Адам әдептілігімен әдемі

  • Жүктеулер: 820
  • Көрсетілім: 2221
  • Тәрбие сағаты
  • 29/Авг/2015
Сабаққа эпиграф: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілгенбілім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі (Әл-Фараби
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың әдептілік туралы ұғымдарын қалыптастыру
Әдептілік-инабаттылық тақырыбында оқушылардың ойын дамыту, достық қарым-қатынастарын қалыптастыру
Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға ізгілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу
Есіңде болсын!
Қоғамдық көліктерге басқаларды итермелемей, мәдениетті түрде артқы есіктен кіру керек
Кірген бойда жол ақысын төлеуді ұмытпа
Көлік ішіндегі адамдарды қағып-соғып, итермелеме, дауыс көтеріп ұрсыспа, абайсызда қағып кетсең кешірім сұра
Үлкен кісілерге, мүгедектерге, балалы аналарға орын бер
Кәрі кісілердің көлікке мініп-түсулеріне көмектес
Билетіңдң аяқ астына тастай салмай, көліктен шықаннан кейін арнайы жәшікке сал
Тамақтану мәдениеті дегеніміз-бірқалыпты тамақтану, тамақтардың түрліше болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу, стол басында өзіңдң дұрыс ұстай білу
Ең алдымен столға қолыңды жуып, сырт киіміңді шешіп келіп отыру керек
Ауызыңа тамақты толтырып алып, қасыңдағы адамдармен сөйлеспе, ауызыңнан тамағың шашырайды, әрі сөзің түсініксіз болып шығады
Стол басында аяқ-қолыңды кермей, жинақы отыр
Амандасу үшін тағам тұрған столдың үстінен қол созу дұрыс емес
Рахмет айтуды естен шығарма

Автор: Акбарова Сабирям Садировна

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Ават ауылы, И.Искандеров атындағы орта мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.