Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар

Граттаж
[ Сайттан жүктеу (476.5Kb) ] 07.10.2015, 21:16

Материалдың жеке номері 1863

Граттаж

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Граттаж

Мақсаты: білімділігі: «граттография» тәсілімен таныстыру және осы тәсілмен жұмыс жасай біліуге үйрету.
дамытушылық: оқушының қызығушылығын ,ынтасын арттыру; байқағыштық, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту; білім-білік дағдыларын кеңейту.
тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру; оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа баулу.
Міндеті: -балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;
-суреткерлік талғамын, композициялық ойын дамыту;
-ойлау-қиялдау қабілетін, саусақ қимылдарын дамыту;
-жаңа нәрселерді білуге деген құштарлығын арттыру.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: баяндау, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Көрнекілігі: осы тәсілмен жасалған жұмыстар
Қажетті құралдар: қатты картон қағаз, балауыз, тушь немесе гуашь, ұшты таяқша
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Сергіту сәті
Ү. Сарамандық жұмыс
ҮІ. Бекіту
ҮІІ. Қорытынды
ҮІІІ. Үйге тапсырма
І. Оқушылармен сәлемдесу, сынып оқушыларының сабаққа қатысын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сонымен, балалар, қазақ суретшілерінен кімді білеміз?
- Енді, көрейік кімнің «Гүлшоғы» әдемі шықты екен?
- Гүлшоғы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады?
ІІІ. –Балалар, бүгін біз графиканың қызықты әдісі «Граттографиямен»-танысамыз. «Граттография»-француз тілінен аударғанда «тырналап сурет салу» деген мағынаны білдіреді. Яғни, балауызды бетке тырналап сурет салу.





Ең алғаш бұл тәсілді Ресейлік суретші Мстислав Добужинский 20 ғасырдың басында қолданған.
Бұл тәсілмен жұмыс жасау үшін:
1. Қатты қағаз бетіне балауызды жағып шығамыз
2. Балауыз жағылған беттің үстін қара тушпен бояп шығамыз
3. Дайын беттің үстіне ұшты таяқшамен тырналап сурет саламыз
Енді, бәріміз бірге,осы қызықты тәсілмен өз қолымызбен жұмыс жасап көрелік!

Сергіту. Балалар өлең жолдарының мазмұны бойынша қимылдар жасайды.
Пілдің басы жалпақ Кіп-кішкентай көзі
Құлағы дәу қалпақ Тұмсығы оның ирек
Дәу болғанмен өзі Жүреді ылғи билеп
Машықтық кезең Балалар, елестетіп көріңдерші, сендер ертегілер елінде сиқырлы орманда жүрсіңдер. Айнала тастай қараңғы. Зұлым сиқыршы айналаны сиқырлап тастаған. Сендер ол орманды қалай елестетер едіңдер? Оны қалай суреттер едіңдер? Ендеше, өзіңнің сиқырлы орманыңның суретін сал.

Бекіту Граттография дегеніміз не?
Ерекшелігі қандай екен?
Ең алғаш қолданған кім?

Қорытындылау. Балалар жұмыстарын өздеріне бағалату.

Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтап келу
loading...

Автор: Жексембаева Нурия Амановна

Батыс Қазақстан обл Ақжайық ауданы Базаршолан ауылы Ғ.Махамбетов атынд

Бөлім: Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1253 | Жүктеулер: 586 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 15
Қонақтар: 15
Тіркелгендер: 0