Сайт учителя начальных классов
.
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: «Архитектура және өнер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өнер туындыларымен таныстыра отырып, сәулет, діни сәулет өнері, бейнелеу және мүсін, қолданбалы өнер туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, ойын еркін айта білуге, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: ҮІ – ІХ ғасырлардағы өнер туралы түсінік қалыптастыра отырып, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауға тәрбиелеу. Мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақ әдісі: СТО технологиясы, ойын, сұрақ – жауап, тест, топтастыру, баяндау, кубизм
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдебиет
Көрнекілігі: мультимедиялық құралдар, кубик, қоржын, асықтар, тест парақтары, Қазақ Кеңес энцоклапедиясы 1- том, хрестоматия,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аударту)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Сиқырлы қоржын» ойыны ойналады. Оқушылар қоржыннан асық алып, асық номері бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптерінің бір түрі (мал өсіру)
2. Қай дәуірде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды? (темір)
3. Мал шаруашылығының қандай түрлері бар? (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы)
4. М.Қашғаридың жазуына қарағанда Испиджаб қаласы қалай аталды? (Сайрам)
5. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық мәдениет орталықтары болған қалаларды ата.
6. Сауда қандай бағыттарда жүрді?
2 – тапсырма: 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындайды.
Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
Архитектура, өнер деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? - деген сұрақ қойылады. Оқушылар жауабы тыңдалады. Оқушылар өнердің түрлерін топтастыру әдісімен дәптерлеріне жазады.
ІІ. Мағынаны тану.
Мұғалім сөзі:
- Архитектура латын сөзінен аударғанда құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем салынған архитектуралық ғимарат.
Тараз, Қызылөзен, Құйрықтөбе, Баба – Ата, Қостөбе қалаларындағы қазба жұмыстары нәтижесінде іргетасы ғана сақталған тұрғын үйлердің архитектуралық жүйелері табылған. Олар - Ақыртас, Білеулі, Мырзарабат сардобасы және Якка сардобасы
Бейнелеу өнері архитектуралық құрылыстың дамуына байланысты дамыды. Бірақ архитектуралық құрылыстан бұрын дүниеге келген. Мүсін өнері де түрік дәуірінде ерекше дамыған. Мүсін өнеріндегі «балбал», «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштері арқылы Қазақстанда бұл өнердің ерте пайда болғанына көз жеткізуге болады.
Қолданбалы өнер өнер-архитектуралық құрылыс жүйелерінің бір бөлігі. Бұл өнерден бірден көзге түсетіні: терракота, көркем керамика, ұсақ пластика.
Толығырақ сабақ барысында танысасыздар.
Кубизм
Сыныпқа – тапсырма:
1. Архитектура мен өнер ұғымдарының мағынасын айт.
2. Архитектуралық құрылыстарды ата, олар туралы сипатта.
3. Діни ғимараттар туралы айт.
4. Бейнелеу өнері туралы әңгімелеп бер.
5. Мүсін өнеріне сипаттама бер.
6. Қолданбалы өнер туралы әңгімелеп бер.
Әр топ өз тапсырмасы бойынша жұмыс жасайды.
Сабақты бекіту үшін «Алтын қақпа» ойыны ойналады.
(Терминдер сөйлейді.)
І. «Тас қақпа»
Сұрағы:
«Архитектура» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
ІІ. «Күміс қақпа»
Сұрағы:
«Сардоба» қандай құрылыс?
ІІІ. «Алтын қақпа»
Сұрағы:
Балбал деген не?
«Алтын сандық»
Сұрағы:
Терракота қандай мағынаны білдіреді?
Қорытынды:
Әйтеке би ауданындағы Қали тамы, Сахабай тамы, Жолай Жүсіп мазарлары, Құлтас руының мұнаралы мешіті, Нұрсейіт тамы, Қаражан, Шыбын мазарлары, Хан моласы қорымы, Қарабас әулие бейіті, Қарабас әулие бейітінен 500 метрдей жердегі 1862 жылғы құлыптас ескерткіштері орта ғасырлардағы сәулет өнері туындыларының жалғасы.
Ақтөбе қаласында да ғимараттар бой көтеруде. Солардың бірі – Нұр ғасыр мешіті. «Нұр дәулет» сауда үйі де әсем ғимараттардың қатарында. Осындай еліміздің тарихи құндылықтарын құрметтеп, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауға атсалысуымыз қажет – дей отыра, экраннан көрсетіледі.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: § 8 «Архитектура және өнер» кестесін толтыру.

ID: 1746 | Просмотров: 3882