Сайт учителя начальных классов
.
Пәні Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сыныбы 7
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақ хандығы құрылу қарсаңындағы қазақ халқы жағдайы, хандықтың құрылудағы басты мақсаты, хандықтың ішкі- сыртқы жағдайы, Керей мен Жәнібектің саяси қызметі жөнінде баянды ету
Дамытушылығы: Сабақ барысында оқушы белсенділігін арттыра отырып өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, тарихи ұғымдардарды талдай білуге, салыстыруға, өз ойын ортаға сала білуге баулу
Тәрбиелігі:Туған жерін сүюге, туған өлкесіне өз үлесін тигізуге, заман талабына сай патриот тұлғаны қалыптастыруға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілігі: тест, слайд, оқулық, постер
Әдіс тәсілдер: Ойландыру, талқылау, зерттеу, топтық жұмыс, пікір алмасу
I Ұйымдастыру кезеңі Топқа Хандар мен Билер деп бөлу
II Үй жұмысын тексеру
Қазақ хандығы құрылу алғышарты
1 Хандықтың құрылу себебі
2 Хандықтың құрылу алдындағы халық жағдайы
3 Қазақ хандығы құрылуы қай Орда ыдырауы нәтижесінде пайда болды?
III Жаңа сабақ
Бейнефильм Хандықтың құрылуы жөнінде үзінді
Жоспары
1 Хандықтың негізін қалаушылар
2 Қазақ хандығы аумағы
3 Көрші елдермен қарым-қатынасы
Топтық жұмыс (Постер қорғау)
I топ Хандар тобы- Қазақ хандығы сыртқы байланысы
II топ Билер тобы- ҚР қазіргі корші елдермен байланысы
Зерттемелік жұмыс (ұжымдық тапсырма)
1 Қазақ хандығы неліктен құрылды?
2 Хандықты неліктен Керей мен Жәнібек басқарды?
3 Хандықты құруда неліктен шиеленістер болды және кім тарапынан?
4 Хандық неліктен Қозыбасыда құрылды?
Деңгейлік жұмыс (Жарнамалау)
Шарты: тақырып мәтінінен тарихи ұғымдарға түсінік беріледі
Мысалы Хандық-Республика
Хан-Президент
Жеті Жарғы-Конституция
Билер-Президент кеңесшілері
Оқулықпен жұмыс
Мәтін бойынша хандықтың құрылудағы табыстары мен қайшылықтарын тауып сипаттама беру Үлгі:Табыстары- Әмір Темір сауатсыз болғанымен, өнерді, көркем әдебиетті жақсы көрген Оған дәлел мешіт, медреселерді салдырған. Мысалы 1397ж Түркістан топырағында Қожа Ахмет Йассауи кесенесі Әмір Темір бұйрығымен салынған болатын
IV Сабақты бекіту тапсырмалары
1 Толықтыру тест тақтамен жұмысы
Қазақ хандығы ---------- деген жерде ------ж құрылды
Хандықтың экономикалық жағынан күшеюіне------ ұмтылған----
Хандықтың құрылуы мен нығаюы----жағдайларды тоқтатты
2 Балама тест
А)Ақ Орда ханы Әмір Темір ұрпақтары Керей мен Жәнібек болатын
Б) Керей мен Жәнібек саяси дұшпандары Әбілқайыр болған еді
В) XVғ 50ж Керей мен Жәнібек Шу өзені бойына көшіп кетуге мәжбүр болды деп Әл Хорезми Тарих кітабы еңбегінде жазылған
С)Қазақ хандығы мұрагерлік тағын жалғастырған Жәнібек еді
3 Топтастыру стратегиясы
Қазақ хандығын қалыптастыру мақсатында Керей мен Жәнібек бөгет шиеленістерді басқа қандай жолдармен шешуі мүмкін еді? Екі топ өз пікірлерін тақтаға толықтырып жазады
V Қорытынды Өз тарихын білмеген өзін де сыйламайды деп Елбасымыз Н Ә Назарбаев айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?несімен ұнады?Күнделікті сабақтан ерекшелігі бар ма?
VI Үй жұмысы 34 Қазақ хандығы құрылуы тақырыбында салыстырмалы кесте толтыру
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ елінің қысқаша тарихы 1998
Егеменді Қазақстан 2009
Ұлттық энциклопедиясы 2005
Атырау қаласы №20 А С Пушкин атындағы мектеп-лицейі тарих пән мұғалімі Камешева В Б

ID: 1697 | Просмотров: 3636