Ана – өмірдің шуағы

  • Жүктеулер: 664
  • Көрсетілім: 1232
  • Тәрбие сағаты
  • 19/Мар/2015
Ана – өмірдің шуағы

Уақыты: 07.03.15
Мақсаты: 1. 8- наурыз халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Оқушылардың ата- ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы
түсініктеме.
3. Балаларды ата- анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін
ардақтап, мейірімділікке, сый- құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Суреттер, мақалдар, шарлар, тірек сөздер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Мұғалім: Ана, ана, ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау
үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр
десеңізші. Бар махаббатпен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана
сезімін қадірлейік. Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтімен
жаралған.
Олай болса, бүгінгі барлық жақсы тілектеріміз сіздерге арналады.
Ардақты аналар, ару қыздар, төл мерекеміз, көктем шуағын алып келген
8 – наурыз мерекесі құтты болсын.
Айналайын «ана» деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан.
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып дауысынан ажыратқан.
Хормен балалар:
Ән: Ана
Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың махаббаты арқасында болады. Ал, ақ самайлы , аяулы да ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Ойын: Кімнің дауысы, табайық.
Би: Ұлдар биі
Мұғалім: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге,
Бар баланың тақпағы.
Ән: Қошақаным
Бала тілегі
Би: Физруков
Көрініс: Әже мен немере
Ән: Ақ мамам
Аналар қандай? (сипаттау, теңеу)
Би: Паппури
Мұғалім: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала анасымен бақытты –
деп ортаға балаларды шақырамын.
Ұлдар:
Қыздар:
Ән: Біз өмірдің гүліміз
Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір, жүз жасап,
Ауырмашы анашым.
Аналарға сыйлық беру Құттықтау сөз: Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Бегешова Б.
Ата – ана Оқушылар: Бар әлемге, анаға
Басымызды иеміз.
Қорытынды:
Анам менің жасыл бағым жайнаған. Сол бағыңда асыр салып ойнағам. Пәк жүрекпен жыр арнады перзентің – деп 1 «б» сынып оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасын жабық деп жариялаймыз. Келгендеріңізге рақмет, аман – сау болыңыздар.

Аябаева С

Автор: Аябаева Санбибі

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Cам орта мектебі

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.