Сайт учителя начальных классов
.
Н.Қ.Абуов.
Макаров ЖОББМ-нің
тарих пәні мұғалімі.
Зеленов ауданы,
Батыс Қазақстан облысы.
Әдебиет пен өнер.
Сыныбы: 9 а
Сабақтың тақырыбы Әдебиет пен өнер
Мақсаты XX ғасырдың I жартыжылдығындағы әдебиетке және өнерге шолу жасау, танымал әдебиет және өнер қайраткерлерінің қазақ әдебиетіне және өнеріне қосқан үлесі туралы білу.
Оқушылардың өз беттерімен жұмыстана отырып, әдебиет және өнер саласындағы жаңалықтар туралы айта білу және еске сақтау қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтижелер XX ғасырдың I жартыжыл. Қазақстанның әдебиеті және өнері туралы айта біледі,түсінеді
XX ғасырдың I жартыжыл. Қазақстанның әдебиеті және өнері туралы сипаттап айтады
XX ғасырдың I жартыжыл. Қазақстанның әдебиеті және өнері туралы білімдерін талдап, жинақтап, қорытынды жасайды
Сабақтың әдіс- тәсілдері Өзіндік оқу,топпен жұмыс,еркін талқылау,постер құрау.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар Оқулық. ҰАО.АҚ.ЦБР 9-сынып. Интерактивті тақта, слайд және бағалау парақтары.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
6 минут

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық тренинг: бір-біріне жақсы тілек тілеу.

Отаныңның,ел-жұртыңның мақтанышы бол!
Намысты бол!
Біліміңді арттыр!
Еліңнің тарихын біл!
Ата-анаңды біліміңмен қуант!...

Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
1920-30 жылдардағы Қазақстан мәдениеті
1.Сауатсыздықты жою ісіне жұмылдыру туралы қаулы қашан қабылданды?
1921ж.26 маусым
2. «Сауатсыздықты жою» қоғамы қашан ұйымдастырылды?
1924 жылы
3.«Қазақ АКСР біріңғай еңбек мектептерінің жарғысы» қашан қабылданды?
1926 ж. мамыр
4. «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу» қашан енгізілді?
1931 ж.желтоқсан
5. Тұңғыш қазақ педагогикалық институты қашан ашылды және кімнің есімі берілді?
1928 ж. кейіннен Абай есімі берілді Сабаққа дайындалады.

Психологиялық тренингке қатысады.
Бір- біріне тілек тілейді.

Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тұсаукесер
4 минут ҰАО.АҚ. ЦБР. 9-сынып « XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті» бейнебаяны көрсетіледі.

«Ой қозғау».
• Оқушылар бұл бейнебаянда қандай тарихи оқиға көрсетілген?
• Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?
Оқушыларды жауаптарына қарай ынталанлырып отырамын.
Оқушылар бейнебаянды көріп, танысады.
Негізгі
бөлім
30 минут Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Әдебиет және өнер
Жаңа тақырыпқа орай екі топқа бөлінеміз:
1- Топ «Әдебиет танушылар»
2- Топ «Өнер танушылар»
«Мағынаны тану»
Мәтінді әр топқа бөліп беру.
Мәтінмен жұмыс,керек жерлерін дәптерге түрту,ой бөлісу,постерге түсіру және қорғау.

 Ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ әдебиеті
 XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
 30 жылдардың соңы мен 40 жылдардың басындағы әдебиет және Қазақстандағы орыс әдебиеті
 Драматургия және театр өнері
 Музыка, опера және балет театрының дүниеге келуі
 Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігі
 Кино және бейнелеу өнері

Топтардың жауаптарын қолпаштап бағалаймын: «Жарайсын!», «Тамаша!», «Оқығандарыңызды жақсы жеткізе білдіңіздер!» т.с.с.


Оқушылар топқа бөлінеді.

Топтар тақырып бойынша мәтінмен жұмыстанады,
постерге түсіреді.
Ортаға шығып тақырыптарын қорғайды.

Қорытын-ды
5 минут

Сабақты қортындылау мақсатында төмендегі бекіту сұрақтары беріледі:
1-топ «Әдебиет танушылар»
1.Алғашқы қазақ романдарын атаңдар.Оларды кім жазған?
С.Торайғыров «Қамар сұлу»
М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал»
2. Ж.Аймауытовтың «Шернияз» драмалық шығармасы кімнің өміріне арналды?
С.Торайғыровтың
3.М.Жұмабаев қазақ поэзиясына қандай серпін алып келді?
Махаббат лирикалары, азаматтық тақырыптағы поэмалар
4.1916 ж. көтеріліс тарихын «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасында ашып көрсеткен қазақ әдебиетінің классигі?
С. Сейфуллин
5. Алғашқы қазақ ұлттық театры қай жерде ашылды және оны кім басқарды?
1926 ж. Қызылордада. Жұмат Шанин.
6.Верный театры алғашқы пьесасын кімнің шығармасымен бастады?
М.Горькийдің «На дне» пьесасы
7. Қазақстан бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды?
Ә. Қастеев
2-топ «Өнер танушылар»
1.«Қазақ халқының 1000 әні мен күйі» жинағын жинап, кім бастырып шығарды?
А. Затаевич
2.Қазақ мемлекеттік филармониясы қашан ашылды, оны кім басқарды?
1935 ж. Алматыда. А. Жұбанов
3. Алғашқы қойылған музыкалық спектакль қалай аталды?
«Айман- Шолпан»
4. 1936 ж КСРО халық артисі атағын алған әнші?
К. Бәйсейітова
5. Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегіндегі үш ақиқатты ата?
Қанағатшылдық, әділдік және ізгілік.
6. Алғашқы дүниеге келген революциялық әндер және олардың авторлары кімдер?
С.Сейфуллиннің «Жас қазақ марсельезасы», Б.Жәнекешевтің «Дұрыстық жолы»
7. Қазақ ұлттық кино өнерінің алғашқы туындысы қалай аталады?
«Амангелді» 1938 ж.

Топтарды бір- біріне бағалату.

Бекіту сұрақтарына жауап береді.



Топтар бірін-бірі бағалайды.
.
Үйге тапсырма: § 24,25.
1-топқа Батыс Қазақстан облысының әдебиеті туралы презентация әзірлеу.
2-топқа Батыс Қазақстан облысының өнері туралы презентация әзірлеу.

Кері байланыс парағын жаздырту.
(Оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оларды қандай жолдармен меңгергендіктерін жазады.)
.



Кері байланыс парақтарын толтырды.

ID: 1662 | Просмотров: 8850