Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар

Сәндік өнер, дәстүрлі технология, символ, стильдеу, контур, пропорциялар, ою-өрнек түрлері мен құрылымы.
[ Сайттан жүктеу (230.6Kb) ] 27.11.2015, 14:15

Материалдың жеке номері 2204

Сәндік өнер, дәстүрлі технология, символ, стильдеу, контур, пропорциялар, ою-өрнек түрлері мен құрылымы.

загрузка...
Бейнелеу өнері пәнінен ашық сабақ жоспары. 6 сынып. Күні:_______
Сабақтың тақырыбы: Сәндік өнер, дәстүрлі технология, символ, стильдеу, контур, пропорциялар, ою-өрнек түрлері мен құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы мағлұмат беру. Ою-өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ою- өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, бағалап қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сәндік қолданбалы өнер шығармаларының туындылары, суреттер, плакат, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, жеке тапсырмалар, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал- жабдықтары:
Мұғалім үшін: көрнекі материал- ою-өрнек суреттері, оюмен безендірілген ыдыстар, жеке тапсырма карточкалары.
Оқушылар үшін: гуашь, қылқалам, ПВА желімі, су құятын шағын ыдыс, қара қарындаш, өшіргіш.
Пәнаралық байланыс: Қолөнер, әдебиет.
Сабақ жүргізу үлгісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі- 2 м.
2. Үй тапсырмасын тексеру- 1 м.
3. Жаңа сабақ-12 м.
4. Жеке жұмыс-5 м.
5. Педагогикалық сурет-3 м.
6. Сергіту сәті-3 м.
7. Шығармашылық жұмыс-15 м.
8. Қорытындылау-3 м.
9. Үй тапсырмасы-1 м.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Қызығушылықтарын ояту.
2. Үй тапсырмасын тексеру. А4 форматқа ою-өрнек композициясын салып келу.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Балалар, сөзжұмбақтың шешімін тапсақ, бүгінгі сабақтың тақырыбын табамыз.
Сөзжұмбақ. «Ою- өрнек»

1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу. (Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша. (Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы. (Дизайн)
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері. (Сәулет)
7. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір, т.б. бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)
БІЛЕМІН: Оқушылар ою-өрнек туралы білетін мәліметтерді стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.
1. Ою- өрнек дегеніміз- өсімдіктер, жан- жануарлар, табиғат құбылыстарының, тіпті адамдардың мәнермен, қарапайым бейнеленуі. Ою элементтері қайталау және кезектестіру арқылы жасалады. Оюда нақты пішіндер –жапырақтар, жәндіктер, құстар бейнеленеді.
2. Ою -өрнектің шығу тарихын. Ою өрнектің пайда болуының негізгі қайнар көзі- табиғат.
3. Қайда қолданылатынын.
4. Ою-өрнектердің атаулары: «қошқар мүйіз», «гүл», «түйе табан», «арпабас», «жұлдыз»,
«құс қанаты», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз», «жұлдыз», «аққан жұлдыз»,
Ою -өрнектің шығу тарихы.
Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерінің алғашқы үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінен зерделенген. Ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою- өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі- ою-өрнек элементтерін меңгеру болып табылады.
БІЛГІМ КЕЛЕДІ: Ою-өрнек туралы не білгілері келетінін стикерге жазып, тақтаға іледі.
1. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлерін.
2. Өзге мемлекеттің өрнектері жайлы қысқаша мәлімет.
3. Қандай техникада ою-өрнектерді салуға болатынын.
1. Ою-өрнектер бір немесе бірнеше сәндік элементтен тұрады. Бұл элементтердің түрліше астасып келуі ою-өрнектің негізгі үш түрі- тұйық, жолақты, керегекөз деген пішінін құрайды.
Тұйық өрнек – ою элементтерінің топтасып, тұйық қозғалысты құрауын білдіреді. (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, көпбұрыштағы оюлар)
Жолақты өрнек сәндік элементтер жолақ ішінде өзара үйлесетін ырғақты қатар құрайды.
Керегекөз өрнекте элементтер қайталана отырып, торкөз құрайды.
Ұлттық ою-өрнек түрлері.
Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болады.
1. Зооморфтық –шынайы немесе қиялдан туған жануарлар денесі немесе денесінің бір бөлігі бейнеленеді. Малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқар мүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т.б.
2. Өсімдік бейнелі- жапырақтар, гүлдер, жеміс-жидектер бейнеленеді. «Арпабас», «үш, бес. алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл», «жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.
3. Геометриялық- геометриялық пішіндерден тұрады. «Қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» және т.б.
4. Ғарыштық -көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.
Тақтада ілініп тұрған плакаттағы ою- өрнек түрлерін балаларға түсіндіру.

Өрнектердің пайда болуы:


Аққу мен адам қозғалысы. Қошқар мүйіз.

Адамдардың қимыл- қозғалысынан туындаған ою-өрнектер.
2.Өзге мемлекеттер өрнектері туралы қысқаша мағлұмат.
1. Мысыр өрнегі -
2. Көне грек өрнегі-
3. Араб өрнегі-
3. - Ою- өрнектерді түрлі түсті қағаздан қиып аппликация ретінде салуға, безендіруге болады.
- Трафаретті дайындап, губканын көмегімен салуға болады.
- Саусақтардын көмегімен салуға болады.
- Трафареттін көмегімен әйнек бетіне сурет салу.
Ал енді бүгін танысқан ою-өрнектерімізді есімізге сақтап қалуымызға тырысайық. Қолды жаттықтыру үшін жеке тапсырманы орындаймыз.
4.Жеке тапсырмалар: Ою-өрнектерді бастырып сыз және оларды аяқтап сал.
- карточкалар үлестіріледі.
5. Педагогикалық сурет: Әдемі оюларды сендер өздеріңде де жасай аласыңдар. Бүгінгі сабақта ою-өрнектерді әйнек бетіне салу техникасымен шығармашылық жұмысты орындайсындар. Ол үшін трафарет дайындап алу керек. Бүгінгі сабақта үйде орындаған оюларының трафареттерін қолданасындар. Трафарет- бұл салынатын суреттің үлгісі. Оюдан құрастырған композициялық суреттерінді қалаған түспен бояп, оны әйнек бетіне безендіресіндер.
6. Сергіту сәті: Қайталап қол жаттығуларын жасау.
7.Шығармашылық жұмыс: Жұмыс әр оқушының жеке фантазиясы бойынша орындалады. Егер оюды салған кезде қиындық туындаса, көрнекі материалдарға жүгінуге болады.
Жеке жұмыс істеген кезде мынадай кеңестер беруге болады:
- суретімізде ашық түстерді пайдалану;
- сурет салу кезінде ұсақ бөлшектерге айрықша мән берудің қажеті жоқ.
8. Қорытындылау:
БІЛДІМ: - Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлерімен таныстық.
- Өзге мемлекеттің өрнектері жайлы қысқаша мәлімет алдым.
- Қандай техникада ою-өрнектерді салуға болатынын білдім.
Сабақты қорытындылау барысында ең жарқын, шынайы суретті атап көрсету. Бағалау.
9. Үй тапсырмасы: Әлем халықтарының сәндік-қолданбалы өнері (мысалы, дымков ойыншығы), әртүрлі елдер мен халықтардың дәстүрлі көркем қолөнер бұйымдары тақырыбына қысқаша мағлұмат табу.
loading...

Автор: Сартаева Алуа Олеговна

Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебі. Бейнелеу пәні мұғалімі

Бөлім: Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 1202 | Жүктеулер: 601 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 61
Қонақтар: 61
Тіркелгендер: 0