Сайт учителя начальных классов
.
Ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.
ә)Үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
б) Әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін
арттыру.
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Әдептілік - әдемілік» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.
Әдепті болу әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақын қасиеті. Әдепті бала болашықта өзін жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.
Жас ұлан жаны сұлу жайраңдаған,
Сендерді жалынды ету арман маған!
Ел болам десең түзе бесігіңді,
Деп айтқан даналарға қайран қалам!

Рауан:
Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.
Бағдат:
Атам маған әмандә,
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Жасмин:
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Шоқан:
Атам маған әмандә
Кішіпейіл бол деген.
Атам сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Мерей:
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Ернұр:
Атам маған әмандә,
Әдепті бол деген
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
Айда:
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
Балауса:.
Қолынан мұндай баланың,
Күш болады күш десе.
Іс келеді іс десе
Шынығып өсіп толады
Үлкен жігіт болады.

Ендігі кезекте Ән. «Бала тілегі».орындайтын:
Сіргелі Бағдат
Зекиров Рауан
Құдайбергенов Мерей

Нұрислам:
Қағыл естіп қылтыңдайды баладай,
Ниеті ақ пейіл кең даладай.
Кімге болсын қарттық жетер алаңдап,
Мәпелеңдер қарт біткенді аямай.
Арай:
Атамыз біздің панамыз,
Атамыз біздің данамыз.
Атадан ақыл аламыз
Атадан адам боламыз.
Рамазан:
Тұра тұршы есейгенше ұл-қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек ақ әже-ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың.
Шындаулет:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Аружан:
Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскені.
Адамдықтың белгісі
Адам болып өскенің.
Суретпен жұмыс.
Сурет бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым-қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу..
Көрініс: «Базардан қайтқан әжей».
Ойын. «Жалғастыр».
«Не істеуге болмайды?». Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан ......(кесіп өтуге болмайды.)
- Табиғатты ................ ........ (ластауға болмайды.)
- Ата-ананы...............................(ренжітуге болмайды.)
- Кісінің затын .....................( рұқсатсыз алуға бомайды)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі.)
- Үлкен кісіге ..........................( көмек көрсету керек)
- Үлкен кісіні ...............................(сыйлау керек)
- Үлкендерге ............................(сәлем беру керек)
- Кішілерге ...............................(қамқорлық жасау керек.)
Жандаулет:
Көршілерді көргенде,
Сыйлай сәлем беремін.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Мейрамбек:
Болашақ алды ұрпаққа
Сілтеген түзу жолдарын.
Балалар түсін оны-ойла
Қарттар асқар тауларың.
Жанболат:
Шыңына шығып биіктің,
Мансапқа жетер қолдарың.
Ұмытпа сонда қадірің,
Қарттар асқар тауларың.

Өлең. «Не деу керек?» Ә. Дүйсенбиев.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, дәмдісін
саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
- .... айтып жеу керек.

Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршіңді,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
- ... ! –деу керек.

Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді?
- ... ! – демедім.
Қорытынды.
Міне балалар, әдептілік жайлы білдік .

Әдепсізге қарап не істемеуді үйрен.

Сіз деген әдеп, біз деген көмек.

Мейірімділікті данадан үйрен,
Әдептілікті анадан үйрен.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Әдептілік белгісі.
Иіліп сәлем бергені.

Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.

Мына суретке қарап әңгімелеу.
Хор. «Әрқашан күн сөнбесін».
Мұғалім:
Ал, балалар, бойымыздағы әдептілік қасиеттер, жүрегіміздегі ыстық тілектер әрқашан осы күннің нұрындай сөнбесін деп, күннің шұғылалы шуақтарын жабыстырып шығайық.
Әдеп. А. Естенов.
Әдеп, ізет, иба да - Әдеп – алтын сабырың,
Шарайнасы жаныңның. Жетелейді мұратқа.
Әдептіні сыйла да, Әдеп – талап, жалының,
Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа дей отырып, осымен біздің «Әдептілік- әдемілік» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар аударып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

ID: 1550 | Просмотров: 6473