Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

Жолда абай болыңдар
[ Сайттан жүктеу (278.0Kb) ] 29.11.2015, 12:25

Материалдың жеке номері 2217

Жолда абай болыңдар

загрузка...
«Жолда абай болыңдар»
деген тақырыппен бастауыш сыныпта өткен сынып сағатының сценарийі

Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы
Ақмола облысы Зеренді ауданы
Абай орта мектебінің
І-ші санаттағы
бастауыш сынып мұғалімі,
әдістеме жетекшісі.
Қосымша
Балалардың жол үстінде қайғылы оқиғаларға ұшырауының негізгі себептері – жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтамау болып табылады. Сондықтан оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру әрбір мұғалімнің міндеті. Балаларды көшедегі жүрісті реттейтін белгі : бағдаршаммен толығырақ таныстыру және жол белгілері, оның түрлерімен таныстыру мақсатында Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері жол тәртібіне арналған сынып сағаттарын, ойын сабақтарды жиі өткізеді. Сабақтарда «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік» деген ұран басты қаруымыз. Бұл сабақтарда жол қауіпсіздігін есте сақтауға, жол ережесін білуге, жол белгілерін үйреніп, оның түрлерін ажырата білуге, білгендерін пайдалана білуді тұрақты тұрақты дағдыға айналдыруға үйретеді. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға, өзіміздің шағын ауылдағы жол белгілерін есте сақтау дағдысына тәрбиелейді. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, көшеде сыпайы айқайламай сөйлеп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу басты міндет. Біздің шағын ауылымызда да арнайы жол белгілері орнатылған. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын «Жолда жүру ережесін» мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отырады. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Жыл сайын, әсіресе жаңа оқу жылының алғашқы айларын¬да «Балалар қауіпсіздігі» ша¬раларын күшейтеміз. Өйткені, оқушылар жазғы демалыстан кейін өз мектебіне барып-келетін үйреншікті жолдарына бойы үйреніп, дағдыланғанға дейін біраз уақыт өтеді. Бастауыш сынып жетекшілері ашық сабақтар өткізіп, ата-аналармен жұмыс жүргізеді. Мұның бәрі бала денсаулығын сақтау үшін, өскелең ұрпақтың аман сау болып өсуі үшін аса қажет.

Тақырыбы: Жолда абай болыңдар!

Мақсаты:
Білімділік: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол
белгілерінің неше түрі бар екенін, оны білу не үшін қажет,
бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай
екенін үйрету. Оларды сақтыққа тәрбиелеу, көше қатынас
ережелерін меңгерту. Жол ережесін есте сақтау қабілетін,
қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жол ережесін сақтауға, көшеде дұрыс жүруге, жол
белгілерін жатқа білуге, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті
бұзбауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, өзін-өзі ұстауын,
көшеде дұрыс жүріп, тұруын дамыту.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, «Жол қозғалысы ережелері» кітапшасы, слайд.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Сабаққа назар аударту.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жолда абай болыңдар» деп аталады. Қазір елімізде неше түрлі көліктер жыл сайын көбейіп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатпен бүгін бізде «Жолда абай болыңдар!» атты сынып сағатын өткіземіз, ендеше, қош келдіңдер, балалар!
Расында да балалар, сендер енді ержеттіңдер. Сендер енді мектепке келерде жалғыз өздерің келе аласыңдар, солай емес пе? Сондықтан, сендер ең алдымен күнделікті сабаққа келерде жолда аман-есен мектепке жету үшін көптеген қарапайым ережелерді білулерің қажет. Олар мыналар:
- Жолда жаяу жүргінші сол жақпен жүру керек;
- Бағдаршамға қарау керек;
- Жолды кез-келген жерден кесіп өтпеу керек;
- Үлкендерге амандасу керек;
- Жолды үлкендермен бірге кесіп өткен дұрыс.
- Жолдан ешқашанда жүгіріп өтпе.
- Өзің танымайтын, білмейтін жандардың қасына машинаға отырма.
- Автобуста итеріп-кимелеме.
- Айыппұл төлемес үшін, билет ал.
- Автобусқа, трамвайға, троллейбусқа, метроға балмұздақпен кіруші болма.
- Айқайлап қатты сөйлеме.
- Үлкен кісілерге орын ұсын;
- Жолда басқа нәрсені қызықтап қарайлап тұрма;
- Суды көрсең кешіп өтпей, айналып өт;
- Саз аяқ киіммен мектепке кірмес үшін екінші аяқ киім әкел;
- Таза киіміңді былғап алып жүрме;
- Танымайтын адамдармен сөйлеспе; т.б.

Ал енді балалар, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер маған оның жауабын табыңдар: Өзі сөйлеу білмейді
Бірақ «Тоқта , Жүр !» – дейді
Бұл не?
Балалар жұмбақтың шешуін табады. Бұл – бағдаршам.
Дұрыс, ендеше ортаға Бағдаршамды шақырайық. Қол шапалақтау. Сыныпқа Бағдаршам кіреді.

Бағдаршам: Сәлеметсіңдерме, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы
біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған
қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым бар. Сендерді тексерейін. Жауабын
кім айтар екен?
Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға,
Көрдіңдер ғой ұмытқаны ережені, далаңдап.
Ал, кәнеки, үйренейік бәріміз де жүру тәртібін.
Ережені жақсы білер, жатқа білер кім мұны,
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?
Оқушылар жауап береді.
Бағдаршам:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Бір жаққа сапар шегу мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Балалар, енді сендер маған мына төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

Бағдаршам балаларға викториналық сұрақтар қояды:
1. Қоғамдық көліктен шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?
2. Жол белгілері дегеніміз не?
3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?
4. Бағдаршамдар қалай орналасқан?
5. Қандай жол белгілерін білесің?
6. Бағдаршам істемей қалса не істеу керек?
7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне
рұқсат етіледі?
8. Велосипедпен жолдың қай жағында жүру керек?
9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?
10. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?
Оқушылар жауап береді.
Жүргізуші:
Кейде біз көшеде жүру тәртібін бұзып, өкінішті жағдайларға тап боламыз. Сондай оқиғаның бірі мына өлеңде баяндалған. Оқып көрейік.

«Тентек сары» Тұрабай
Басылмаған желігі,
Алып шықты сұрамай,
Ағасының велигін.
Тас көшеге түсті де,
Болғанымен жас әлі,
Велосипед үстінде
Түрлі «фокус» жасады.
Олай-былай великпен
Ойқастады аптықты.
«Тентек сары» желіккен
Ұмытты әбден сақтықты.
Қоя беріп рульді,
Қолын салды қалтаға.
Естіп сол кез гүрілді,
Айқай салды жұрт оған:
-Әй, балақай, кет жолдан!
-Машина, әне, кеп қалды!
-Қағады енді! Бол, жылдам!.. –
Бірақ «батыр» кеш қалды.
Енді не амал қалады? –
Сасқалақтап Тұрабай,
Ойға барып құлады,
Велигін жөн бұра алмай...
Сөзге құлақ аспаған:
«Чемпионмын, - деп, - күшті!
Желікпеміз мастанған
Емханаға кеп түсті.
Көріп жүрміз күнбе-күн,
Мысалдар да бар дайын:
Сақтанбаса кімде-кім,
Жазым болар әрдайым!
Ал, балалар, Тұрабай деген баланың ісі дұрыс па?

Балалар: Жоқ, дұрыс емес.
/Ары қарай балалар өлеңді талқыға салады/

Мұғалім: Балалар, енді жол қауіпсіздігі туралы жаттаған
өлеңдерімізге кезек берейік.
1 оқушы: Машинаның бәрі
Жаяулар да әрі:
Жасы, мейлі, кәрі –
Қызыл, жасыл, сары –
Үш көзі бар шамды –
Жанып, сөніп тұрар
Бағдаршамды аңдып,
Бұйырған тез ұғар.

2 оқушы: Әрқашанда абай бол!
Қызыл жарық: «Тоқта!»
Сары жарық: «Кідір!»
Жасыл жарық: «Алға бас!»

3 оқушы: Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Біліп алдым мен де:
Жасыл жанса,
Демде
Алға кетем ілезде.
Сары жанса,
Сабыр
Сақтай тұрам әзір.
Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай

4 оқушы: Автокөлік ыңғайлы – автобусқа мінемін,
Онда қалай отырып-тұру мәнін білемін:
Кимелемей, итермей, алға қарай өтемін,
Билет алып, жайғасып, аялдамамды күтемін.
Әдептілік әлібін әр кез сақтап жүремін, -
Егер кірсе қарт адам, тұрып, орын беремін.

5 оқушы: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге ортақ тәртіп.
Оқушы: Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Барлығы: Жол тәртібін білейік
Аман есен жүрейік!

Көрініс: Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жолда ағыл-тегіл жүріп жатқан көліктер, екі оқушы мектепке қатты асығып бара жатыр. Олар жолдан бағдаршамның қызыл шамы жанғанына қарамай өтіп бара жатады, сол кезде тәртіп сақшысы жол полициясы қызметкері келеді:
- Балалар, сендер жол тәртібін бұздыңдар. Бағдаршамның көзі жасыл жанғанда ғана жолдан өту керек.
- Кешіріңіз, біз сабаққа асығып бара жатыр едік.
- Сендер қай мектепте оқисыңдар? Енді жол тәртібін бұзсаңдар мектепке хабарлаймыз.
- Біз енді бағдаршамға қарап жүреміз. Бұл енді қайталанбайды.
Сөйтіп тәртіп сақшысы балаларға ескерту жасайды да, балалар ары қарай мектепке кетеді.

1 оқушы: Тоқта!
2 оқушы: Сақтан!
3 оқушы: Жол ашық!
4 оқушы: Жүрме жолға таласып.
5 оқушы. Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
6 оқушы: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
7 оқушы: Жасыл көзін ашқанда,
Өте беріңдер жасқанба.
(Бағдаршам сигналдарын ұстап көрсету)

1 оқушы: Мынау тұрған Бағдаршам,
Үш түрлі боп жанған шам.
Үш көзінде үш белгі
Көрсетеді аңғарсаң.

2 оқушы: Өзгертпейтін тұрағын,
Бір орында тұратын.
Қызыл шамы жанғанда,
Қадам баспа бір адым.
Бұл тоқтаудың белгісі,
Білу керек бар кісі.
Бас иеді тәртіпке,
Келмесе де көнгісі.

3 оқушы: Сары көзін жаққанда,
Өтемін деп мақтанба.
Бұл дайындық белгісі,
Кідіре тұр аттанба.

4 оқушы: Төксе жасыл шырағын,
Қауіптен бе, шырағым.
«Жолың ашық, өте бер»,
Жасап алға мың адым.

Ойын ойнату:
Интерактивті тақтадан ойын ұйымдастыру.
1. Аялдамада тұрған көлікті, автобусты, машинаны қалай айналып өту керек?
(Аялдамада тұрған автобусты не машинаны тек арт жағынан айналып өту керек.)
2. Балалар, сендерге қай жерлерде ойнау керек? (Арнайы алаңдарда ойнау керек)
3. Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтеміз? (Әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)

Сергіту сәті.

Көрнекіліктермен жұмыс.
А) жолда жүру ережесінің сақталуы
Ә) көлік түрлері
Б) жол белгілері
Жол белгілері туралы түсінік беріледі. /Көрнекіліктермен жұмыс./

Қорытынды. Балалар, біз бүгінгі сабағымыздан көшеде қалай жүру керек екен білдік. Жол бойындағы нұсқаулық белгілер бізге әрқашан сенімді көмекші болады. Біз үнемі оларға үнемі мән беріп, аса көңіл бөлуіміз керек екен.
Мұғалім: қане, балалар, тақтадағы «Бағдаршамға» назар аударайық.
Тақтадағы Бағдаршам қызыл көзін жағады. Оқушылар қозғалмай тұрады.
Тақтадағы Бағдаршам сары көзін жағады. Оқушылар жүруге дайындалады.
Тақтадағы Бағдаршам жасыл көзін жағады. Оқушылар орындарынан қозғалып ары-бері жүре бастайды.

Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, «Бағдаршам» әнін хормен айтайық.

Бағдаршам әні
Көреген, дәу, қырағы,
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда.
Қайырмасы:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта! Сақтан! Жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба
loading...

Автор: Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы

Ақмола облысы Зеренді ауданы Абай орта мектебі

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс | Қосты: Сейтмағанбетова_Жұпар
Көрсетілім: 1529 | Жүктеулер: 548 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 42
Қонақтар: 42
Тіркелгендер: 0