Киіз үй жиһаздары

  • Жүктеулер: 937
  • Көрсетілім: 1861
  • Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
  • 02/Апр/2015
Сабақтың тақырыбы : Киіз үй жиһаздары
Сабақтың мақсаты : киіз үй жиһаздары туралы мәлімет беру және олардың суретін
Білімділігі: киіз үй жиһаздары туралы түсінік беру,киіз үй жиһаздарының маңыздылығын және ерекшелігін түсіндіру.
Тәрбиелігі : ұқыптылыққа, әсемдікке және ұлттық құндылықтарымызды сақтай білуге
Дамытушылығы : оқушылардың ой –өрісін,байқағыштық қабілеттерін, дүниетанымын шығармашылық бағытта дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі : түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қорыту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сөзжұмбақ .
Пәнаралық байланыс :әдебиет ,тарих
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
б) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты пысықтау
1. Қазақ халқының қолөнер бұйымдарын атаңдар
2. Зергерлік бұйымдарға нелер жатады?
Оқушылырды үш топқа бөлу
І топ Әбдіре
ІІ топ Асадал
ІІ топ Адалбақан
Жаңа сабақ . Киіз үй – қазақтың тұрағы, құтты мекені,баспанасы ғана емес,ол сәулет құрылыс,сурет қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып,мақтан тұтатын өнер туындысы.
Киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне 3000 жыл уақыт өтті. Оның «Киіз үй» аталуының себебі сырты киізден,ішіндегі бүкіл тұрмыстық бұйымдардың барлығы киізден жасалған
Қазақ халқы ертеде киіз үйде тұрған. Сондықтан үй мүліктері мен жиһаздары ұлттық қолөнер дәстүрі бойынша көшпелі тұрмысқа лайықталып жасалған. Түрлі материалдардан әзірленетін үй бұйымдары киіз үй кеңістігімен жараса үйлескен. Оларда халықтың сан ғасырлық бай тәжірибелері көрініс тапқан. Үй жиһаздары көп орын алмайтындай және көші-қон кезінде алып жүруге қолайлы болатындай етіп жасалған.
Үй жиһаздары – сандық, жағлан, кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал, ағаш төсек, қол сандық, шай сандық, қобдишалар, төсеніш бұйымдары – кілем, текемет, алаша, сырмақ, құрақ көрпе, жер жастық және заттар мен ыдыс-аяқтарды сақтап, тасымалдайтын бұйымдар – керме, кесеқап, аяққап, қоржын сияқты дүниелерден тұрады.
Үй тұрмысында тұтыну мен сәндік мәні зор бұйымдардың бірі – сандық. Ол киім-кешек, мата-пұл сияқты бағалы заттарды салып сақтауға арналған. Сандықтың бетін былғарымен қаптап, құйма күміспен әшекейлейді. Түгел былғарымен қапталғанды жағлан (шабадан - чемодан) деп атайды. Сондай-ақ сандықтың бет жағына жұқа мыс қаңылтыр, жез қаңылтырларды шаршылап, керегеге көздеп қадау арқылы әшекейлеу де кең тараған. Әрбір үйде 2-4 сандық болады.
Әбдіре (абдыра) – үй бұйымдары мен ұсақ-түйек заттарды сақтайтын, көлемі әр түрлі болып келетін сандық түрі. Көтеруге ыңғайлы болу үшін екі бүйіріне қос-қостан тұтқа орнатылып, қақпағына құлып салынады.
Ас-тағам, ыдыс-аяқ сақтауға арналған мүлікті кебеже деп атайды. Көші-қонда түйеге арту үшін төрт бұрышына қайыс өткізетін тесігі бар құлақ жасалған. Төрт құлақ кебеженің астына жүкаяқ қойылмайды. Қақпақтарын оймыштап, бедерлеп әшекейлейді. Бір үйде

Автор: Рахаева Жулдыз

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.