Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Қазақ батырлары
[ Сайттан жүктеу (15.4Kb) ] 10.05.2015, 12:50

Материалдың жеке номері 1549

Қазақ батырлары

загрузка...
10.04.2015 ж. Айыпова Н.У.
1«Ә» сынып пәні:ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары
Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыту арқылы мазмұнын түсіндіру. Қазақ ба-
тырлары туралы, олардың қазақ өміріндегі маңызы туралы мағлұмат
қалыптастыру. Жаттығулар орындату барысында заттың санын білді-
ретін сөздерді табу, оларға сұрақтар қою, сөйлемдер арасынан ажыра-
та білуге дағдыландару.
Сабақтың міндеттері: 1. Өлеңді мәнерлеп оқытып, мазмұнын түсіндіру.
2. Өлеңді түсініп оқу арқылы қазақ батырлары жайлы мағлұмат беру.
Әр кезеңнің батырларымен таныстыру және салыстыру.
3. Заттың санын білдіретін сөздер туралы білімдерін жетілдіру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: ЖАДА, Топтастыру, «Ұқсастын пен даралық»,«Болжау» кестесі, «Бес жолды өлең»
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Қазақ батырларының суреттері, видеоролик, соғыс кезіндегі мазмұнды суреттер, мақал-мәтелдер.
Күтілетін нәтиже: 1. Әр кезеңнің қазақ батырлары туралы қосымша мәлімет алады.
2. Өлеңді түсініп оқу арқылы, батырлардың пайдасын түсінеді
3. Жаттығулар орындау барысында жуан дауысты дыбыс түрлерімен
танысады.
Сабақтың жоспары
Сабақтың бөлімдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Психологиялық дайындық кезеңі Оқушылармен сәлемдеседі.
Оқушыларға «Сәлем берем» өлеңін хормен қонақтарға қарап тұрып орындатады.

Түрлі түсті стикер жинау арқылы баға қоры жиналатындығы түсіндіріледі.

Мұғаліммен сәлемдеседі.
Хормен:
Ерте тұрып күнде мен,
Терезені ашамын.
Сәлем, - деймін Күнге мен,
Шаттық әнге басамын.
Айналама қарасам,
Ғажайыптар қаншама,
Сан жетпейді санасам,
Сәлем деймін баршаға.
Өлең жолдары арқылы қонақтармен сәлемдеседі.

Үй тапсырмасын сұрау 1. Абылай хан мәтіні бойынша түсініктерін сұрау
2.Абылай хан туралы қосымша
мәліметтер сұрау
3.Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы
4.Қазақтың басқа хандары туралы сұрау. Үй тапсырмасын орындайды.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту

Мағынаны ажырату

Әр топқа сұрақтар қою Жаңа сабақтың мақсат міндеттерін хабарлайды.
Видеоролик тамашалау
Оқушыларды қима қағаздарды бөліп беру арқылы топтарға бөледі.
«Жеңіс» тобы
«Батырлар» тобы
«Тәуелсіздік» тобы
Топқа осылай бөлінуіміздің қандай мәні бар деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың ойын толықтырады.
Оқулықпен жұмыс:
Өлеңнің шумағын оқытып, сол шумақ бойынша талдау жасап, өлеңнің мазмұны ашылады.
1.Олай болса өлеңде кімдер туралы айтылып тұр?
2.Жеңіс дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Тәуелсіздік туралы не білесіңдер?
Сергіту сәті: «Сарбаздар» әні
Қазақ батырларының қазақ елі үшін, жері үшін күрескендігі, сондай батырларымыздың арқасында жеңіске жетіп өз алдымызға тәелсіз мемлекет болып отырғандығымыз айтылып оқушылардың ойы толықтырылады.
Жаттығу орындату.


Оқушылар белгіленген орындары бойынша топтарға бөлініп отырады

Оқушылар өз болжамдарын айтады.Видеороликпен топ атауларының байланысы туралы айтады.

Оқушылар сұраққа жауап ретінде постер толтырады.

Әр топ қойылған сұрақ бойынша жауап береді.
Бұрынғы кездегі батырлар, ҰОС-ның батырлары, қазіргі кездегі батырлар, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, тәуелсіздік туралы ойларын білдіреді

Жаңа сабақты бекіту «Топтастыру»
Постер қорғау
Әр топ өз атауларын қорғайды.
Қорыту «Ұқсастықпен даралық» кестесін толтыру.
«Бес жолды өлең» Әр кезеңнің батырлары салыстырлады. Оқушылар әр кестеге екі кезеңнің батырларының ұқсастығы мен даралығын жазады.
«Батырлар» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.
Бағалау Оқушылардың жинаған стикерлерін санау арқылы бағалау Әр топ стикерлер санын санайды.
Үйге тапсырма Қазақ батырлары өлеңін үйге тапсырма етіп береді. Тапсырманы күнделіктеріне жазады.
loading...

Автор: Аиыпова Нуржамал

Тараз қаласы, №54 орта мектеп

Бөлім: Тәрбие сағаты | Қосты: Нұржамал07
Көрсетілім: 2319 | Жүктеулер: 581 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 24
Қонақтар: 24
Тіркелгендер: 0