Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: § 43. Қазақ халқының наным-сенімдері.
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларды Қазақ халқының бұрынғы кездегі наным-сенімдерімен, дінімен, жал-пы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным-сенім түрлерінің пайда болу тарихымен таныстыру.
• Дамытушылық: дінге деген оқушылардың жан-жақты көзқарастарын қалыптастыру, дін және наным-сенімдердің адам баласының рухани өмірінде алатын орнын анықтауға үйрету, ежелгі наным-сенімдерді нақты түсіне білу қабілетін дамыту.
• Тәрбиелік: халқымыздың ежелден келе жатқан рухани мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету, діни сенімдердің адам баласына пайдалы жақтарын анықтауға көмектесу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: «Қағбаның» суреті, карта, т.б.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын қайталау.
Өткен сабақты пысықтау мақсатында үйге берілген тапсырма тексеріледі. Халықтың ауызекі шығармашылығы жайында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып жауабын аламын. Үйде оқып не тыңдап келген эпостық жырларын бір-екі оқушыға оқытып талдатамын. Бұдан кейін үй тапсырмасын қорытындылай отыра жаңа сабаққа көшемін. Сонымен қатар өткен сабақты өтілетін жаңа оқу материалымен байланыстыра кетемін.
III. Жаңа сабақ.
• Жаңадан өтілетін сабақтың тақырыбы мен жосп сенімдерімен, дінімен, жал-пы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным-сенім түрлерінің пайда болу тарихымен таныстыру.
• Дамытушылық: дінге деген оқушылардың жан-жақты көзқарастарын қалыптастыру, дін және наным-сенімдердің адам баласының рухани өмірінде алатын орнын анықтауға үйрету, ежелгі наным-сенімдерді нақты түсіне білу қабілетін дамыту.
• Тәрбиелік: халқымыздың ежелден келе жатқан рухани мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету, діни сенімдердің адам баласына пайдалы жақтарын анықтауға көмектесу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: «Қағбаның» суреті, карта, т.б.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын қайталау.
Өткен сабақты пысықтау мақсатында үйге берілген тапсырма тексеріледі. Халықтың ауызекі шығармашылығы жайында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып жауабын аламын. Үйде оқып не тыңдап келген эпостық жырларын бір-екі оқушыға оқытып талдатамын. Бұдан кейін үй тапсырмасын қорытындылай отыра жаңа сабаққа көшемін. Сонымен қатар өткен сабақты өтілетін жаңа оқу материалымен байланыстыра кетемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңадан өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылады.
Сабақ жоспары:
1. Ежелгі діни түсініктер.
2. Қазақ халқының алғашқы сенімдері.
Алдымен тақтаға «Дін» деп жазып бұл туралы оқушылардың не ойлайтындарын дәптер бетіне бір-екі сөйлеммен түсіруді тапсырамын.
Содан оқушыларға жазғандарын оқытып, олардың ішінен кейбіреуін бір сөзбен тақтаға жазып қоямын. Оқушылардың жазғандарына шолу жасай отыра жаңа сабақты түсіндіріп етемін.
Дін ежелден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Адам баласы алғаш жаратылғаннан бастап табиғаттан тыс жаратушы бар деп ойлап, сол белгісіз күштерге сенген. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған. Алғашқы адамдар көптеген табиғат күштерінің алдында дәрменсіз болды, сондықтан табиғи күштерге табыну да кең орын алды. Бірақ адамдар осының бәрін бір Жаратушының ісі деп ойлады.
Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте заманда, яғни тас дөуірінде пайда болған.
Ол кездің бір қызығы адамдар жаратушыны ағаштан немесе тастан ойып жасаған. Оны түл деп атайды.
Тас дәуірінде адамдар сонымен қатар табиғат күштеріне және отқа табынған. Қола дәуірінде адамдардың діни түсініктері одан әрі дамиды.
ары алдын ала тақтаға жазылады.

Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын алған.
 Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай - Ахурамазда. Қасиетті кітабы - «Авеста». Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.
 Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.
 Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып есептелген.
 VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның көптеген жерлеріне тарап үлгерді.
Айтып болғаннан кейін оқушыларға төмендегідей кестені толтыртамын.
Діни нанымдар Қазақстан жеріне тарауы, негізгі қасиеттері
Заратуштра
Төңірге табыну
Христиан, будда
Ислам діні
Осыдан кейін діннің адам баласына пайдасы туралы шағын әңгіме өткіземін. Онда мынадай мәселелерге көңіл бөлген дұрыс:
1. Дін Аллаһтың әмірі
2. Діннің тәрбиелік мәні.
3. Дін - бейбітшілік жаршысы.
4. Діни құндылықтар.
Мұнда бағыт бере отырып, көбінесе оқушыларды сөйлетемін. Оқушыларды көтермелеп отырамын.
Қорытынды кезең:
Сабақты бекіту максатында карточқаларды пайдаланамын.
Ондағы сұрақ үлгілері:
 Дін дегеніміз не?
 Табиғат күштеріне табыну дегеніміз не?
 Алғашқы адамдардың наным-сенімдерінің түрлері қандай болған?
 Адамдардың отқа табынғандарын неден байқауға болады?
 Түркілердің алғашкы сенімі Тәңірге табынудың ерекшелігі неде?
 Ең ежелгі діни сенім Зәрдүш қалай пайда болып, тараған?
 Христиан, манихей діндері қалай тараған?
 Ислам діні Қазақ жеріне қалай келді?
Бағалау: Үй тапсырмасы:§ 43. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

ID: 1058 | Просмотров: 3118