Сайт учителя начальных классов
.
Күні: 21.04.2012 ж
Сыныбы: 6в Ғұн қолөнер шеберлері жүннен
Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Мақсаты:
1) Оқушыларға ғұн шаруашылығы мен тұрмысындағы ерекшеліктер туралы баяндау.
2) Түрлі тарихи деректермен танысу,оларды түрлі құбылыстар мен прцестер жөніндегі білімдерді талдау үшін пайдалана білуге үйрету.
3) Оқушыларды азаматтыққа,елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас ссабақ
Әдісі: баяндау.
Көрнекілігі: Ғұндар туралы суреттер,тірек-сызбалар
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап
1)Ғұндар кезеңі қай аралықты қамтиды?
5 ) Ғұндар басшысын қалай атайды?
2) Ғұн атауы қытай деректерінде қай ғасырда пайда болды?
3)Атилла шамамен қай жылдары өмір сүрді?
4)Волга өзені Қазір қалай аталады?
5)Атилла қайтыс болғаннан кейін «Ғұн» мемлекетінде қандай өзгерістер болды?
6) Ғұн мемслекеті әскери жүйе бойынша құрылып ,нешеге бөлінді?

ІІІ Жаңа сабақ § 27

Ғұндардың тұрақтаған мекенжайларына жүргізген зерттеу жұмысы кезінде олар үй малдарының барлық түрін өсіргендігін анықтап отыр.Егіншіліктің дамығанын білдіретін темір орақ,соқа тістері, қол диірмендер,дәнүккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған.Олар негізінен киіз үйлерде тұрған.Ғұн қолөнер шеберлері жүннен төсеніш пен кілемдер тоқыған.Киіз үйдің төріне қамшы,ағаштан жасалған қынабы бар семсер,садақ,жебелер салынған қорамсақ т.б іліп қоятын болған.

Ғұн тайпасында әлеуметтік теңсіздік қалыптасқан.Ғұндар- көшпелі патриархалды ел.


Құқық қорғау жүйесі болды.Айына 3 рет жиналып отырған.Ауыр қылмыс жасағандарды өлім жазасына кескен.Ал ұсақ қылмыс жасағандардың бетін тілген.
Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар орындау.
1.Сызба толтыру
2 «Тарихи сынақ хат»
3 Тарихтағы жыл санау

ID: 2262 | Просмотров: 5132