Сайт учителя начальных классов
.
Тақырыбы: «Зерде» танымдық ойыны (сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың дүниетану пәні бойынша дүниетанымын кеңейтіп,
зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрістерін өз мүмкіндігінше
дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлға дайындау.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: мультимедия, парақшалар, дөңгелектер, суреттер, т.б.
Жоспары:
І. Сынып жетекші сөзі.
ІІ. Сайыс шарттарымен таныстыру.
ІІІ. Сайыстың жүру барысы.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, бүгінгі 4 «а» сыныбының «Зерде» танымдық сайысына қош келдіңіздер! Біз бүгінгі сайысымызда дүниетану пәні бойынша білім, білік, дағдыларымызды зерделемекпіз. Бүгін сайысымызға «Қызғалдақтар», «Тұлпарлар», «Сұңқарлар» атты үш топ қатысқалы отыр. Топтарға сәттілік тілейміз. Ендеше сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары:
1. Таныстыру (аты, ұраны, белгісі)
2. «Ойлы болсаң, озып көр» (Сұрақтарға жауап беру)
3. «Сиқырлы сөзжұмбақ» (Сөзжұмбақтар шешу)
4. «Қызықты ребустар» (Ребустар шешу)
5. «Кім жүйрік?» (1 минут ішінде сұраққа жауап беру)
6. «Тарихи ескерткіштер сыр шертеді» (Сурет бойынша әңгімелеу)
Мұғалім: Енді әр топ өздерін таныстырып өтсін.
І бөлім – Таныстыру
І. «Қызғалдақ» тобы
Ұраны: «Қырда өсіп жайнаған,
Көктем басы - қызғалдақ».
ІІ. «Тұлпарлар» тобы
Ұраны: «Тұлпар біздің тобымыз
Ашық болсын жолымыз.
Біз жеңіске жетеміз,
Бірігіп бірлік етеміз».
ІІІ. «Сұңқарлар» тобы
Ұраны: «Туған жердің сұңқарымыз сүйікті
Болашақта бағындырар биікті».
Мұғалім: Жарысты біз бастайық
Артта қалып қоймайық
Қандай сұрақ болса да,
Жауап таппай қоймайық.
ІІ бөлім – «Ойлы болсаң, озып көр»
Экрандағы ұпай сандарын таңдау арқылы сұраққа жауап беру.
20 Табиғат нешеге бөлінеді? Атап бер.
(Өлі табиғат және тірі табиғат болып 2-ге бөлінеді)
20 Қай ғасырда, қай елдің ғалымы адамның шығу тегі туралы зерттеді?
(XIX ғасырда ағылшын ғалымы Ч.Дарвин)
30 Әлемде неше керемет бар?
(7 керемет бар)
30 ЮНЕСКО – ның есебіне алынған тарихи мәдени ескерткіштер
( «Алтын адам», Ахмет Иассауи кесенесі)
40 Полиметалл кенін қандай түсті металл қосапларынан дайындайды?
(Мырыш пен қорғасын)
40 Ауаның құрамын айтып бер.
(78% - азот, 21% - оттегі, 1% - әр түрлі газдар)
Әр топ өзінің ұпайларын сұраққа жауап берген сайын алып отырады.
ІІІ бөлім – «Сиқырлы сөзжұмбақ»
Мұғалім: Шеберлікті, білімді
Сараптап сендер көріңдер
Көптеген қызық сөзжұмбаққа
Жауапты тез-тез беріңдер!
Әр топ ой ұшқырлығын, зерделілігін сараптау мақсатында өздерінің дайындап келген сөзжұмбақтарын алмастырып шешеді. Болған топ тақтаға кеп түсіндіреді. Әр топ дұрыс шешсе 20 ұпай алады.
IV бөлім – «Кім жүйрік?»
1 минутта сұрақтарға жауап беру
Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңында – дей отырып, әр топ өздеріне қойылған сұрақтарға 1 минутта тез жауап беру керек. 1 дұрыс жауап, 1 ұпа й болып есептеледі.
1. «Қызғалдақтар» тобы:
1. ҚР тәуелсіздігін қашан жарияланды? (1991 жылы)
2. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)
3. Адам неден пайда болды? (Маймыл)
4. Жер бетінің тілімденуінен не пайда болады? (жыра)
5. Адамда неше жұп қабырға бар (12 жұп)
6. ҚР жер көлемі бойынша нешінші орында? (9 орын)
7. Көқжиекте неше тұс бар? (4 тұс бар)
8. Хеопс пирамидасы қай елде? (Мысыр)
9. Ең терең көл? (Байкал)
10. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы? (көгалдандыру)
11. Үнемі солтүстікті көрсететін жұлдыз? (Темірқазық)
12. Шөлге төзімді үй жануары (түйе)
13. Мал жемейтін улы өсімдіктер (уқорғасын, сарғалдақ)
14. Су бетінде сырғанап жүретін жәндік (суаршын)
15. Жердің серігі не? (Ай)

2. «Тұлпарлар» тобы
1. Біздің ұлттық валютамыз (теңге)
2. Күн жүйесінде неше планета бар? (8)
3. Адамзат әлемінде тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Ю.Гагарин)
4. Су қоймасындағы қомағай жәндік (инелік)
5. Ең алғаш көмірді тапқан адам? (А.Байжанов)
6. Адамда омыртқа жотасы нешеу? (33-34)
7. Еліміздегі ең ірі темір кен орны (Соколов -Сарыбай)
8. Дүние жүзінде неше мұхит бар? (4 мұхит)
9. Жер экваторының ұзындығы неше км? (40 000км)
10. Анаңның тумалары саған кім болады? (нағашы)
11. Жер бетінің өкпесі деп нені айтады? (орман)
12. Биік құзды мекендейтін құс (ұлар)
13. Табиғатта су неше күйде кездеседі? (3 күйде)
14. Біз қай материкте тұрамыз? (Евразия)
15. Балыққа қарап адамдар не жасады? (қайық, кеме)
3.«Сұңқарлар» тобы
1. Адамды адам еткен не? (еңбек)
2. Еліміздің бас қаласы (Астана)
3. Адамда неше тіс бар? (32)
4. Ең сапалы көмір (антрацит)
5. Қатты тау жыныстарының бөлшектенуі (үгілу)
6. Ең биік тау (Тянь-Шань)
7. Жердің даму тарихында қандай дәуір болды? (мұз дәуірі)
8. Сарыағаш шипалы суы қашан ашылды? (1946 ж)
9. Жүгерінің отаны (Оңт.,Орталық Америка)
10. Жерге ең жақын жұлдыз (Күн)
11. Тұңғыш рет қағаз қай елде шықты? (Қытай)
12. Мұнайлы өлкелер (Маңғыстау, Атырау)
13. Терек жазда неше литр су буландырады? (2000 литр)
14. Ауаның ауысуынан не пайда болады? (жел)
15. Жер шарының дәл үлгісі не? (глобус)

V бөлім – «Қызықты ребустар»

Мұғалім: Келесі кезектегі ребустарды шешу. Әр топ шешкен ребусындағы қала атына қала туралы мәлімет айтады. Дұрыс шешіп, мәліметті толық берсе 30 ұпай иеленеді.
1. Көкшетау
2. Астана
3. Атырау
VI бөлім – «Тарихи ескерткіштер сыр шертеді»
Мұғалім: Біздің еліміз мәдени тарихи ескерткіштерге өте бай. Оның әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Әр топ экранда берілген ескерткіштер туралы айтып береді. Дұрыс жауап 50 ұпаймен бағаланады.
1- Қожа Ахмет Иассауи кесенесі


2- Арыстан баб кесенесі


3- Айша бибі мазары

Сайысты қорытындылау, марапаттау.

ID: 2031 | Просмотров: 5108