Сайт учителя начальных классов
.
«Жігіт сұлтаны» сайысы
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, оқушылар!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.
Ал енді алты кезеңнен тұратын сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. «Тегін білу, тектілік» жігіттеріміз өздерін таныстырады.
2. «Талапты ерге нұр жауар» Сұрақ - жауап сайысы.
3. «Шебер қолдар» Қол өнер сайысы.
4. «Күш сынасу» Қол күрес.
5. «Ойлы болсаң, озып көр» Мақал сайысы
6. «Өз өнері» көрсету сайысы
7. Сәнділік.
Жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Жүргізуші:
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға

Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.
Жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқуменен білімге.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде саған қуана бер, күлімде, - демекші «Талапты ерге нұр жауар» сұрақтарға жауап беру сайысы.
1. Жеті атаңызды атаңыз
2. Жеті қазынаға нелер жатады?
3. Сүттен жасалатын тағамдар. Біреуіне тоқталып өт
4.Үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз
5. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
6. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
7. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?
8. Қазақстанның жеті кереметін ата?
9. Төрт түлік туралы не білесің?
Жүргізуші:
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге шеберлік.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Шебер қолдар» жігіттеріміз өздері қолдан бір бұйым жасайды.
Жүргізуші: Кезекте Диляраның дайындаған биін тамашаласақ. Қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Келесі кезекте «Шын ер жеңсе - тасымас, жеңілсе жасымас» демекші, «Күш сынасу» сайысы, жігіттеріміздің мықтысын анықтайық.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлы болсаң, озып көр» жігіттеріміз өздері қолдан бір бұйым жасайды.

Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.
1. Ағайын алтау, ана......(біреу)
2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)
3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)
4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың)
5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің
6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)
7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)
8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)
9. Атасыз үй батасыз, ............. (Анасыз үй панасыз)

Жүргізуші:
Би билеймін тынышыңды алатын,
Ән саламын жанның шөлін басатын.
Әсем әннің әуенімен өткізген,
Шіркін, бұл өмірдің әр сәтін, - демекші келесі кезекті «Өз өнері» сайысына берейік.
Жүргізуші:
Ендігі кезекті сәнділік бөліміне берелік. Жігіттеріміз киім-сән үлгісін көрсетеді.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Марапаттау.

ID: 2047 | Просмотров: 2362