Сайт учителя начальных классов
.
Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс -

Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 933 | Просмотров: 2505 | Размер: 63.5 Kb | Автор: Мергазина_Анар
Мергазина Анар Ерлановна
Тарих пәнінің мұғалімі
«Ленин атындағы орта мектебі»КММ
Сабақ тақырыбы: п 15. Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертедегі көшпелілер мен отырықшылар байланыстары, «Көшпелі өркениет» ұғымын, қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым-қатынастың дамуы жайлы жан-жақты толық түсінік беру,темір дәуірі мен орта ғасырлардағы байланыстарға тоқталып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:
Өз беттерімен қорытынды жасауға дағдыландыру, негізгіні ажырата білуге, өз бетімен жұмыс жасауға, зерттеу жұмыстарын қорғай білуге, өй-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Адамгершілікке, имандылыққа, тарихи ескерткіштерді қорғауға,
Отанын сүюге , мақтанышпен қарауға, өнер ескерткіштерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ . Дамыта оқыту технологиясы.
Сабақ әдісі: Әңгіме, пікір алысу, ізденіс , саяхат.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, таратпалар, Қазақстанның картасы
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а/ оқушылармен амандасу, түгендеу
б/ сабаққа әзірліктерін бақылау
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Материалдық мәдениет
2.Рухани мәдениет
3.Жартылай көшпелілердің діни-наным сенімдері
1.Блиц-сұрақ
1.Материалдық мәдениет дегеніміз не?
Мысал келтір.
2.Қойбағар,Арпаөзен,Таңбалы жерлеріндегі /Іле-Шу аңғарлары/жартастардағы суреттер не дейді?
Бұл туралы кім жазып қалдырған?
Жауап: 4-6 доңғалақты арбалардың кескініне қарағанда сақтар жылқыны арбаға жегіп, көші-қонға пайдаланған. Бұл туралы Гиппократ: «Арбалар өте шағын, төрт дөңгелекті,6 дөңгелекті арбалар киізбен жамылған күркелі арбалар да жасалады, олар жаңбыр мен желден пана. Бұл арбаларда бабалр мен әйелдер тұрады, ерлер қашанда ат үстінде болады » деген.
3.Көшпелілер арбаға не жеккен?Бұл туралы мәлімет кімдердің жазбаларында кездеседі?
Жауап: Мұндай арбаларға өгіздер мен түйелер жеккен. Бұл туралы грек тарихшылары сақтардың ағаштан жасалған үйлерде тұрып, қыста оның үстіне тығыз ақ киізбен жабатынын айтады.
2.Сөзді жалғастыр!
1.Ал тұрақтарға келетін болсақ, үйсіндер ................. салынған қыстауларда тұрса, қаңлылар ................... тұрғызылған үй-жайларда мекендеген.
2.Сақтардың бас киімдері шошақ, аяқ киімдері өкшесіз жалпақ болған.Тізеге дейін камзол киіп, белбеу буынған, тар шалбар, оң жағында қанжар, сол жағында семсер не садақ ілінген.
Ал Есік обасынан табылған адамның үстіндегі ......................... бұйымдармен безендірілген.
Бас киімінде......, ......., ......, ......., ........, .......т.б.жануарлар мен құстар бейнеленген. Беліндегі кіседе................ ғажайып бейнесі, жанындағы ..............., ..............., ......................, ..............., ................., басқада бұйымдардың сапасы өте жоғары.
3.Қазақстанның Алтай жағындағы Берел обасынан алынған ................... де сапалы жасалған. Табыт жанында бірге көмілген аттардың .................. бізге дейін жақсы сақталынып, сол қалпында жетуіне ..................... болып қатып жатқандығы себеп болған.
3.Не жайында? /Рухани мәдениет/
2.Сиынатын басты құдайы? Нені құрбандыққа шалған?
Жауап:
Күнге сыйынған, оған арнап құрбандыққа жылқы шалу салты болған. Оған дәлел: адамның жанында ат басы, әбзелдері, жекелеген бөліктері бірге жерленгенін байқауға болады. Күннің құрметіне ең жүйрік жануарды құрбан ету керек деп ойлаған.
3.Жерге талас шықққанда «Бұл жерде менің ата-бабамның сүйегі жатыр, сондықтан бұл менің жерім» деген сөзге не айтуға болады?
4.Отқа май күю салты бар , оны қалай түсіндіруге болады?
Жауап:
Келін түскенде, күйеу алғаш келгенде –отқа май құйған. Ол жаңашылдықты, өзгерісті аңғартқан.
5. «Аң стилі» дегенді қалай түсінесің?
Жауап:
Әр түрлі бұйымдарға салынған жануарлар мүсіндері өзінше бір үлгідегі бойтұмар мен тұмаршалар болған. Ол тайпалар өмірін, қиялын,аңыздарын бейнелеген. Ондағы аңдар таласы сол кездегі рулар мен тайпалар арасындағы талас-тартыстарды,жаулаушылық кездерді білдіреді.
6.Бұл өнер туындыларынан нені байқауға болады?
Аталмыш өнер туындыларынан сақ заманында батырлар жыры болғанын байқауға болады. Бұл туралы В.И.Абаев, М.П.Грязнов еңбектерінде айтылады.
4.Ой толғаныс.
1.Ертедегі шеберлер көп жағдайда өздерінің қоршаған жануарлар дүниесін бейнелеуге тырысқан және қандай жануарларды бейнеледі? Не себепті?
Жауап: Арқар, тауешкі, жолбарыс , қабылан, бұғы, түйк, жылқы, бұланды бейнелеген. Бұл жануарлар еркіндіктің, батылдықтың, бостандықтың белгісі деп түсінген.
2.Аң стилінің пайда болуы туралы екі ғылыми болжам бар?
Қандай?
1. «Скиф-сақ тайпалары бұл өнерді Алдыңғы Азиядан қабылдаған» деп санайды. Оның басты себебі, бұл аймаққа скифтер басып кірген, олар өз жерінде б.з.д V ғасырдан бастап өнерлерін тарата бастаған.
2. «Бұл ықпал б.з.д VІ ғасырдың соңғы кезінен бастап, Ахеменидтер кезінде ерекше күшті болды» деп дәлелдеуге тырысады, бірақ бірінші пікірді жоққа шығармайды. Дәл осы кезде сақтардың бейнелеу өнерінде арыстан, самұрық тектес ою-өрнектер бейнеленген.
4.Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері жайлы деректерде не дейді?
1.Таңбалытас
2.Күлтегін
3.Ұлы Жібек жолы
4.Тараз қаласы, Ақбешім қаласы
5.Ислам діні
ІІІ.Қорытынды.
ІV.Жаңа сабаққа кіріспе:
а/бүгінгі күн
б/сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстыру.
«Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс»
V. Жаңа сабақ:
1.Өркениет дегеніміз не?Мұғалім сөзі:
Өркениет- өркендеген немесе дамыған мемлекет деген ұғым. Алайда алғашқы көшпелілер өркениетін дәл бүгінгі өркениеттің тұрғысынан түсінбеу керек.
Көшпелілер өркениетін темір дәуірінің алғашқы кезіндегі ру-тайпалардың тіршілік көздерінің дамуы көріністері ретінде түсінген жөн. Көшпелілер сан мыңдаған басы артық төрт түлік мал өсірген. Олар материалдық және рухани игіліктерін өздері ғана пайдаланып қоймай, басқа да өркениетті елдермен байланыс жасаған. Қару-жарақ, құрал-саймандарды, әсіресе металл өңдеудің өркендеуі, әйгілі аң стилінде жасалған бұйымдарды өнердің дамуында ерекше орын алған. Олар бүгінгі таңдағы мәдениетіміздің дамуына үлес қосқан.
Археологиялық зерттеулер көшпелілер өркениетінің бар екенін дәлелдеді. Шындығында бұл екі өркениет бір-бірінсіз өмір сүрмеген. Олардың байланысы ежелгі дәуірлерден-ақ белгілі.
Енді жаңадан бой көтерген қалаларға саяхатқа барайық.
-б.з.д VІІ- V ғасырларды Қазақстан қай елдермен өркениетті қарым-қатынас жасаған?
Жауап: Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар Қытай, Ассирия, Мидия,Персия сияқты елдермен өркениетті қарым-қатынас жасаған.Әрине бұндай байланыстар бірде тату, бірде соғыс жағдайында болған.
- Жазба деректер мәліметтері бойынша қарым-қатынас барысында көптеген көрші мемлекеттермен өркениет байланыстарының болғандығы айтылады, мысалы қай елдермен ?
Жауап: Ұйғарақтағы ы д ы с, моншақтар, Пазырықтан Алтай өлкесіндегі жібектен жасалған ат жабу. Жібектен және жүннен жасалған бұйымдар Оңтүстік және Батыс Еуропа жерлерінен б.з.д VІ- V ғасырларда қабірлерден табылған.
Темір дәуірінің соңы /б.з.д.ІІІ-б.з. V ғғ/ көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасындағы байланыстар.
-Қытай-үйсін байланыстары
-Қытай –ғұн байланыстары
-Қытай-қаңлы байланыстары
Ерте орта және орта ғасырлардағы
Байланыстар /б.з VІ-ІХ ғғ/
-Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс
-Қала тұрғындары мен дала тұрғындарының байланысы
-ХVІ ғ Өзбек хандығы мен Қазақ хандығының байланыстары
-Орталық Азия мен Қазақстан байланысы
Қалалардың өсуі, жартылай көшпелілердің қарым-ақтынасының дамуы.
-Қалалық мәдениеттің дамуы
-Қандай қалалар бой көтерді?
Жауап: Оңтүстік Қазақстан Сырдария бойында: Отырар, Сауран, Түркістан, Сығанақ, ал Қаратаудың солтүстігінде: Созақ, Баба ата, Құмкент, Шолаққорған, Сайрам, Жетісу аймағында: Тараз, Талхиз/Талғар/, Мерке, Құлан, Баласағұн.
-Шу аймағындағы Баласағұн қаласының өсіп-өркендеуі жайлы не айтасың?
-Жартылай көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстың дамығандығын дәлелде!
-Қалалардың ішкі құрылыс жүйелерінде қандай жаңа құрылыстар салынды?
Екі жақтың да қоғамның дамуына қосқан үлесі?
VІ.Есте бекіту сұрақтары:
Тест.
1.Қытайлар ғұндарға қай тәңірқұты кезінде салық төлеп отырған?
a) Бумын
b) Мөде
c) Тимун
d) Кенон
e) Имитун
2.Ғұндарда онмыңдық әскер басын қалай атаған?
a) Мыңбасы
b) Түмен басы
c) Түмен
d) Тимун
e) Таман басы
3. «Алтын киімді» адам бірінші табылған оба қалай аталады?
a) Қарғалы
b) Бесшатыр
c) Есік
d) Шілікті
e) Беғазы
4.Темір дәуіріндегі тайпалардың табынған басты «құдайы» не болды?
a) Жұлдыз
b) Ай
c) Күн
d) Аспан
e) Жер
5.Ертедегі түріктердің жазба деректерінде шамандарды қалай атады?
a) Диуана
b) Кам
c) Пері
d) Молда
e) Умай
6.Темір дәуіріндегі тайпаларда діни наным-сенімге байланысты қандай өнер пайда болды?
a) Өсімдіктер стилі
b) Жануарлар стилі
c) Тау стилі
d) Аң стилі
e) Аспан стилі
7.Темір дәуірінің қай кезінде көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасында байланыстар болды?
a) Б.з.д. Х-Vғғ
b) Б.з.д. ІХ-VІІІғғ
c) Б.з.д. VІІ-VІғғ
d) Б.з.д. ІІІғ –б.з.Vғ
e) Б.з.д. ІІғ –б.з.ІІғ
8.Қытай жазба деректерінде үйсіндердің ел басын қалай атады?
a) Тәңір құты
b) Гуньмо
c) Қаған
d) Бек
e) Хан
9.Орта ғасырлардың орта кезінде /Х-ХІІІғғ/ қалалардың саны қаншаға жетті?
a) 20
b) 25
c) 28
d) 33
e) 36
VІІ.Қорытынды, бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма:5 тарауға қорытынды бақылауға дайындық.

Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Катон ауылы

ID: 878 | Просмотров: 2505