Сайт учителя начальных классов
.
Ақын көп, Фариза жалғыз
Мақсаты: Күні кеше ғана дүниеден поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылық өміріне талдау жасай отырып, балалардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ақынның шығармаларын насихаттау.

Гулай Құрметті қонақтар! Бугінгі кешімізді халық әні «Ақбұлақ» әнмен аштық. Жүректерді жан жылуымен epiтіn, поэзия әлемінің биік шындарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны , халық жазушысы Фариза Оңғарсынова . Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысы Новобогат ауылында 25 желтоқсанда дуниеге келген. Фариза Оңғарсынова өзінің қауырсын қаламымен ақ жүрегін өлеңмен, кісілік келбетін әлдеқашан түгендеген ақынның бipi.
Бекбол Поэзия – қасиетті ұғым. Ол — адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі. Жеке адамның ешкімге айтпас құпия қастерлі ішкі сыры. Поэзия тек қана ішкі дүние ғана емес, адам жанының алаулаған алтын жалыны. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жоғары екенін бағзы заманнан - ақ ұлы Аристотель айтып бергені мәлім. Поэзия – әлемнің жыршысы, ақылдың айнасы, халық мұңы, өнердің шыңы.

Гулай Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Біреудің бағы – тілінде, Біреудің бағы – уысында»- демекші осы аталған бақтар бұйырған поэзия ауылындағы қарагөз нәзік жандылар қаншама десеңші! Қазақ қыздарының поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде алғашқы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз. Фариза туралы пікірлер толассыз. Соның бірі жазушы Шерхан Мұртаза: Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз. Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты. Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ақын жалғыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондардың жүрегін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен құдіретті.

Бекбол Фариза сонау Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған.

Гулай Фариза апайымыздың «Ана» туралы өлеңін тыңдайық! Алдарыңызды Шаңдыбай Динара ! Қарсы алыңыздар.

Бекбол Өлең - өмір, өлең - сезім десек, сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс арқылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз
Сүюндік Меруерт « Өзімді таныстыру»
Шаңдыбай Ақылбек «Ұстаз»
Гулай
Ендігі кезекті жас зерттеушіміз Оңайбай Бекниязға кезек бериік.
Бекнияз «Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады» (Нұрсұлтан Назарбаев)
1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде - кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. «Маңғыстау монологтары» ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
Лирикалары.
Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Әйел – Ана тақырыбы.
Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан - дүниесі өз алдына бір әлем делінген. Енді кезекті өлеңдеріне берелік. Фариза апамыздың өлеңдері орыс тіліне аударылды, тыңдайық.
1. Әбділла Рысбай
2. Манешов Нұрбол
3. Мөңке Ұлжан
4. Сүлеймен Еркебұлан
5. Оңайбай Бекнияз
6. Сүюндік Меруерт
Бекбол Фариза . Оңғарсынованың өлеңдері – Каспийдің алапат толқынындай айбынды, аққуларындай пәк, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ. Дара күндерімнің, нала түндерімнің, серігі болғанын үшін, біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, өлең, мен сені аялаймын,- дей келе
Жыр жазбасам жабығам атты өлеңіне назар аударайық
Қайырғали Аружан
Оңдаған Гулай
Жетім қыздың маналогы Мөнке Ұлжан.

Гулай
Шынында да ақынның өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі, ішкі жан – дүниенің пәк сезімі, әйел жанының махаббаты, нәзіктігі көрініс табады. Осындай тапқырлықты тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын әліде қуанта берері сөзсіз.

ID: 1864 | Просмотров: 3062