Сайт учителя начальных классов
.
«№35 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша 2015-2016 оқу жылында «Жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу» онкүндігінің өтілуі туралы мәлімет
Оқушылар арасындағы болп жататын келеңсіз немесеөмірлеріне қауіп тудыратын жағдайларды болдырмау. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында «Жас Ұлан»ұйымының жиынында қысқаша баяндама оқылды. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ екендігі айтылды. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық—өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасатындығы әңгімелейді. 2015 жылы 3-9 қыркүйек арасында «Зорлық-зомбылықсыз әлем құрайық» тәрбие сағаттары 1-10 сыныптарда өтті. Үлгілі сабақтарды 9б,9а,7а,3б сыныптарында, сынып жетекшілері Ш.Альжанова, Л.Тезекбаева, С.Еркімбай, С.Базилованың ұйымдастыруымен өтті. «Менің отбасым» сурет байқау 4-5 сыныптарда сурет пәнінің мұғалімі С.Бабазова өткізді. «Конвенция- менің қорғаушым» атты тәрбие сағатын 3а сынып жетекшісі А.Турсунова өтті. «Заң-Құқық және міндет» атты диспутты 9-10 сыныпта құқық пәнінің мұғалімі С.Дюсембаев көрсетті. Зорлық-зомбылық адамның жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер тақырыбында 5-6 сынып жетекшілері ашық әңгіме өткізді. «Жеке тұлғалықты сақтау» пікірсайыс 8-10 сыныптарда сынып жетекшілері ұйымдастырды.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық-адам бостандығы. Қоғам үшін ең бастысы-тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.

ID: 1984 | Просмотров: 7671