Сайт учителя начальных классов
.
«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған  ұлт-азаттық көтеріліс» -

«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 1225 | Просмотров: 3225 | Размер: 25.6 Kb | Автор: marat210566
Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:
«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс»
(Қорытынды сабақ)

Сыныбы: 8 «Ә»
Пәні: Қазақстан тарихы
Мұғалімі: Айткужин. М.Ж

2014-2015 оқу жылы
Қазақстан тарихы
Сыныбы: 8 «Ә»
Тақырыбы«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс».
Мақсаты:
Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің маңызын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтарын, оқиғаның тарихта алатын орнын анықтауға дағдыландыруға үйрету;
Көтеріліс басшыларының көтеріліс барысына тигізген ықпалын бағалай отырып, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және тарихи маңызын ашу;
-Оқушыларды бірігіп еңбек етуге, топпен жұмыс жүргізуге ,іздену, сараптау қабілеттерін дамыту. Өз Отанының батырларын мақтан тұта білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі:шығармашылық, ізденіс, топтық, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:карта, слайд, интерактивті тақта, кесте,таратпа материалдары
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі
А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Ә)Сыныпты топқа бөлу (түрлі түсті қағаздарға сандар жазып тарату)
Тренинг: Оқушылар бір-бірінің алақандарын тигізеді, қолдарынан ұстайды.
Кіріспе сөз:
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманын,
Білесіздер бүгінгі сабақ жалғарын
Құрметті оқушылар біз бүгін Қазақстан мемлекетінің тарихында үлкен орын алған оқиғаны қарастырғалы отырмыз. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай болып отыр. Алып дала қырандары отаршыларға қарсы күресті. Бүгінгі тәуелсіздігімізде сол бабаларымыздың айбынды күші жатыр.
1-кезең.
Әр топ берілген тапсырмаларын қорғау (5 мин.)
1-топ.Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері, көтерілістің басталуы.
2-топ.Патша үкіметінің жазалау әрекеттері, елшіліктердің хан ордасына келуі
3-топ.Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі, ұлы жүз аумағына қарай шегінуі, Қырғызстан аумағындағы қимылдары.
4- топ. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары, тарихи маңызы.

ID: 997 | Просмотров: 3225