Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Ананың тілі- жүректің үні.
[ Сайттан жүктеу (29.1Kb) ] 05.10.2015, 20:43

Материалдың жеке номері 1851

Ананың тілі- жүректің үні.

загрузка...
Ананың тілі – жүректің үні.
Мақсаты: 1. Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру.
2. Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи
білуге дағдыландыру.
3.Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1. Бес арыстың портреті.
2. Қанатты сөздер жазылған плакаттар: «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ. .
Өнер алды – қызыл тіл. Тәтті де – тіл, ащы да – тіл. Тіл қылыштан да
өткір. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.. Сөз сүйектен, таяқ
еттен өтеді.
Нақыл сөздер.
1. Жақсы сөз бейне шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж. Жабаев/
2. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ. Мұстафин/
3. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді. /Б.Момышұлы/
3. Қазақтың ұлттық киімдері

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан кез келген мемлекет өзінің территориялық салт – дәстүрін, ана ті-лін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Ал, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.
«Ананың тілі – жүректің үні.» атты сынып сағатын ұсынамыз. «Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы».
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл -халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.
Адамдық мұратка жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз -ана тіліміз!
Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі, Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас, — деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.
Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.
Қазақстан — ұлан-байтақ мемлекет. Өз бауырына 100-ден аса ұлттарды сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша тең құқықты, тәуелсіз адамдар.
Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік.
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі - қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім, оқу - ағарту тілі.
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе 1989 жылдың қазан айында берілді.
«Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа заңын қабылдады
Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл.

Ана тілі — туған тілім, бас тілім.
Сен арқылы дүние танып, талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім.
Сен өмірімде таусылмайтын асылым.

22 қыркүйек - Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.
Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.

Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болуы керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбынды
Туған тілі – сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр салт – санасы – тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихи еске алуғақаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.
Халықтың тарихта қалуы тітіліне байланысты.Тіл халықтың жаны ,сәні . Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Өйткені халқымыз дәрежеге емес , дәстүрге бағынған.
Еліміз – Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып , ана тілімізге Мемлекеттік статус берілді. «Тіл туралы заң» қабыл- данды.

Қуан далам!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін
«Тіл туралы»
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.

Қуан бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің
Тіл бар жерде өмір бар.
Халық жауы атандық – ау
Сол үшін ғұмырыңды
Құрбан етіп жолында ар.

Мұғалім: Балалар, бұл өлеңде айтылып отырған , ана тілі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыңдар?
Аталарымыз Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев,
Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов.
Қазақ халқы ежелден – ақ, тіл қадірін біліп , ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы жатады;
Үш кемеңгер дүлдүлім,
Сақтаған ел бірлігін!
Қазақта қара қылды қақ бөлген
Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.

Төле би
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған сарс жолың бар.
Сөз қадірін біліңдер!

Қазыбек би
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, же- ріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш- бір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзді асырмаған елміз!


Әйтеке би Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде

Құрамайтын құрақ жоқ
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Хор. « Анамның тілі» әні орындалады.
Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас – ең зор адамның , мәдениеттілік , тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні - әр адамның ана тілін отанындай, туған халқындай, өз ата- анасындай сүйіп ардақтауында.Міне, сондықтан бүгінгі ақын- жазушыларымыз былай дейді.

Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілің ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
Өсірген ой – білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің ,
Мәнін терең білуді.
Қадыр Мырзалиев Ана тілі.
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің теңдігің,
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың , елдігің.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің- бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
.Мұзафар Әлімбаев

Ана тілі – біздің туған анамыз.
Анамыздай – сыйлап бағып – қағамыз.
Ана тілін бағаласаң қалай біз.
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе .
Анасынан безген ұл – деп біліңіз.
Ана тілі – асыл күні бабамның
Қуатымның ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап ,
Туған тілді жаттап өскен балаңмын.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім менде бірге өшемін.
Қасиетің , ана тілі , аз сенің
Өзің барда ескірмес , тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып,
Мұқағали атты өлең жазбас еді.

Дихан Әбіловтың «Туған тілім!»

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім – заман тілі - өз тілім.
Туған тілім – адам тілі - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.
Өз тілімдей қайда екен еркін басар
Тілім барда еркіме кім таласар.
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.

Қуан анам!
Ұзағынан сүйініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен де алдыңда иіліп.
Барлық оқушы бастарын иеді
1.Сержан мен Асылхаттың орындауында «Қанекей тілім сөйлеші»
2.Күй. «Балбырауын»
3.Домбырашылардың орындауында «Көк шолақ» әні.
4.Домбарашылардың орындауында «Туған жер»
5. Саламат пен Нұрсұлтанның орындауында «Қазағым» әні
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп, тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әлі жырлағандай ана тілімізді құрметтей білейік! Осымен сынып сағатымызды аяқтаймыз. Зер салып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
loading...

Автор: Тезекбаева Лаура Мауленбаевна

Алматы облысы Іле ауданы "№35 орта мектеп"МКМ

Бөлім: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 1930 | Жүктеулер: 529 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 6
Қонақтар: 6
Тіркелгендер: 0