Қасым хандығы

  • Жүктеулер: 705
  • Көрсетілім: 1424
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 27/Мар/2015
Ашық сабақ: Қасым хандығы

Даутова Гулнур Темиргалиевна ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі
М.Әуезов атындағы орта мектеп

Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.
Сыныбы: 7"В" сынып.
Сабақ № 47
Уақыты 27.02.15жыл
Сабақ тақырыбы: Қасым хандығы
Сабақ мақсаты: Қасым хан туралы және оның жүргізген саясатын, қазақ хандығының нығаюына қосқан зор үлесі туралы оқып-үйрену
Ресурстар Интербелсенді тақта, маркер, презентация, стикер, оқулық, үлестірме қағаздар
Күтілетін нәтижелер А) Қасым хан және оның заңы туралы біледі
В) Қасым ханның жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы деректерді талдайды
С) Қасым хан туралы тарихи деректерге баға бере отырып, қорытындылайды

І. Ұйымдастыру бөлімі
«Керей», «Жәнібек», «Қозыбасы» деп жазылған стикерлер арқылы 3 топқа бөлінеді. Топ спикерлері сайланады. Әр топтан бір оқушы шығып бүгінгі сабағымызға тілек арнайды. Бағалау парағын түсіндіріп, тарату. Смайлик арқылы сабақтың әр кезеңі бағаланады.
Критерий:
15-12 смайлик-5
12-8 смайлик-4
8-3 смайлик-3
Оқушы
аты-жөні Үй
тапсырмасы Топтық жұмыс Сөзжұмбақ Сөздер банкісі Синквейн Қорытынды
1
2
3
4
5
6

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Стикердегі диалог.
1.Қазақ хандығының құрамына кімдер отыруға құқылы болды?
Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан Керей мен Жәнібек отыруға құқылы болды.
2.Қазақ хандары 15ғ. 70 жылд. қай жерлерді басып алды?
Сырдария бойы мен Қаратау өңірін басып алды
3.Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін кіммен соғысты және неше жылға созылды?
Әбілқайырдың немересі Мұхамед Шайбани ханмен соғысты және 30 жылға созылды
4.Сыр бойындағы қалалардың қазақ хандығы үшін маңыздылығы қандай?
Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты
5.Қазақ хандығында халықтың саны кімдердің есебінен көбейді?
Дешті Қыпшық даласының көшпелі тайпалары
6.Қазақтың алғашқы ханы кім?
Керей
7.Қазақ халқының қалыптасуының негізгі этникалық арқауы болған тайпаларды ата?
Ежелгі сақ, үйсін, қаңлыт.т.б
8.Неге Керей бірінші таққа отырды?
Мұрагерлікпен қатар жасының үлкендігі ескерілген
9.Қазақ хандығы алдындағы тарихи міндеттері қандай?
1.Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшық даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру
2.Шығыс пен Батыс арасында сауда керуен жолы үстінде орналасқан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату
3. Тайпалардың басын қосып, қазақ этникалық аумағын біріктіру
10. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы қандай?
1.Ұлт болып қалыптасуы аяқталды.
2. Ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды
3.Жер аумағын кеңейтті
4.Үлкенді-кішілі мемлекеттермен қарым-қатынас орнатты
5.Салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.
Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа көшу үшін сөзжұмбақ беремін. Сөзжұмбақ арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.

1. Қазақ хандары ту тіккен құтты мекен
2. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы
3. Жер жаннаты
4. Ортағасырлық қаһарман қала
5. Қазақ хандығының құрамына енген рулардың бірі

Топтық жұмыс. Оқулықты оқи отырып, топтық жұмыс жасайды.
І-топ. Қасым хан туралы деректер және оның заңдарын айқындайды
ІІ- топ. Қасым ханның ішкі саясаты
ІІІ-топ. Қасым ханның сыртқы саясаты
Топтық жұмыстар қорғалады және 2 жұлдыз,1 тілек арқылы бір-бірінің жұмыстарына баға береді.
Сергіту сәті. Ұлытау-Жұмырқылыш (WikiBit.me)
Беркіту тапсырмалары: 1.Сөздер банкісі. Келтірілген сөздердің қайсысы жатады?

2.Синквейн. Қасым хан. Сығанақ. Қасым ханның қасқа жолы
1.Зат есім
2. ІІ сын есім
3. ІІІ етістік
4. ІV сөзден тұратын сөйлем
5. 1 сөз+ сын есім
ІV.Қорытынды.Миға шабуыл. Қасым хан кім?

V. Үй тапсырмасы: хронология жаттау
VІ.Бағалау.
VІІ.Кері байланыс.

Автор: Даутова Гулнур Темиргалиевна

Атырау облысы Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.