Тың және тыңайған жерлерді игеру

  • Жүктеулер: 852
  • Көрсетілім: 1804
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 22/Фев/2015
9-класс
Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: республика индустриясының және ауыл шаруашылығының 1950-60 жылдардағы дамуы туралы білімдерін толықтырады және тың игеру жұмысының барысы туралы мағлұмат алады.
Дамытушылық: оқылған материалдан ең бастысын ажыратады, алған білімін нақтылайды, салыстыра отырып ой қорытады.
Тәрбиелік: еңбек адамдарына деген сый құрметті, тың игерушілер туралы дұрыс көзқарасты қалыптастырады. Өз ойын еркін жеткізе алуға тәрбиеленеді.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: топтық, сұрақ- жауап, әңгімелеу, жеке жұмыс
Сабақ көрнекілігі:интерактивті тақта, суреттер, Н.С.Хрущевтің портреті, тест тапсырмалары, плакаттар, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих-география-биология.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақ жоспары:
1. Қазақстандағы тың игерудің мақсаттары мен міндеттері
2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің қиындықтары мен қателіктері
3. Бүгінгі күнде тың игерудің маңызы.
Жаңа тақырыпқа кіріспе: тірек- сызба арқылы түсіндіріу.
КОКП Орталық Комитетінің 1954 жылғы қаңтар – наурыз пленумы
Қазақстан тың игерілген облыстар:
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау,Торғай, Павлодар.
1100-1200 млн пұт астық
Оқушылар оқулық мәтінімен танысып, өз пікір ойларын айту үшін 2 топқа бөлінеді.
1- топ: 1. Қазақстандағы тың игерудің міндеттері мен маңызы туралы әңгімеле
2. Тың игерілген облыстарды тап.
2- топ: 1. Тың игерудің қиындықтары мен қателіктерін ажырат.
2. Тың игерілген аймақтарды картадан көрсету.
Тың және тыңайған жерлерді игеру
1-топ Зардаптары 2- топ Жетістіктері
ІҮ.Сабақты бекіту. Тест алу.
1. «Тың және тыңайған жерлерді игеру» жоспары қашан қабылданды?
А) 1955 ж қаңтар- наурыз В) 1954 ж. ақпан-наурыз
Б) 1958 ж. ақпан- наурыз С) 1957 ж. наурыз- сәуір
2. Қазақстанда тың игерілген аймақты көрсетіңіз.
А) Атырау В) Шымкент
Б)Ақтөбе С) Торғай
3. 1954- 1965 жылдарда КСРО бойынша қанша гектар жер жыртылды?
А) 25 млн.га В) 6,5 млн га.
Б)42 млн. га С) 9 млн. га
4. Қазақстанға тың игеру жылдарында қанша ұлт өкілдері келіп қоныстанды?
А) 2 млн. В) 5 млн
Б) 3 млн С) 6 млн
5. Алғашқы тың игеруші механизатор, Еңбек Ері
А) Ж. Қуанышбаев В) К.Б. Дөненбаева
Б) Ш. Берсиев С) Ы. Жақаев
Дискуссиялық карта толтыру
1-топ.Иә 2-топ Жоқ
1.КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды, дүние жүзіне бидайдың қатты сортын шығарды.
2. Жер-су аттары орысша аталды
3. Инфрақұрылым нығайды, жаңа жолдар салынды.
4. Қазақ тілді мектептер, газет-журналдар жабылды.
5. Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті
1. Экологиялық жағдай ауырлады, топырақтың құнарсыздануы
2. Қалалық мәдениет дамыды.
3. Қазақ халқының саны артты.
4. Көп ұлтты мемлекетке айналды
5. Мал шаруашылығы көтерілді.
Ынтасы төмен оқушыларға картокалар тарату
1)Артығын алып таста:
Ақмола, Семей, Торғай, Көкшетау, Павлодар, Шымкент, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысы.
2)Хронологиялық диктант.
Көшіп келушілер саны- .......
Тың игеру басталған жыл.........
Қазақ халқының үлесі ....... болды
3)Терминдер анықтамасы:
Тың игеру дегеніміз нені білдіреді........
Топырақ эрозиясы дегеніміз................
Гумус қандай мағына білдіреді..............
4)Сәйкестендір:
Н.С.Хрущев 1954ж
Қазақстанда қанша облыста тың көтерілді? КОКП басшысы
Тың игеру басталған кезең алты
Ү.Сабақты қорыту.
1. Тың игерудің алдына қойған міндеттері қандай еді?
2. Тың өзін экономикалық жағынан ақтады ма?
3. Бүгінгі күні тың игерудің маңызы қандай?
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үй тапсырмасы: § 36. Тың игеру кезеңіндегі қорғалжындық еңбеккерлер туралы реферат дайындау

Автор: Ахметова Гульмира Габдоллаевна

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын мектеп-гимназиясы

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.