Сайт учителя начальных классов
.
Атырау қаласы 20 мектеп лицейі
Тарих пәні мұғалімі Камешева В Б
Сабақ тақырыбы Әбілқайыр хандығы
Мақсаты
Білімділігі: Әбілқайырдың хан болудағы жүргізген қызметі,саясаты, хандықтың халық этникалық құрамы туралы білімдерін толықтыру
Дамытушылығы: Оқушылар бойына азаматтық батырлық сана сезімін,тарихи ойлау шығармашылық қабілетін арттыру
Тәрбиелігі: Өз Отанын сүюге, оны қорғай білуге, елінің шыншыл да батыл патриоты болуға баулу
Сабақ түрі: Дамыта оқыту технологиясы, Жаңа сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: Пікірталас, сұрақ жауап, ізденіс, топтық жұмыс
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, плакат, оқулық, постер бетшесі, маркер
Сабақ жүрісі: 1 Ұйымдастыру Оқушыларды Білгірлер Тапқырлар деп 2 топқа бөлу
2 Үй тапсырмасын тексеру ауызша сұрақ
Әмір Темір неше жыл биледі?
Ноғай Ордасы ішкі сыртқы жағдайы қалай бейнеленген?
Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылған?
3 Жаңа сабақ:
Жоспары
А)Әбілқайыр хандығы құрылуы
Б)Халқының этникалық құрамы
Сабақ үстіндегі тапсырмалар
*** Салыстырмалы ой қозғалыс
Интербелсенді тақтамен жұмыс топ мүшелері хандық жағдайын суреттеуі
Әбілқайыр хандығы құрылмастан бұрынғы-------хандық құрылғаннан кейінгі жағдайы
*** Тарих сандармен сырласады
Мысалы 2топқа сандар алмасқан парақша беріледі, жауабы шапшаң айтылуы қажет
2814-1428ж Әбілқайыр хан болуы
5146-1456ж Әбілқайырдың Үз Темір бастаған ойраттармен Сығанақ маңында шайқасуы
4641-1446ж Әбілқайыр хан шонжарлардың бірі Мұстафа әскерлерін талқандауы
3141-1431ж Әбілқайыр хандығы орталығы Тура қаласы атануы
*** Зерттемелік себептілік 2 топқа ортақ сұрақ-тапсырма
Керей мен Жәнібек не себепті Әбілқайырға қарсы шықты?
40 жыл билеген Әбілқайыр хандығында не себепті тыныштық орнай алмады?
Шайбани ұрпағы Махмұд Қожаны Әбілқайыр не себепті талқандады?
Әбілқайыр хандығы не себепті ыдырап кетті?
*** Оқулықпен жұмыс
Білгірлер- Тақырып бойынша кейіпкерлерді сипаттау қызметі
Тапқырлар -Әбілқайыр ханның ел билеудегі саяси қызметі ерекшелігі
4 Сабақты пысықтау
<Қане ойлан> ауызша сипаттамалық сұрақ
1 топ жағымды
2 топ жағымсыз
Әбілқайыр хан бойындағы жағымды жағымсыз жақтары
Тест сұрақтары
А)Әбілқайыр хандығы орталығы
*Жетісу
* Сығанақ
*Хорезм
Б)Әбілқайыр қалай қаза болды?
* Шайбани әулеті сұлтаны Махмұд Қожаның қолынан
* Ойраттармен жорықта
* Моғолстанға жорықта
В)Әбілқайыр хандығы қашан құрылды?
*XV
*XIV
*XVI
C)Әбілқайыр хан кімнің ұрпағы
*Әмір Темір
*Шыңғыс хан
*Едіге
Д)1468жӘбілқайырға бағынғысы келмеген
*Тоғылық Темір
*Керей мен Жәнібек
*Тоқтамыс
Е) Әбілқайыр хандығында қай тайпа коп болған?
*моңғол
*түрік
*қазақ
Жауаптары А-2,В-3,C-2,Д-2,Е-2
5 Үй жұмысы §27 тақырыпты түсініп оқып келу
<Мен егер хан болсам>тақырыбында эссе жазып келу

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан тарихы әдістемелік журнал 2009
Қазақстан тарихы анықтамасы 2005
Қазақстан тарихы тест жинағы 2008

ID: 1696 | Просмотров: 4336