«Сен өз тарихыңды білесің бе?»

  • Жүктеулер: 723
  • Көрсетілім: 1506
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 07/Апр/2015
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Бөдеті орта мектебі
Өміртаев Арна
Тарих пәні мұғалімі
Тақырыбы: «Сен өз тарихыңды білесің бе?»
Мақсаты:
а) тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, функционалдық сауттылығын дамыту.
ә) оқушыларды елін,жерін,оның дәстүрлерін сыйлауға,халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі,елін құрметтеуге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы топты анықтау.
Сабақтың әдісі: топтық сайыс.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,слаидтар,тұлғалардың суреттері т.б.
Барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін тұжырымдамасында «Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау»- делінген.
«Қазақстан деген сөздің қуатты естілуі, еліміздің өркениетті мемлекеттермен терезесі тең тұруы үшін жастардың жан-жақты, терең білімді болғаны қажет»- деген Елбасы ойына қосыла отырып бүгінгі сыныптар арасында өткелі отырған топтық сайысымызды бастаймыз.
Қатысушы 3 топты таныстырайық:
І топ.«Жебе» 7 сынып
ІІ топ. «Семсер» 8 сынып
ІІІ топ. «Найза» 9 сынып
Ондай болса сайыс турларымен танысытырып өтейік:
1 тур –«Таныстыру» (Әр топ өзінің атамен төс белгісімен ұранымен топ мүшелерін тақырыпқа сай таныстырады 1-5 ұпайлар аралығында бағаланады)
2 тур – «Болмасаңда ұқсап бақ» (Әр топ өздері дайындап келген тарихи көрністерін көрсетеді 1-5 ұпайлар аралығында бағаланады .)
3 тур - «Сұрақ бізден жауап сізден»(Әр топ бір –біріне 5 –тен сұрақтар қояды әр дұрыс жауап 1 ұпай)
4 тур - «Ұлы Жеңіске -70 жыл» прзентация (әр топ өздері жасап келген прзентацияларын қорғайды 1-5 ұпайлар аралығында бағаланады)
5 тур – «Менің болашақ Қазақ елім» (әр топ өздері сызып келген постерлерін қорғайды1-5 ұпайлар аралығында бағаланады )
6 тур – «Қорытынды».

Автор: Омиртаев Арна

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бөдеті мектебінде тарих пәні мұғалімі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.