оқушыларғаэкстремизм, терроризм терминдері жайлы түсінік беру, ҚР лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, туралы және олардың қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру; келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Жоғары сынып оқушылары діни экстремизм және терроризмнің қауіпті салдарлары туралы түсінік қалыптастырады, азамат ретінде қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұра алады. Елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін өз үлестерін қоса біледі. Ролдьдік ойындар арқылы ситуациялық жағдайларды шешуді және өз ойы мен пікірін еркін, дәлелді жеткізуге үйренеді.
Жұмыс түрі:конференция
Қатысушылар:10 «Б» сынып оқушылары
Көрермендер:9-10-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және пән мұғалімдері
Өтілетін орны: Актзал
Әдістері:пікірлесу, сұрақ-жауап, презентациялар мен видеороликтер
Көрермендермен жүргізілетін жұмыс түрлері:Дебат әдісі, ашық сұрақтар

Тәрбие сағатының жоспары:
І. Кіріспе: «Шыңғыс пен шындық»
ІІ. Негізгі бөлім:
1. «Экстермизм, терроризм» туралы таныстырылым арқылы оқушылармен осы теріс бағыттар туралы пікіралмасу: Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?
2. Залдағы көрермендермен сұрақ-жауап
3. Залдағы оқушылармен рольдік ойындар ұйымдастыру. «ТВ-шоу»
4. «Тәубеңе кел» (видео)
ІІІ. Қорытынды: Ойды түйіндеу
ІV.Кері байланыс: «Басбармақ»

Ресурстар:
1. Кинопроектор, ноутбук
2. Видеоролик: «Шыңғыс пен шындық»
3. Презентация: «Діни экстремизмге қарсы күрес»
4. Презентация:«Экстремизмнің алдын- алу»
5. Презентация: «Тәубеңе кел»

ID: 1247 | Просмотров: 6517