Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

Туа жаман жоқ, жүре жаман бар
[ Сайттан жүктеу (68.5Kb) ] 20.03.2015, 23:02

Материалдың жеке номері 922

Туа жаман жоқ, жүре жаман бар

загрузка...
«Туа жаман жоқ, жүре жаман бар» атты тәрбие сағатының
б а ғ д а р л а м а сы

Мақсаты: Оқушылардың бойында жаман қылықтарға зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларға жаман адамдарға тән қасиеттердің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың адам өміріне зиянды,улы екенін түсіндіре отырып, саналыққа тазалыққа, құқықтық тәрбиеге баулу.

Дамытушылық мақсаты : Жаман қасиеттердің, темекінің зиянына және ішімдік ішу, жаман әдеттер таралуына тосқауыл қойып, жаман әдеттерден сақтандыру, нақты фактілер мен түрлі түсті көріністер арқылы көз жеткізу.

Өткізілу әдісі: Баяндама жасалып, оқушылар нашақорлыққа, зиянды әдеттерге, байланысты өлеңдер оқылып, сахналық қойылым түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Ұлы адамдар сөзінен цитаттар, нақыл сөздер, зиянды әдеттерге қарсы уағыздайтын суреттер (слайдтар) көрнекі жазылған мақал мәтелдер мен аталы сөздер.

Барысы:

Кіріспе бөлім.

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар, бүгінгі "Туа жаман жоқ, жүре жаман бар"атты ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұхсат етіңіздер.

Баяндама : "Туа жаман жоқ, жүре жаман бар"

Жүргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің тірегі бүгінгі жастардың жаман әдеттерге бой алдыруы кімді де болса ойландырары анық .
- Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1 - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

2 - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3 -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
Бағдарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.
Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті.

III. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының, жаман зиянды, қылмысқа апаратын әрекеттерден сақтандыру туралы әдеби монтаж.

1- оқушы: Жымысқы жау-арақ мынау,
Аңқылдаған, жалпылдаған,
Аңқау жұртым, қазағым.
Сенгіштіктің, көнбістіктің
Тарттың әбден азабын.
Жиғаныңды, иманыңды
Айырбастап нашаға.
Сенің кері кесіріңнен
Босап жатыр босаға.

2- оқушы: Сені қазақ, қылып мазақ,
Алды арақ шыншырлап.
Тозды тұрпат, азды ұрпақ,
Азат елді кім құрмақ?!
Салт пен тойың, дәстүр ойың
Көгенделіп араққа.
Салғырт ел боп, мәңгүрт ел боп
Іліндің сен санатқа.

3- оқушы: Ішіп жатыр шегіп жатыр
Ата, әке, жас бала.
Жанын сатқан, тәнін сатқан
Көрдік істі масқара.
Адамшылық, асқақ қылық
Қасиеттен тұл болдың.
Жүзің сынық, жүйкең бұзық,
Наша араққа құл болдың.

4- оқушы: Жымысқы жау - шылымың да,
Халқым сені , жалмай ма?
Егер халық болсаң анық,
Намыс қайда ар қайда?
Иманыңды, дидарыңды
Тазалап ал, қазағым!
Ұрпақтарың ұл-қыздарың
Түзу бассын қадамын!
Өсемісің, өшемісің,
Таңда жолды, сарапта.
Жатпа қазақ, аттан қазақ
Ата жауың араққа!

5 -оқушы: Денсаулыққа зор кесел,
Үйіре көрме ауызды
Насыбай-напақ, шылымға.
Атпаңдар тіл алсаңдарнасыбайды,
Атсаңдар нас боласың басыбайлы.
Желді күні «туф» деп жерге түкіргенде,
Жаппадай бет- аузыңа шашырайды.

Жүргізуші: Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».

Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру

Көрініс « Қайың ағашы »
Сардарбек айыпкерді нұсқап:
- Сот мырза! Мен өткен жолы шетелге кетіп бара жатып, мына кісіге гауһар тасты жүзікті аманат ретінде тастап кеткен едім.Енді сол жүзігімді бермей жатыр, - деп шағымданды.
Сот айыпталушы Ермаханнан:
- Мына кісінің жүзігін неге бермей жүрсің? – деп сұрағанда,
Ермахан: - Өтірік айтады. Ол маған ештеңе қалдырған жоқ, - деді міз бақпастан.
- Жүзікті осы кісіге бергеніңді көргендер бар ма? – деп сұрады сот. Сонда Сардарбек:
- Жоқ. Бір талшын ағашының астында жүзікті осыған бергенімде, қасымызда ешкім жоқ болатын.
Мән - жайды ұққан сот Сардарбекке дереу сол жерге , талшын ағашының бір бұтағын алып келуді, ал Ермаханға « осында күт» - деп бұйырыпты. Арадан сүт пісірім уақыт өткенде сот Ермаханға қарап: Сардарбек қайда жоғалып кетті? Қане терезеден қарашы, келе жатыр маекен? – дегенінде, Ермахан орнынан қозғалмастан:
- Ол жерге барып келу үшін кемінде 3 сағат уақыт қажет. Өте алыс, - деп айтқанын өзі де білмей қалды. Сөзден ұстаған сот:
- Әй өтірікші неме! Жүзікті алмаған болсаң, талшын ағашының алыста екенін Қайдан білесің? Сен пайғамбарымыздың « Өтірік айту адамды жамандыққа, ал жамандық тозаққа жетелейді» - дегенін білмеймісің? – деп оны ауыр жазаға тартты.

Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ғұлама данамызда.
Сақта халқым, денсаулығын аналардың,
Болсын десең дені сау ұрпақтарың.

Арақ ішумен, нашақорлықпен, шылымқорлықпен жеке аудан, қала, облыс бойынша күресу мүмкін емес. Жеңіске жету үшін бүкіл қазақстандықтарды көтеру керек. Ғасыр қасіреті нашақорлыққа, маскүнемдікке жол бермей спортқа көп көңіл бөлейік.

Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
Ей болашақ, саулығың өз қолыңда,
Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.

1-оқушы: Шиқ- шик деп шиқылдап,
Демігіп өкпе қиқылдап.
Табиғат берген денсаулық,
Құртамыз үгіп қиқымдап.

2 - оқушы:
Күрк-күрк көк жөтел,
Күркілдеген не жөтел?
Жасыңнан шексең темекі
Түдіңе сенің сол жетер.
Түтінмен ыстап өкпені,
Никотин уын төккені.
Жүректің ұстап талмасы,
Мишықтың қурап кеткені.
3- оқушы: 1) Ішпеген, шылым шекпеген, жасайды жылдар көптеген.
2) Арақ ішегіңді шірітеді, бауырыңды ірітеді.
4- оқушы: 1) Шарап деген білім мен ақылға жау,
Шараптың шатағы сол- «ұрыс пен дау»
2) Дұшпан елден айырар,
Арақ естен айырар.
3) Нашақорлық – ауру, түбі – ажал.
4) Арақ ішкен азар, шылым шекен тозар,
Наша тартқан өз көрін өзі қазар.

5-оқушы: 1) Шылымды әр тартқаның
Табытыңа темір шеге қаққаның.
2) Әдепсіз өскен адамнан-
Тәртіппен өскен тал артық.
3) Шылымқор өзін ғана емес,
Өзгелерді де улайды.

Жүргізуші: Ана – сая болар бағың болса,
Әке асқар тауың дейді қазақта.
Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
Әке деген сезімді ұмытар кім

Көрініс.

Жүргізуші. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:
а) топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;
б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;
в) ересек болуға тырысу;
г) өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;
д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.
Адамның сәні - өнер, білім, ақылы.
Жердің сәні- жеміс, өнім, дақылы.
Сөздің сәні - өнегесі, нақылы.
Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы, - дей келе Денсаулық, Спорт, Ақыл, Достықтың қасиеттеріне топты ортаға шақырайық
Денсаулық, Спорт, Ақыл, Достықтың қасиеттері

Денсаулық: Жақын болма жаманға.
Жалыныңды сөндіріп,
Жастығыңды күйдіріп,
Сезіміңді қорлатасың оларға.

Жігіт: Денсаулықтың басшысы,
Жан-тәнімді өз қолыңа беремін,
Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,
Айтқаныңа көнемін.

Денсаулық: Жан екенсің жүрегіңнен жалын оты лаулаған,
Жарқыным ау, кешірім ет, мен сенің
Назарыңды басқа жаққа аударсам.
Ал сен енді қарсы алуға әзірлен,
Сен қадірлер қасиеттің барлығын,
Осы араға шақырамын барлығын.

Достық немен сұлусың сен өмірде?

Достық: (Жаңғырып естіледі)
Көтере алсам қайыспай уақыт сынын,
Сәулеттімін, сұлумын, бақыттымын.

Денсаулық: Спорт сенің адамнан тілегің не?

Спорт: Мен үшін тек денесі болсын таза,
Қандай пәле болсада өзім жазам.

Денсаулық: Ақыл! Ақыл!
қайдасың сен,неге алмайсың ,бір тыным,
Ұзақ түндер неге сенің айқаспайды кірпігің.

Ақыл: Мен қалғысам тірліктің не мәні бар,
Темекі мен арақ, наша бүкіл елге танылар.
Тыныштық жүзі күзетемін жамандықтан еліңді,
Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді.

Оқушы: Сақта халқым саулығын аналардың
Болсын десең дені сау ұрпақтарың.
Сол дені сау ұрпақпен келешекке
Қамсызданар саламат болашағың.

Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты алып.

Ән
Жүргізуші: Айналайын жастарым,
Өн бойыңда ардайым,
Дәл осындай кеселден
Сақтай жүрші ылайым!

Жастар- Қазақстанның болашағы. Олардың денінің саулығы, білімінің тереңдігі, жақсы азамат болып қалыптасуы - мемлекетіміздің байлығы.
Жаман әдеттен аулақ болуы үшін дүние жүзіндегі әр мемлекет өзінше күреседі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі халқының саулығына байланысты. Есірткі, нашақорлық азаматты жұтатын аждаха екенін бір сәт естен шығармайық! Өміріміз өз қолымызда.
Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдырайық.

Адам!
Адам!
Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ қабық қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды, -

дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін көптен көп рахмет.
loading...

Автор: Зулпанова Галия Абдрашовна

Мақтарал колледжі

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс | Қосты: gzulpanova
Көрсетілім: 1062 | Жүктеулер: 595 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 50
Қонақтар: 50
Тіркелгендер: 0