Сайт учителя начальных классов
.
Дүние жүзі тарихы пәнінен логикалық тесттер жинағы -

Дүние жүзі тарихы пәнінен логикалық тесттер жинағы

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 1821 | Просмотров: 9120 | Размер: 5.90 Mb | Автор: Рахымбаев_Ыкылас
Дүние жүзі тарихы пәнінен логикалық тесттер жинағы
Тапсырма мазмұнының сипаттамасы
Ежелгі дүние тарихы: жыл мен ғасыр ара қатынасын, оқиғаның реті мен ұзақтығын, тарихтағы жыл санау, ежелгі дүние тарихындағы алғашқы қауымдық қоғамның дамуының алғашқы белгілері мен ерекшеліктері.
Орта ғасыр тарихы: орта ғасырлар тарихының хронологиясы, қоғамындағы адамның жағдайы, қоғамның әлеуметтік құрамы, орта ғасырдағы оқиғалар желісі.
Жаңа заман тарихы: негізгі кезеңдері, жаңа кезеңдегі дүние жүзі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Қазіргі заман тарихы: Дүниежүзілік соғыстар. Дүние жүзі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Логикалық тапсырмалармаларға дұрыс жауап беру үшін оқушы:
-тарихи оқиғалардың бір-бірімен байланысын, тарихи үдерістің тұтастығын түсінуі, білуі;
-тарихи материалды талдай алуы, негізгісін ажырата алуы, қоғамдық үдерістер себеп-салдарын, даму заңдылықтарын іріктей алуы;
-тарихи фактілерді, оқиғаларды салыстырып, незгі өзгерістерді тани білуі;
- фактілер мен деректерге сүйеніп, өзіндік ой-пікірін логикалық тұрғыдан қорытындылап, тұжырымдай алуы қажет.

Логикалық тест тапсырмалары


1.Ежелгі заманда Қара жер деп аталған мемлекет
А) Аккад
В) Египет
С)Нубий
Д) Ливия
Е)Эфиопия



2.Ежелгі адамдардың діни түсінігі бойынша баспананың,қазандағы ырыстың қамқоршысы
А) күн
В) аспан
С)от
Д) ана
Е)жел



3. Үнді өзенін мекендеген халық
А)үндіирандықтар
В) индонезиялықтар
С)үндіеуропалықтар
Д)үндістер
Е)үнділер



4.Атауы египет тілінен аударғанда «кеме жасаушы»деген ұғым беретін мемлекет
А) Египет
В) Шумер
С)Қытай
Д) Нубия
Е)Финикия


5. Ежелгі адамдар діни нанымына сәйкес Жердің әйел Құдайы:
А) Ан
В) Энгиль
С)Ки
Д) Гера
Е) Юнона



6. Ассирия мемлекетінің тарихы аяқталған жыл:
А) Б.з.б 600 жылы
В) Б.з.б 610 жылы
С) Б.з.б 615 жылы
Д) Б.з.б 608 жылы
Е) Б.з.б 605жылы



7. «Авестада» «таулары биік көтерілген» деп сипатталған ел
А) Урарту
В)Бактрия
С)Элам
Д) Парфия
Е) Ассирия


8.Мәскеу қаласын өртеген әскери қолбасшылар
А) Шыңғыс хан,Едіге
В) Едіге,Наполеон Бонопарт
С) Тоқтамыс,Әмір Темір
Д) Наполеон Бонопарт,Атилла
Е) Наполеон Бонопарт,Тоқтамыс



9. Навуходоносордың: «Мен өзімді солтүстіктегі тауда жүргендей сезінуім керек»деген сөздерінен пайда болды:
А) Египеттегі пирамидалар
В) Аспалы бақ
С)Урарту мемлекеті
Д) Сфинкс
Е) Ұлы Қытай қорғаны



10.Біздің заманымызға дейін Африка құрылығын айналып шыққан
А) Египеттіктер
В) Испандықтар
С) Финикиялықтар
Д)Хеттіктер
Е) Португалдықтар



11. Александр Македонскийдің әскерін талқандаған:
А) Египеттіктер
В) Парсылар
С)Вавилондықтар
Д) Сақтар
Е)Ғұндар



12. Қытайда ойлап табылған,бүгінге дейін мектептерде,жоғары оқу орындарында кең түрде қызмет етіп келе жатқан заттың бірі
А) сейсмограф
В) компас
С)қағаз
Д)оқ-дәрі
Е) аспанның картасы


13.Ежелгі Грекияда қосымша мектептердің атауы
А) Лицей
В) Гимнасия
С)Академия
Д) Институт
Е)Палестра



14. Римдіктердің сүйікті ермегіне айналған:
А) ақындар жарысы
В) шешендер сайысы
С)сенат жиыны
Д)гладиаторлар шайқасы
Е)императордыңқалаға сапары



15. Арабтарда ислам діні және мемлекеті пайда болған ғасыр
А) Ү ғасыр
В) ҮІ ғасыр
С) ҮІІ ғасыр
Д) ҮІІІ ғасыр
Е) ІХ ғасыр



16. Жүзжылдық соғыс:
А) Франция мен Араб халифаты арасындағы соғыс
В) Франция мен Аварлар қағанаты арасындағы соғыс
С) Франция мен Испания арасындағы соғыс
Д) Франция менАнглия арасындағы соғыс
Е) Франция мен Италия арасындағы соғыс



17.Бүкіл Орта Азия халықтарының грек-македондықтарға қарсы азаттық күресін ұйымдастырушы
А) Томирис
В) Ширақ
С)Спитамен
Д) Зарина
Е)Спаргапис



18. «Гүлдер» арасында соғыс болған ел
А) Англия
В) Франция
С) Испания
Д) Португалия
Е)Үндістан



19. ХІҮ-ХҮ ғасырларда тарихтағы ең ұзақ соғысты жүргізген елдер
А) Англия мен Испания
В) Қытай мен Жапония
С) Франция мен Англия
Д) Испания мен Франция
Е) Португалия мен Испания



20. Қожа Ахмед Йассауи кесенесіне қатысы бар ғалым
А)Әл-Хорезми
В) Әмір Темір
С) Ұлықбек
Д) Ибн Сина
Е) Әл-Беруни


21. Маврлардың Отаны
А) Шығыс Азия
В) Оңтустік Азия
С) Солтүстік Африка
Д) Қытай
Е) Үндістан



22.Орта ғасырларда Әмір Темірдің ұрпақтары билік құрған ел
А)Жапония
В)Қытай
С)Қырым
Д) Үндістан
Е)Балқан түбегі



23. Киевте «Игорь туралы жыр».... жазылды
А) 1285ж
В) 1185ж
С) 1190ж
Д)1385ж
Е)1085ж



24. Иылдгерим («Найзағай»)деген атқа ие болған түрік сұлтаны
А) Мұрад
В) Осман
С) Баязид
Д) Селим
Е)Мехмед

25. Территориясында ацтектер өмір сүрген қазіргі мемлекет
А) Мексика
В) Бразилия
С) Аргентина
Д) Уругвай
Е) Венесуэла



26. Куликово шайқасында жеңіске жеткен Мәскеудің кінәзі
А) Дмитрий Донской
В) Дмитрий Волжский
С)Всеволод Большое Гнездо
Д) Владимир Мономах
Е) Ярослав Мудрый



27. АҚШ-тың тұңғыш Президенті
А) Т.Джефферсон
В) Б.Франклин
С) Маркиз де Лафайет
Д) Д.Вашингтон
Е) У.Тафт

28. «Қасиетті лига» коалициясының негізгі қарсыласы:
А) Иран
В) Қырым хандығы
С) Ауғанстан
Д) Түркия
Е) Ресей



29. Иранда егіншілікпен айналысқан отырықшы шаруалар
А) сефевидтіктер
В) ирандықтар
С) иляттар
Д) раяттар
Е)тиулдар



30. ... ақпанда Англияда бірінші чартистік конвент жиналды.
А) 1829 ж
В) 1849 ж
С) 1859 ж
Д) 1839ж
Е) 1819 ж



31. 1861 жылы 19 ақпанда Ресей императоры ІІ Александр қол қойған Манифест
А) дворяндық бостандығы
В)демократиялық бостандықтар туралы
С) басыбайлылық құқықты жою туралы
Д) тақтан бас тарту туралы
Е) саяси партияларды құру туралы



32. Жапонияда Муцухито императордың билік еткен кезеңінің атауы:
А) экономикалық реформалар уақыты
В) жапон экспансиясының кезеңі
С)өнеркәсіп төңкерісінің уақыты
Д) білімпаз Мэйдзи билеуші кезеңі
Е) Ресеймен жүргізілген экономикалық байланыстардың жақсару уақыты



33. 1915жылы 22сәуірде герман әскерлері Ипр қаласының түбінде ... қолданды.
А) танктерді
В) химиялық қаруды
С) авиацияны
Д) соғыстың жаңа тәсілдерін
Е) ядролық қаруды



34. 1922 жылы 28 қазанда Муссолини
А) Эфиопиямен соғыс бастады
В) корольге қастандық жасады
С) мемлекеттік төңкеріс жасады
Д) Маттеоттиді өлтіруді ұйымдастырды
Е)фашистік топтарды Римге қарсы жорыққа ұйымдастырды



35. Жапон милитаризмінің негізгі ұйымдастырушысы:
А) император
В) Танака
С) Курабу партиясы
Д) Минсэйто
Е)Каное кінәз



36. Алғашқы олигархтар басқарған мемлекет
А) Спарта
В) АҚШ
С) Англия
Д) Франция
Е)Мидия



37. Демократияның негізі қаланды
А) Римде
В) Афиныда
С) Қытайда
Д) АҚШ-та
Е) Францияда



38. Театр,хор,трагедия,комедия сөздерінің шыққан Отаны
А) Грекия
В) Рим
С) Қытай
Д) Үндістан
Е)Франция



39. Қала-мемлекет
А) Пекин
В) Урарту
С) Карфаген
Д)Дели
Е) Мараканда



40. «Илоттар»ұғымына қатысы бар ел
А) Афины
В) Вавилон
С) Спарта
Д) Урарту
Е) Рим



41.Пириней түбегіндегі ең алғашқы университеттің негізін салушылар
А) Еврейлер
В) Испандықтар
С) Арабтар
Д) Парсылар
Е)Ағылшындар



42. ҮІІ ғасырда Балқан түбегінде Болгар мемлекетін құрушылар
А) Арабтар
В) Түрік тайпалары
С) Батыс славяндар
Д) Ғұндар
Е)Скифтер



43.Рюриктер әулетінің шыққан тегі
А) Түрік тайпалары
В) Ғұн тайпалары
С) Скандинавия тайпалары
Д) Франктер
Е)Готтар



44. ІХ-Х ғасырлар аралығында Шығыс славян тайпалары жерінде құрылған мемлекет
А)Болгар патшалығы
В) Чех мемлекеті
С) Морав мемлекеті
Д) Киев Русі
Е) Кордова мемлекеті



45. Ежелгі Қосөзен мемлекеті:
А) Либия
В) Египет
С)Кушан
Д) Хетт
Е)Аккад



46. Жібек матасының отаны:
А) Қытай
В) Алдыңғы Азия
С) Финикия
Д) Үндістан
Е) Греция



47. Афиныда «демос» деп аталған әлеуметтік топтар
А) аристократтар
В) қарапайым халық
С) құлдар
Д) лауазымды адамдар
Е)стратегтер



48. Үндістанды ашқан саяхатшы
А) Васк да Гама
В) Америго Веспуччи
С) Бартоломеу Диаш
Д) Магеллан
Е)Христофор Колумб



49. «Бес өзен елі» деп аталатын Үндістандағы аймақ
А) Пенджаб
В) Макараштра
С) Бенгалия
Д) Бихар
Е) Худжарат



50. Санаудың ондық жүйесін ойлап тапқандар:
А) көшпенділер
В) арабтар
С) үнділер
Д) қытайлар
Е) парсылар

ID: 1624 | Просмотров: 9120