Сайт учителя начальных классов
.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік жолы тәуекел»
Мақсаты:Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыруОқушылардың елоді, Отанын сүюге және елімізді сақтауға, оны гүлдендіруге құштар патриот күш қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары менжэігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Көрнекілігі: Жазбақағаздар, суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық
Шырқадым әнұранды бар дауыспен
Арманым-Ата заңым қабылданып
Бізге тәуелсіздік туын, қазақты, көк байрағын биік көтеріп, ел екеніміздідәлелдеп, жүниежүзіне танылуымызға және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы.
«Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанымын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын»-деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын-сүргінге ұшырап, сталиндік қызыл террордың құрбандары борлды. Сол алаш қайрат керлерінің азазттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні-қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді. Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас.
«Түбін білмеген тексіз»деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар-намысынан туындап жатқан оқпа?! Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғынжа көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде.Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан-жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсінесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Енді міне, осы желтоқсан құрбандарының арқасында еліміз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманына атап өткен аға-апаларымыздың қажырлы қайратының арқасында еліміз тәуелсіз елге айналды.
Ән «Жаса қазақ» хор
Айнұр. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 23 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 23 жылда біраз өзгеріске ұшырады нақты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді, болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Мерей. Ежелден-ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз.Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған.Ол қиырдан, бұл қиырға дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақты көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытқам деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері, болашағы, үміті үшін желтоқсанда тжас өмірін жалау еткен қазақ жастарының есімдерін, ұмытуға біздің хақымыз жоқ.Олардың асқақ армандары толық жүзеге асты.Еліміз тәуелсіздік алды, көк туымыз желбіреді, бір өкініштісі олар бүгінгі бақытты күнді көре алмады.
Әдеби монтаж
Манас.
Қанды қырғын-қалған іс,
Бейне теңіз сең соққан
Жарқылдайды ар-намыс
Алматы. Аяз. Желтоқсан
Дүрсілдейді жүректер
Сесі күшті қарудың
Жүзіне мұң түнетті
Үлбіреген арудың
Арманы алда, сенім көп
Оранды отқа үміттер
Мұрты жаңа тебіңдеп,
Келе жатты жігіттер
Жасамай ездік босқа айбат,
Намысымен от шайнап
Халық үшін бас байлап
Жанып та кетті жас Қайрат
Армат
Қанды қырған от өрген
Жарқылдады ақыл-ой
Бәрін соны көтерген
Біздің халық батыр ғой
Көрініс
Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «қызыңыз тентек»деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты, ақ анасын аяды. «Бәріне кінәлі мен жазаландар мені, оларды оқудан шығармаңдар. Шеруді ұйымджастырған мен. Бәріне мен жауап беремін. Деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналыстьы тастай,сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Сол бойы намысчшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, жала жапқөызбай сақтап қалды.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егемнеді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның
Ән «Желтоқсан желі»
Көрініс «Қайрат Рысқұлбеков»
Жүрзіуші: Міне осы оқиғадан кейін 5 жыл өткенде 1991 жылдың 16 күні қазақ елі шынай тәуелсіздік алды. Биыл 24 жыл толды. Тәуелсізк басымызға қонған бақ, бақыт
Би. «Қазақ биі»
Мұғалім
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,
Отан үшін болуға да құрбандық

«Тәуелсіздік жолы-тәуекел» атты тәрбие сағаты осы тәмамдалды келесі кездескенше сау сәлеметті болыңыздар

ID: 1676 | Просмотров: 2801