Сайт учителя начальных классов
.
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: “Ата-аналардың әдептілігі” -

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: “Ата-аналардың әдептілігі”

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Тәрбие сағаты Загрузок: 1459 | Просмотров: 10261 | Размер: 37.5 Kb | Автор: Ұстаз
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: “Ата-аналардың әдептілігі”

Мақсаты: - Балалардың отбасында жиі кездесетін шиеленісті жағдайлар туралы ақпарат беру;
- ата- аналардың әдептілігі туралы мағұлмат беру;
- ата-аналардың өзара қарым- қатынасын нығайту, тәрбие тәжірибесін молайту.

Әдіс-тәсілдері: СТО элементтері, топтық жұмыс, пікір алмасу;

Барысы:
І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Мағынаны тану
ІІІ. Ой толғаныс

І. Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу үшінинтерактивтік әдіс қолданылады. Ол үшін 2 әннің аты жазылған қағаздар үстел үстінде жатады. Ата-аналар бір-бір қағаздан алады да, сол қағазда жазылған ән тақырыбы бойынша топ құрады.
Ұсынылған әннің тақырыптары:
1. “Арыс жағасында”
2. “Қайықта”

Топ мүшелеріне әннің 1 шумағын айтқызу.
Топтастыру стратегиясын пайдалана отырып, топтарға мынадай сұрақ қойылады: “Ата-аналардың әдептілігі дегенді қалай түсінесіз?”



ІІ. Мағынаны тану
Топқа бөлінген ата-аналарға мәтіндер беріледі. Ата-аналар алдымен берілген тапсырмаларды талдайды. Содан соң өз ойларын ортаға салады.

1-ші топ ата-аналарына:

Үлкендер мен балалар... Олардың қарым-қатынасы не нәрсеге негізделген?сіз баламен қарым-қатынас жасау туралы болып жатқанда алдымызда өзіне көңіл бөлуді ғана емес,сыйлауды да талап етіп тұрған,оның да адам екенін біз неге екені белгісіз,естен шығарамыз.
Балалық шақ-адам өміріндегі қайталанбайтын маңызды шақ.Балаға деген қарым-қатынасымыз о бастан қандай болса,баланың жеке басы соған қарай қалыптасады.Баланың жеке басының қасиеттерінің қалыптасуын дер кезінде байқау- келешекте оның жұртқа жақсылық ойлай білуі, ата-ананың қартайған шағын ескере, түсіне білуі біздің тапқырлығымызға байланысты.
Тыңдамайды, қасарысады, қыңырлық істейді, ал кейде тіпті өрескелдік етеді. Неге? Біз о баста баламен дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым- қатынас жасамағандығымыздан емес пе? Біз балалардың сөзсіз бағынышты болуын міндетті деп, сабырсыздық жасап, оларға бұйрық беруді өзімізге міндет тұтамыз.
Балалардың құқығын құрметтеу- бұл олармен қарым- қатынаста әдептілік көрсету; олармен сөйлесе білу және тыңдай білу, кейіген немесе шаршаған кезде де кедергі жасамай, ұстамды бола білу, балаға әсер ететін әдісті таңдай білу, оның адамдық құқын аяққа баспай, шын көңілмен қай жерде, қай кезде сөйлесуді таңдай білу, баланы түсіне білу, оның орнына бір сәт өзіңді қойып көріп, ұятқа қалмастай етіп, мәселені қалай шешу керек және ең бастысы- тәрбиелеу тәсілін таңдап алуда баланың жанын жәбірлемейтіндей болу керек.

2-ші топ ата-аналарына:

Кей жағдайда өзіміздің әдепсіздігімізден біз баланы да әдепсіздікке дағдыландырамыз. Бала жақсы болуға тырыссын деп оған өрескелдікпен қарау, бос әурешілік. Керісінше, бұл тек оны дөрекілендіреді, ол өсе келе дәл солай етіп өзіміздің алдымызға келтіреді.
Балалардың мінез-құлқы біздің көрсеткен үлгіміз. Отбасының үлкен мүшелері өздерінің қарым- қатынастарын дұрыс құру керек. Баланың көзінше сөйлескенде бала олардың үлгісімен мейрімді және абыройлы болуға үйренсін.
А.С.Макаренко: “Сіз балаңызды онымен сөйлескенде ғана тәрбиелеймін деп ойламаңыз. Сіз оны өміріміздің әр кезеңінде, тіпті өзіңіз үйде жоқта да тәрбиелейсіз. Сіздің ойыңыздың барлық бұрылыс- қалтарыстары белгісіз жолдармен балаға жетіп отырады, оны сіз аңғармайсыз” деп өсиет қалдырған екен.
Сізбен қатар адам өсіп келеді. Ол әлі кішкентай, сондықтан да , әсіресе көмекті, қорғаштауды, оның өсіп жетілуіне ақылды басшылықты қажет етеді. Оған тек қана оның балалығын түзеп, шыдап, құрметпен қараңыз. Ал баланың сізге деген сенімі мен ыстық сезімінің кепілі осында.

ІІІ.Ой толғаныс.
Ата-аналар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша өз ойларын ортаға салып талдаған соң жиналыстың басында жасалған топтастыру стратегиясына оралып жаңадан алған ұғымдарымен толықтырылады.

“Сіз қандай ата-анасыз?” тақырыбындағы тест жұмысы беріледі.
“Алақан” тренингі
Мақсаты: топтың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлғаның жағымды қарым- қатынасын орнату
Жүргізілуі: Әр топ мүшесі өзінің алақанын ақ параққа түсіреді. Алақан бейнесі ортасына өз аттарын жазады. Одан кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды оң жақтағы көршісіне береді, ал көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесінің жақсы бір қасиетін жазып, әрі қарай жалғастырады. Сөйтіп парақ жалғаса түседі, парақ қағаз өз иесінің қолына тигенде тренинг аяқталады. Жүргізуші барлық қағазды жинап алып, араластыруды өтінеді. Содан кейін жүргізуші әр қағаздағы тізілген әсерлі сөздерді оқиды. Қатысушылар оның кімге арналғанын тауып алуы керек. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып беріледі.

Жиналысты қорытындылау:

- Кездесуден өзіңізге қажет нәрсе таптыңыз ба?
- Келесі кездесуде не туралы сөйлескіңіз келеді?
- Қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

ID: 2200 | Просмотров: 10261