Қазақстан байрағым

  • Жүктеулер: 777
  • Көрсетілім: 1382
  • Тәрбие сағаты
  • 09/Ноя/2015
Бекітемін:___________________________________ Күні: _____________

Тақырыбы: "Қазақстан байрағым"
(4 - сыныптар арасында сурет байқауы)

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, слайд.

І Ұйымдастыру бөлімі:

- Саламатсыңдар ма, құрметті сурет байқауына қатысушы 4 сынып оқушылары! Бүгінгі байқауда сендерге сәттілік тілеймін.
- Ал, енді сурет байқауына қатысушы оқушылармен таныс болайық.

4 «А» сыныбы: 1. Раушанбек Бақдәулет
2. Қайратқызы Алтынай

4 «Б» сыныбы: 1. Жоламан Нұрсила
2. Қайрат Дәулет

4 «В» сыныбы: 1. Агушева Таңшолпан
2. Ортай Арайлым

4 «Г» сыныбы: 1. Айтбекқызы Жанира
2. Кажмахан Рамазан

ІІ. Ой қозғау.

1 – бекет. «Қазақстанның елордасы - Астана».
- Балалар, Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады?
- 1 желтоқсан 1991 жылы.
- Қазақстан Республикасын өз Тәуелсіздігін қашан алды?
- 16 желтоқсан 1991 жылы.
- Астанамыз 10 жасқа қашан толды?
- 10 маусым, 2008 жылы.
- Астана Қазақстанның нешінші астанасы?
- 4.
- Елорда ажарын асқақтатар орындар?
- Бәйтерек, «Қазақ елі» монументі, «Ақорда», «Думан» ойын-сауық орталығы т.б.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

ІІІ. Жаңа ақпарат.

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

ІҮ. «Серпілген сауал»

2 – бекет. «Ұлттық Рәміздер».
- Елтаңбаның авторы кім?
- Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
- Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?
- Теңге, 15 қараша 1993 жылы.
- Еліміздің Рәміздері қабылданған күн?
- 4 маусым 1992 жылы.
- Қазақстан туының авторы кім?
- Шәкен Ниязбеков.
- Қазақстанның Ата Заңының қабылданған күні?
- 30 тамыз 1995 жылы.
3 – бекет. Қазақстанның қалалары.
- Алтын адам табылған жер?
- Есік қорғаны.
- Қазақстанның алғашқы қаласы қалай аталады?
- Орынбор.
- Желтоқсан көтерілісі өткен қала?
- Алматы.

Ү. Балалардың жеке шығармашылықтары.

- Балалар, енді сендер «Қазақстан байрағым» деген тақырыпта өз шығармашылықтарыңды бейнелеп бересіңдер.

ҮІ. Қорытынды.

Самұрық құс көлбей қағып қанатты,
Қонды келіп, бәйтерекке дарақты.
Шаңқылынан бүкіл дүние оянып,
Елімізде «Тәуелсіздік» таңы атты.

Әнге салып, ерекше ақты Есіл де,
Күллі ғалам құлақ түрді осы үнге.
Хан Абылай армандаған «Ақ орда»,
Бой көтерді Сарыарқаның төсінде.

Көк байрақпен жаның бірге жалындап,
Ән ұранда қан тулатар бар ырғақ.
Ұлтпен бірге қалып еді қуарып,
«Бәйтерегім» бой көтерді тамырлап.

Еңсе тіктеп, елге айналып Егемен,
Нығыметін төгіп Алла төбеден.
Шаңырағым биіктеді, керілді, -
Кенесары арман еткен керегем.

Тұрушы еді бір мұң басып еңседен,
Еріді енді жүректегі шер-шемен,
Елге айналдық азаттықтың айшығын,
Бас қаланың көркіменен өлшеген.

Шешілді енді құлдық қамыт, тас етік,
Азат елге арман алдан аш есік.
Бейбітшілік ұранымыз екенін,
Тұрған жоқ па «Пирамида» паш етіп.

Қиялымыз шындықпенен астасты,
Әлем жылы қабылдады «жас досты».
«Хан шатырда» қаны тулап қазақтың,
«Үш жүз» емес, бүкіл әлем бас қосты.

Қанша түнек тұрғанымен тұмшалап,
Жайды бүгін бүршігінен гүл сабақ.
Өсуде елім, өркендеуде, өрлеуде,
Аңыздағы «Алпамыстай» күн салып.

Елтаңбам бар, елдігіме мың алғыс,
Көк байрақпен ұлтқа берсін ұран күш.
Көк аспанда тыныштығын елімнің,
Күзетіп жүр күн астында қыран құс.

- дей келе, бүгінгі «Қазақстан байрағым» тақырыбындағы 4 сыныптар арасындағы суреттер байқауы өз мәресіне жетті. Келіп, қатысқандарыңызға көп, көп рахмет!

Автор: Прманова Әйгерім Уәлиханқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы № 201 орта мектеп - лицей

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.