Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Ғасыр дертінен құтылған тәуелсіз Қазақстан!
[ Сайттан жүктеу (12.89Mb) ] 03.03.2015, 21:47

Материалдың жеке номері 753

Ғасыр дертінен құтылған тәуелсіз Қазақстан!

загрузка...
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "№7 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кузембаева Толкын Кабиевна
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ғасыр дертінен құтылған тәуелсіз Қазақстан!»
Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндірген Семей полигоны жайлы, оның зардаптары туралы түсіндіру. Оқушыларға 40 жыл бойы сыналып келген Семей ядролық сынақ поигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында, полигон сұмдығы жайында әңгімелеу, болашақ ұрпақты қасиетті ата-баба жерінің мұңын бөлісуге шақыру, Семей полигоны - қайғылы шындық екенін ұмытпау.
Экологиялық білімін арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа, табиғатты қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал деректері, бейнероликтер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, слайдтар О.Сүлейменов жайлы, Семей полигоны жайлы, әндер «Атамекен», «Елім-ай», «Қазақстан бақытты», «Қазақтай ел қайда»
Сынып сағатының барысы:
Бейнеролик «Семей полигоны», «Семипалатинский ядерный полигон»
Мұғалім сөзі:
Табиғаттың адамның ықпалымен бұзылуы, яғни табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы табиғи орта заңдылықтарын ескермеу экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы- нулы көкорай планетаны талай ғасыр мекен етіп келген адамдар ХХ ғасырдың қарсаңында өзен-көлді суалтып қу тақырға, жасыл шалғынды күйдіріп - күлге, тау мен далаға дамылсыз тәжірибе жасап тескілеп, үңгірлерге айналдыруда. Қазақстанда экологиялық зардапқа душар болған аймақтар бар. Мұндай аймақтар ағаштан жұрдай болып, суы тұзды, жері сортаң, ауасы лас болды.
Сол апатты аймақтардың бірі – Семей ядролық полигоны.
Адамзатты ғасырлар биігіне алып шыққан ғылым мен білімнің жемісі, адам атаулының өзін улап, оның өзін жер-бесіктің бетінен тып-типыл етіп жойып жіберуге әзір тұр. Енді тірі жанға жойылып кетудің қаупі төнді. Соның ең қатерлісі ядролық соғыс пен ядролық қаруды сынау болып отыр. Осындай жағдай біздің елімізде болған деуге аузың бармайды. Бұл жағдай осыдан 63 жыл бұрын, яғни 1949 жылы 29 маусымда Семей полигонында алғаш рет ядролық қаруды сынаудан басталған. Ол Семей, Қарағанды, Павлодар облыстары түйіскен жерде орналасқан. Жер көлемі 8372 км-ді қамтиды.Семей полигонында 500-ге жуық, яғни 467 рет ядролық сынақ өткізілді.
Әрбір ядролық сынақтың құны 30 млн сом болды.
Ән «Қазақтай ел қайда?». Орындайтын Рүстемов Уәли мен Данияр Ерден
1 оқушы: Тамирис: Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
2 ОҚУШЫ: АЯУЛЫМ: СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
3 ОҚУШЫ: УӘЛИ: СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОННЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗІЛУІ
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.
4 оқушы: Аманкүл: 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.
5 оқушы: Дильназ: Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
6 ОҚУШЫ: МӨЛДІР: СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНДАҒЫ СЫНАҚТАРДЫҢ АДАМДАРҒА, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ. ТҰҢҒЫШ АТОМДЫҚ ЖАРЫЛЫСТЫҢ РАДИОАКТИВТІ ӨНІМДЕРІ АЙМАҚТЫҢ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН ЖАУЫП ҚАЛДЫ. КӨРШІ ҚОНҒАН ӘСКЕРИ ОБЪЕКТІДЕ НЕ БОЛЫП ЖАТҚАНЫ ТУРАЛЫ ТИТІМДЕЙ ТҮСІНІГІ ЖОҚ ЖАҚЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕНІҢ СҰМДЫҚ ДОЗАСЫН АЛДЫ. ХАЛЫҚҚА СЫНАҚ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛМЕГЕН ДЕ ЕДІ. ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТАР ТУРАЛЫ ХАЛЫҚҚА 1953 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАНА ЕСКЕРТІЛЕ БАСТАДЫ. ОНДА АДАМДАР МЕН МАЛДЫ РАДИОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҒЫНАН УАҚЫТША КӨШІРУ, ОЛАРДЫ ҚАРАБАЙЫР ҚОРҒАНЫШ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ, ОРЛАРҒА НЕМЕСЕ КЕПЕЛЕРГЕ ЖАСЫРУ КӨЗДЕЛДІ.
7 оқушы: Аяжан: Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.
8 оқушы: Дамир: Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады.
9 оқушы: Аманкүл: Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
10 ОҚУШЫ: АМАНГЕЛДІ: СУТЕГІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ РДС-2 БҰЙЫМЫ ДЕГЕННІҢ ҚУАТЫ ЖАҒЫНАН СОҒАН ДЕЙІН БОЛЫП КӨРМЕГЕН. ЖАРЫЛЫСЫ 1953 ЖЫЛҒЫ 12 ТАМЫЗДА СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ ТӨҢІРЕГІН ТІТІРКЕНТТІ. ОНЫҢ ҚУАТЫ 480 КИЛОТОННА ЕДІ. ЖАРЫЛЫСТАН КЕЙІН ПАЙДА БОЛҒАН НАРТТАЙ ЖАНҒАН РАДИОАКТИВТІ ГАЗДАРДЫҢ САҢЫРАУҚҰЛАҚ СЕКІЛДІ БҰЛТЫ 16 КИЛОМЕТР БИІКТІККЕ КӨТЕРІЛДІ. ОСЫ ЖАРЫЛЫСТАН КЕЙІН РАДИУСЫ ОНДАҒАН КИЛОМЕТР БОЛАТЫН ЖЕРДЕ ДАЛА ШӨПТЕРІ БІРНЕШЕ КҮН БОЙЫ КӨГІЛДІР СӘУЛЕ ШЫҒАРЫП ТҰРДЫ.
11 оқушы: Мағжан: 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.
12 оқушы: Әлішер: Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты.
13 оқушы: Аяулым: 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.
14 ОҚУШЫ: ТАМИРИС: 1989 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНЫНДА СЕМЕЙДЕГІ АТОМ ПОЛИГОНЫН ТАБУ ҮШІН КҮРЕСТІ БАСТАУҒА ҰЙҒАРҒАН «НЕВАДА - СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ МИТИНГІСІ ӨТКІЗІЛДІ. ОНЫ БАСҚАРҒАН – БЕЛГІЛІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ. СОЛ ЖЫЛДЫҢ 6 ТАМЫЗЫНДА СЕМЕЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРАУЫЛ АУЫЛЫНДА ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ СЫНАУҒА МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТЫ КСРО ЖӘНЕ АҚШ ПРЕЗИДЕНТТЕРІНЕ ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАНДЫ.
15 оқушы: Ерден: Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады.
Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады.
16 оқушы: Уәли: Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.
17 оқушы: Мөлдір: Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Облыстық байқауда табиғат жайлы жазылған өлеңдер бойынша Алғыс хатқа ие болған Рүстемов Уәлидің өз шығармашылығы бойынша «Қастерлеймін сені, әсем табиғат!» өлеңі оқылады.
Мұғалім сөзі: Қазақ жері, қазақ халқы қырық жыл бойы адам өмірін улап, жалмап жатқан аждаһаны көре тұра үнсіз қасірет шегумен келді. Мыңдаған адамдар кемтар болып қалды, көбі көз жұмды, мыңдаған сәби шетінеп полигон құрбанына айналды. Мұндай сұрапыл апатты 1945 жылғы Хиросима мен Нагасакидегі адам қырғынымен ғана салыстыруға болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты мен көрегенділігінің арқасында біз, қазақ елі – егеменді елміз, «ядролық қаруға» тыйым салған елміз, бейбітшілік пен тыныштықта еркін өмір сүріп жатқан елміз. Енді ешқашан аспанымызды қайғы бұлты торламасын! Еліміз - тыныш, жеріміз – бай болсын! Жасасын тәуелсіз қазақ елі!
18-оқушы: Қанағат
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
19-оқушы: Әбілқайыр
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
20-оқушы Нұралы
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
19-оқушы: Аяужан
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
20-оқушы Айдос
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
21-оқушы Ұлжан
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.

Сынып оқушылары хормен «Қазақстан бақытты» әнін орындайды.
loading...

Автор: Кузембаева Толкын Кабиевна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "№7 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Тәрбие сағаты | Қосты: kuzembayeva_tolkyn | Ілмек сөздер: полигон, экология, семей, Табиғат
Көрсетілім: 1935 | Жүктеулер: 697 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 46
Қонақтар: 46
Тіркелгендер: 0