Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Әдепті қыз. Әліпби.
[ Сайттан жүктеу (18.8Kb) ] 04.12.2015, 14:03

Материалдың жеке номері 2244

Әдепті қыз. Әліпби.

загрузка...
Сабақ тақырыбы: Әдепті қыз. Әліпби.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға әліпбидегі әріптердің ретін меңгерту, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру; оқушыларды сөйлеу мәдениетіне жетелей отырып, сөздік қорын молайту, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әліпби кестесі. Әдептілікке байланысты суреттер, слайдтар., тілек ағашы.
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың ойын жинақтап, назарын сабаққа аудару. (слайд)
II.Өткен сабақ бойынша:
-Балалар, бүгін біз сендермен «Білім еліне» саяхатқа шығамыз.
- Балалар, білім деген не?
- Білімді қайдан алады?
- Білім – бұл оқу, білім кітапта. Алғаш білім алу балабақшадан, мектептен басталады. Білім – кітапта, оқулықта болады.
-Қане, енді білім туралы қандай мақал білесіңдер?
«Білім таусылмайтын бұлақ», «білім тңіз түбі де, шегі де жоқ» «Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі», «Білгеніне емес, біліміңе сен» т.б.
III.Енді «Білім еліне» бару үшін бізге оқу құралдары керек болады.
Олай болса, мына сөз жұмбаққа қараймыз. Мына жолдарға оқу құралдарының атын қойып жазып көрелік.
дӘптер
қаЛам
кІтап
Парта
саБақ
канИкул
Сөз жұмбағымызды шешіп келгенде ортада қандай сөз пайда болды?
IV. Үй тапсырмасы «Әліпби» өлеңін жатқа айту.
Әліпбиді әліппе оқулығынан танып берілген әріптердің ретті тізімі орналасады.
Сұрақтар:
1. Әріп деген не? Дыбыс деген не?
2. Әліпби неше әріптен тұрады?
3. Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыс деген не?
5. Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?
6. Дауыссыз дыбыс деген не?
7. Дауыссыз дыбыс неше түрге бөлінеді?
8. Буын неден құралады?
V.Фильмнен үзінді.
Оқушылар назарымызды экранға аударайық.
- Бұл фильмді көргендерің бар ма? Кім бұл киноның атын біледі?
«Менің атым Қожа» фильмі. Бұл, балалар, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың жазған кітабы желісі бойынша шығарылған кино.
- Осы көріп отырғандарыңыздай фильмдегі Қожаның мінез-құлқы, тәртібінен не байқадыңдар? Қожаның іс әрекеті әдептілікке жата ма\№
- - Жоқ әрине. Жасап жүрген ісінің бәрі тәртіпсіздікке , әдепсіздікке жатады.
VI. Оқулықпен жұмыс. 107-жаттығу. «Әдепті қыз» мәтінін оқу.
1.Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар тізбектеп оқиды.
3. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Мәтін кім туралы?
- Маржан қандай қыз?
- Маржанды әжесі неге үйреткен?
- Әжесі Маржаннан не деп сұрады?
- Маржан әдептілігін кімге көрсетіп жүрді?
- Ол атасына таңмен не деп айтады?
- Атасы не деп жауап қайтарады?
- Ертеңгі астың алдыңда атасы не деп айтады?
- Атасы қандай бата береді?
Сонымен әдептілік деген – ең әуелі сәлемдесіп, амандасудан басталады. «Сәлем - сөздің анасы» деп бекер айтпаған. Қандай орындарда болмасын, өзіңнен үлкен адамдарға сәлемдесу керек. Ал өзіңнен кішіге қамқор болу керек. Бұл әдептіліктің ен бастысы.
VII.Сөздікпен жұмыс.
Тілі шыққаннан бастап – сөйлей бастағаннан
Құшып – құшақтап
Әдептілік – ізеттілік, сыпайлық
Тәбет – тамаққа ықыласы
Қане , әдептілік туралы қандай мақал білеіз?
«Сіз» деген – әдеп
«Біз» деген – көмек
Әдепті бала ата анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата анасын қақстар.
«Әдептің не екенін –
Әдепсіз адамды көргенде білерсің»
Әдепті бала, арды бала
Әдепсіз бала, сорлы бала.
VIII. Дәптермен жұмыс
1. Мақалдардың жалғасын тап.
2. Кішіпейілдікті білдіретін сөздерді жаз.
Ғафу етіңіз, кешіріңіз, сәлеметсіз бе? Айып етпеңіз. Т.б.
IX. Cергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз онға бір
Бұрыламыз солға бір
Дене шынықтырамыз
Орнымызды табамыз.
X.Тақтамен жұмыс. 108-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді әліпби ретімен жазу.
Аңш..., бұт...қ, кепт...р, жылғ..., құм...рсқа, толқ...н.
XI. Топпен жұмыс.
1. «Өз орныңды тап» ойыны бойынша екі топқа үлестірме қағазда сөздер беріледі. Сол сөздер ішінен 1-ші топ әдепті балаға қатысты әрекет мінездерді, 2-ші топ – әдепсіз балаға қатысты әрекет мінездерді өз орындарына апарып ілу керек.
- әдепті бала, әдепсіз бала, ізеттілік, ақылсыз,сыпайлық, тәртіпсіз,сәлемдесу, салақтық, ақылды, жалқау, ақылды, білімді, өсекшіл, тәртіпті, өтірікші, ұқыпты, мақтаншақ, сыйлау, еріншек.
2. Кестеден жуан және жіңішке айтылатын сөздерді белгілеу.
1-топ – әдепті қасиеттер (жуан, жіңішке)
2-топ – әдепсіз қасиеттер (жуан, жіңішке)
XII. Сабақты қорыту.
1. Тілек айту. Біз бір сынып оқушыларымыз. Мектеп біздің екінші үйіміз. Біз бір отбасы балалары сияқтымыз, бір бірімізді сыйлап әдептен озбай достықта, бірлікте боламыз. бір – бірімізге қамқор боламыз. Сондықтан сабағымыздың соңында бір - бірімізге тілек айтып, тілектеріміз жүректен орын алсын.
Оқушылар бір бірінің қолдарынан ұстап, сабағыңды беске оқы, денсаулығың жақсы болсын, бақытты бол, ата ана айтқанын тыңда, сен менің досымсың, сыпайы бол, ұқыпты бол, оқуды жақсы аяқта деген тілектер айтады да стикерлерін «Тілек ағашқа» іледі.

2. «Мен әдепті баламын» әні орындау.
ХІV. Үйге тапсырма. «Әдепті қыз»мәтіні оқу, мазмұндау.
109 – жаттығу орындау.
ХV. Бағалау.
loading...

Автор: Жакупова Нурбану Тургунбаевна

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин селосы

Бөлім: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 1127 | Жүктеулер: 477 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 8
Қонақтар: 8
Тіркелгендер: 0