Бұранданы кескіндеу және белгілеу

  • Жүктеулер: 717
  • Көрсетілім: 2045
  • Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
  • 02/Ноя/2015
Сайыс сабақтың тақырыбы: Бұранданы кескіндеу және белгілеу.

Білімі көп адам, құралы сай ұста секілді. Не істесе де келістіріп істейді.
(Ахмет Байтұрсынұлы.)

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Сызуды тануға, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту. Сызуды түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт –бағдар беру. Сызуды үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, тарих, биология.
Көрнекілігі: Ұлы суретшілер бейнеленген плакаттар, қабырға газеттері.
Жоспары: (1 сағатқа арналған).
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру.
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.

1-шарт. Таныстыру.
2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы.
3-шарт. «Кім жылдам?»

1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ басшылары өз топтарын таныстырады.

2-шарт. «Бәйге»
Әр топқа 3 сұрақ беріледі. Тез әрі нақты жауап беру керек. Әр топқа 2 минуттан 8 минут беріледі.
«Бәйге» І-топқа
1. Тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі винтті керетін зат не деп талады?
2. Бұранданың неше түрі бар? Оларды атап өт.
3. Сыбайлас екі өркеш арасындағы бұранданың осі бойымен өлшенетін арақашықтық не деп аталады?
«Бәйге» ІІ – топ
1. Техникада тетіктердің қандай негізгі қосылыстарын қолданады?
2. Тетіктердің қосылыстары қандай түрлерге бөлінеді?
3. Әр түрлі машиналардың механизмдерінде кездесетін қосылыстарды не деп атайды?
3-шарт. «Кім жылдам?»
а) Оқушының сызуға деген ынтасын тексеру.
Шпилькадағы бұранданың кескінін сызу.
ә) Макет (бір оқушы бұранданың макетін жасап көрсетеді)
б) Тетіктердің әр түрлі қосылыстарын баяндап беру.

Сабақты қорытындылау, марапаттау.
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен мараппаталады.
Оқушылар бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысымызға қатысқан оқушыларымызға және үлкен алғысымызды айтамыз.

Автор: Чиназов Пулат Арапович

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.