Есім хан
Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 1314 | Просмотров: 5381 | Размер: 19.1 Kb | Автор: ГульшатСабақтың мақсаты: Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету. Оқушылардың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, тірек – сызба арқылы оқыту, топпен жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Көрнекіліктер: Тірек – сызба, Тәуекел, Есім хандардың суреттері, саяси карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сабақ барысында екі топпен де ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ол үшін екі топқа да бөлек плакатқа салынған суреттер ілінеді. Екі топта сабақ барысында төрт кезеңнен өту керек.
Бірінші топтың шарттары:
1 - кезең: үй тапсырмасын айту.
2 - кезең: Мергеншілер (тақтада тұрған шарларды дәлдеп атып оның ішіндегі сұрақтарға жауап береді)
3 - кезең: Әндер әлемі (әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді)
4 - кезең: Алтын сандық (алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту)
Екінші топтың шарттары:
1 - кезең: үй тапсырмасын айту.
2 - кезең: Алма теру (алманы алып ондағы сұрақтарға жауап береді)
3 - кезең: Әндер әлемі (әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді)
4 - кезең: Мыстан кемпірден құтылу (ол үшін тақтадағы айнаның артындағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 – кезең: 2 топтан бір - бір оқушыдан тақтаға шығып үй тапсырмасын айту.
1 - топ: 2 – кезең сұрақтары:
1. 1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, хан тағына кім отырады? (Шығай хан)
2. 1582 жылы Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері кімді өлтірді? (Баба сұлтанды)
3. Өзбек пен қазақ әскерлері кімді өкшелей қуды? (Баба сұлтанды)
4. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдаллах хан риза болып қай жерді сыйға береді? (Ходжент)
5. Қайсы өзеннің бойындағы қалалар Абдаллах ханға тізе бүгіп, бағынышты болды? (Сырдария)
2 - топ: 2 – кезең сұрақтары:
1. Шығай ханның баласы? (Тәуекел)
2. Бұхараның ханы кім? (Абдаллах)
3. Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабуыл бастап қайсы қалаларды басып алды және қандай қалаға қатер төнді? (Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып, Ташкентке қатер төнді)
4. Шайбани әулетінің орнына кімдер келіп қандай заңдастыру шарты жасалды? (Аштарханилер мен қазақ әміршілерінің арасында қазақ хандығына қосылған жерлерді)
5. Ресейден Сібірге аттанған жасақ? (Ермактың жасағы)
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Есім ханға мінездеме.
2. Есім ханның ішкі саясаты.
Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі Есім (1598 - 1628) мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды басты мақсат етті. Қазақ хандығының әскери күш - қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді. Есім хан ішкі - сыртқы саясатта тәртіп орнатты. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.
1 - топ: 3 – кезең сұрақтары:
1. Есім ханның ел билеген жылы? (1598 - 1628ж. ж.)
2. Тұрсын ханның астана деп жариялаған қаласы? (Ташкент)
3. 1611 жылы бұхар әскерін кім басқарып келді? (Имамкули хан)
4. Тұрсын хан кімнің ұлы? (Жалым сұлтанның ұлы)
5. Абақ хан қай жерлерді биледі? (Жаркент пен Қашқарды)
2 - топ: 3 – кезең сұрақтары:
1. Есім хан шығарған заңның атауы? («Есім ханның ескі жолы»)
2. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қалай аталды? (Қатаған қырғын)
3. Есім ханның үй ішін, әйелін жас балаларын тұтқындап қайда алып кетті? (Ташкент)
4. Есім хан өзінің астанасы етіп жариялаған қала? (Түркістан)
5. Қайсы рудың адамдары Есім ханға бас имеді? (Қатаған)
1 - топ: 4 – кезең тапсырмасы:
1. 1443 + 160 = (1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ - бұхар шайқасы)
2. 1921 – 308 = (1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді)
3. 1620ж - 1404 + 217 = (1620 - 1621 жылдары 4 - 5 - 6 қазақ – бұхар соғысы болды)
4. XI + VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанды, феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды)
5. 1333 + 295 = (1628 жылы Есім хан қайтыс болады)
2 - топ: 4 – кезең тапсырмасы:
1. 1332 + 281 = (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды)
2. 1822 – 224 = (1598 жылы Есім хан таққа отырады)
3. 1219 + 408 = (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады)
4. ІХ + VІІ = (XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды)
5. 921+ 690 = (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды)
V. Бағалау, жеңіске жеткен топты марапаттау.
VІ. Үй тапсырмасы.
Тақырыпты оқу.
Егер мен хан болсам.... Эссе жазу
ID: 1901 | Просмотров: 5381