Қазақстан – менің Отаным

  • Жүктеулер: 596
  • Көрсетілім: 1398
  • Тәрбие сағаты
  • 11/Окт/2015
Күні: 1.09. 2015ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың Қазақстан туралы бiлiмдерiн кеңейту.Отанын сүюге,байлығын қорғауға, елжандылыққа,әсемдiкке,жауапкершiлiкке тәрбиелеу.Өнерге деген қабiлеттерiн дамытып,елге, жерге деген патриоттық сезiмдерін ояту.Ел рәмiздерiн ,тарихын бiлу.
Көрнекiлiгi:
Плакатқа жазылған Отан,ел рәмiздерi туралы өлең,оқушылар шығармашылығы, буклеттер.
1.Кiрiспе

Қанатты сөз:1. Туған жер алтын бесiк.

2.Отан!Отан!
Бәрiнен биiк екен ,
Мен сенi мәңгiлiкке сүйiп өтем.
М.Мақатаев

Әнұран орындау
Армысыздар, құрметтi ұстаздар,оқушылар?
«Қазақстан – менің Отаным » тақырыбындағы тәрбие сағаты ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық» дейдi халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентiнiң өзегiн өртейдi, ешкiмге тәуелсiз болса,мақтаныш алауын маздатады.
ХХ ғасырдың соңғы 16 жылында тәуелсiз мемлекет ретiңде әлемге танылған Қазақстанның әрбiр Отансүйгiш азаматының кеудесiне осындай сенiмнiң өшпес оты тұтанған.
Менiң туған өлкем - кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менiң ақ бесiгiм. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексiз сүйіп, әрқашан аялап,қорғап жүреміз.
Отаным - алтын бесiгiм
Тербеттiң менi төсiңде.
Жүредi сенiң есiмiң
Ер жеткен кезде есiмде.

Отан-тарих.Отан-тiл
Жасаған елiң,өз халқың.
Отан-өлең,Отан- жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Слайдпен таныстыру
ІІІ. Негiзiгi бөлiм:

1. 1990 жылы 25 қазанда Республика Жоғарығы кеңестiң сессиясы Қазақ ССР- нiң мемлекетiк егемендiгi туралы Декларация қабылдады.
2. Қазақстан –бiздiң сүйiктi атамекенiмiз.1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның
тарихындағы ұлы күн.
3. Сол күнi Қазақсан өзiнiң тәуелсiздiгiн жариялады.Қазақ халқы ғасырлар бойы
аңсаған арманына жеттi.
4. 1991 жылы 21 желтоқсанда Тәуелсiз мемлекеттер Достық Одағы құрылды.
5. 1992 жылы 28 қаңтарда Қазақстанның Ата Заңы Конституция қабылданды.
6. 1993 жылы маусымның 4-де Қазақстанның басты нышандары - мемлекеттiк Туын,Елтаңбасын ,Әнұранын бекiттi.Тәуелсiз ел нышандары - халқымыздың бай рухани мұрасы мәдениетiмiз бен өнерiмiздiң мол тәжiрибесiне негiздей жасалынды.
7. Бәрi болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгi де, ерлiк ,өнер де.
Жахандағы ең жауынгер халықта
Кiм сенедi ,Ту болмады дегенге?
Ту авторы : Шәкен Оңдасбекұлы Ниязбеков
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркiнi байрағынан таныған
Өзi ақын,өзi әншi халықта
Кiм айта алар болмаған деп-Әнұран?
Әнұран авторы: Е.Брусиловский,Л.Хамиди ,М.Төлебаев
Сөзiн жазғандар: Ж.Дәрiбаева,М.Әлiмбаев,
Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев
8. Бас бiлгiзiп жер тарпаңға
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды
Түлiгiне дейiн салса ен таңба?
Елтаңба авторы: Шота Аман Ыдырысұлы Уәлиханов
9.
Қазақстан Республикасының азаматтары,сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге мiндеттi.

Мұғалім: Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,әнұранымен айбатты Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық.
Отан, туған жер туралы мақал айту.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
1 -жүргiзушi:
Отаным –Қазақстаным.Туған жерiм,Туған елiм.
Елiм-Қазағым.
2 -жүргiзушi:
Өмiрiмiздi,өзiмiздi көрiп
1 -жүргiзушi:
Әнiмiздi,жырымызды тыңдап
2 -жүргiзушi:
Ерлiгiмiздi,тiрлiгiмiзге қарап
1 -жүргiзушi:
Тұрқымызды ,ғұрпымызды көрiп
2 -жүргiзушi:
Өзiмiздi,сөзiмiздi тыңдап

1.Оқушылар салған суреттерi бойынша ой толғап,
шағын шығармаларын оқиды.
2.Өздерi шығарған өлеңдерiн оқиды.

Отан туралы сөзжұмбақ шешу
І қатар

О


1. Ыдыстың аты?
2. Төрт түліктің бірі?
3. Ең жақын адам?
4. Ас атасы?

ІІ қатар


1. ... ..... білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
2. Әкеннің әкесі саған кім болады?
3. Көкөністің бір түрі?
4. Екі таңбалы сан?

Автор: Сейтқалиева Галина жайшылыққызы

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Шоқысу негізгі мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.