Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

Озық ойлы оқушы
[ Сайттан жүктеу (29.9Kb) ] 27.11.2015, 20:08

Материалдың жеке номері 2206

Озық ойлы оқушы

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: «ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жазылған слайдтар, карточкалар
Сабақтың барысы: Ойынымыз алты бөлімнен тұрады.
1. I бөлім «Бәйге»
2. II бөлім «Полиглот»
3. III бөлім «Кім жылдам»
4. IV бөлім «Жеті жұмбақ»
5. V бөлім «Шешендік»
6. VI бөлім «Жорға»
Қайырлы күн Құрметті қонақтар! «Озық ойлы оқушы» атты кешімізге қош келдіңіздер! Әлемдік өркениетке ұмтылған Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі. Иә, еліміздің кемел келешегі біздің қолымызда. Ал қазіргі біздің мінжетіміз – түрлы пәндерді игеріп, терең білім алу. Ал соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің мен үшін де, сіздер үшін де алатынорны ерекше. Әл-Фараби бабамыз айтқандай математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланады, ұлы Ломоносов сөзінше математика ақыл-ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оұукерек. Бүгін біздің кешімізде 8 сынып оқушылары өздерінің математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түспекші. Ендеше бүгінгі сайысымызды әділ бағалап, төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстыра өтейін.
Көңілді тапқырлар, білгірлер
Бар білімін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. – дей келе сайыскерлерімізді ортаға шақырайық (сайысқа 8-сыныптан 6 оқушы қатысады)
Әділқазылар мен ойыншыларымыз дайын болса,
Келешекте өміріміз талапты
Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр
Сегіз қырлы, өнері асып туғандар
Оза шауып, бәйге атындай жаррап тұр – деп I бөлім «Бәйгені» бастаймыз!
Бұл бөлімде математика бойынша жалпы сұрақтар қойылады, қолдарыңыздағы карточканы бірінші болып көтерген ойыншы сұраққа жауап береді. Жауап тез әрі нақты болуы керек. Бағалануы 10 ұпайдан.
Сұрақтар.
1. Математика королі атанған математик. Карл Гаусс
2. 1 мен 10 цифрларына қандай амал қолданғанда 1 шығады? 110 = 1
3. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік. Қандай геометриялық фигура? Конус
4. Нөл қай елдің сөзі? Араб сөзі, жоқ деген мағына береді
5. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. Аксиома
6. «Алгебра» сөзі қандай сөзден шыққан? «Эль-Жебр», араб сөзі
7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең? 180º-қа тең.
8. Латын тілінен бқл сөз «дөңгелектің сымдары» деп айтылады. Бұл не? Радиус
9. IX ғасырда өмір сүрген қазақ математигі. Ғаббас Жауhари
10. «Математика ғылымдар патшасы, арифметика математика патшасы» сөзінің авторы. Карл Гаусс
11. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынтығы қалай аталады? Шеңбер
12. Фигураларды зерттейтін ғылымды қалай атаймыз? Геометрия
13. Стереометрия – геометрияның қандай бөлімі? Кеңістіктегі фигуралады зерттейтін
14. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш? Квадрат
15. 666 санын жарты есе арттырғанда неше шығады? 999
16. Екі қабырғасы ғана параллель төртбұрыш? Трапеция
17. Қарама-қарсы қабырғалары параллель төртбұрыш қалай аталады? Параллелогрмм
18. Қысқаша көбейту формулаларының алғашқысы. a2 – b2 = (a + b) (a – b)
19. Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортир
20. Үшбұрыш деген не? Бір түзуде жатпайтын үш нүкте және сол нүктелерді қосатын кесінділерден тұратын фигура
Әділқазылардан осы бөлімнің қорытындысын біліп алайық.

II бөлім. «Полиглот»
Бұл бөлімде барлығыңызға жұмбақ жасырылады., сіздер жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айтуларыңыз керек. Сәйкесінше, жауабы үш тілде айтылса 30 ұпай, екі тілде айтылса 20 ұпай, бір тілде айтылса 10 ұпайға ие боласыздар. Ескерте кетейін, осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі ойыйншы ойыннан шығады.
1. Шекер жейтін ақ құтан
Бір қазыққа байланды,
Аузына тістеп шекерін
Оң қазықты айналды
Циркуль, циркуль, compass
2. Қабат-қабат қаттама, ақалың болса атама.
Кітап, книга, book.
3. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында
Сызғыш, линейка, ruler
4. Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсін де
Түзу, прямая, straight
5. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай
Натурал сан, натуральные числа, real
6. Патшаға мола болды, математикаға мұра болды
Пирамида, пирамида, pyramid
Әділқазылар бізге өткен екі бөлімнің қорытындысын айта өтсін. Өкінішке орай, ұпайлары аз екі ойыншымен қоштасамыз.
III бөлім «Кім жылдам?»
Бұл бөлімде ойыншыларға карточкалар таратылады, айызша логикалық сұрақтарға жауап берулері тиіс. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.
1. Үйдің әр бұрышында бір-бірден мысық отыр. Әр мысыққа қарсы үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық?
2. Бөлмеде екі адам отырр. Оның біреуі екіншісінің әкесі, ал екіншісі – біріншісінің ұлы емес. Сонда ол кім болғаны?
3. Сен қараңғы бөлмеге кірдің. Алдымен нені жағасың – май шамды ма, керосин шамды ма?
4. Көшеде екі әкесі, екі баласы, атасы және немересі кетіп бара жатыр. Барлыға көшеде неше адам кетіп барады?
Сайыскерлеріміздің ұпай сандарын біліп алайық.
IV бөлім. «Жеті жұмбақ»
Бұл бөлімде төрт тақырып, әр тақырыпта ұпай сандары берілгген. Ойыншыларымыз тақырып пен ұпайды таңдап, сол ұпайдың астында жасырылған сұраққа жауап беруі керек. Дұрыс жауап берілсе, таңдалған үһұпай саны сол ойыншыға беріледі, егер дұрыс жауап берілмеген жағдайда ол сұраққа қарсыластары жауап беруге мүмкіндіктері бар.
Ғылым 10 20 30 40
Тұлға 10 20 30 40
Спорт 10 20 30 40
Кино 10 20 30 40

«Ғылым»
10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина)
20. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы. (экология)
30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика)
40. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология)

«Тұлға»
10. Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. (Томирис)
20. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР-ның Халық Қаhарманы (Т.О.Әубәкіров)
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, ғалым. (Қ.И.Сәтбаев)
40. Әйгілі шығыстанушы қазақ ғалымы. (Ш.Уалиханов)

«Спорт»
10. 2012 жылы өткен Лондон олимпиадасында қазақ спортшылары неше алтын медаль алды? (7 алтын)
20. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б.Артаев)
30. 2011 жылы Алматы – Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті? (қысқы Азия ойындары)
40. 2000 жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы. (Б.Саттарханов)

«Кино»
10. Қазақтың әйгілі актері, режисер. (Ш.Айманов)
20. «Ағайынды» фильмінде ағайындылардың кенжесін сомдаған актер. (А.Нұрпейісов)
30. "Ағайынды" фильмінің режиссері. (А.Сатаев)
40. «Қыз Жібек» фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған актер. (Қ.Тастанбеков)
Әділқазылардан ойыншылардың ұпайсандарын біліп алайық, ұпайы төмен қатысушыларымызбен қоштасамыз.

V бөлім «Шешендік»
Бұл бөлімде қатысушыларымызға тақырып беріледі. Сол тақырып төңірегінде әңгіме өрбітулері керек. 10 ұпайлық жүйемен бағаланады.
Тақырыптар: «Егер мен мұғалім болсам...», «Егер мен әкім болсам...»

VI бөлім «Жорға»
Бұл сайысымыздың соңғы бөлімі. Екі қатысушы конверт таңдайды және таңдалған конверттің ішіндегі сұрақтар оқылады, 1 минут уақыт ішінде оқылған сұрақтарға жауап берулері тиіс.

I конверт
1. Геометрияның жазықтықты зерттейтін бөлімі. Планиметрия
2. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу. Параллель
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу. Перпендикуляр
4. Үшбұрыштың элементтерін ата. Үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы
5. Санның бөлігі. Пайыз
6. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы. Периметр
7. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар? Үш
8. «Геометрия» қай тілдің сөзінен шыққан, мағынасы. Гректің «гео» - жер, «метрео» - өлшеймін
9. Қосу амалын өрнектейтін белгі. Плюс
10. Тікбұрышты үшбұрыш туралы теореманың авторы. Пифагор
II конверт
1. Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі. Стереометрия
2. Бұрыштың түрлерін ата. Тік, сүйір, доғал
3. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі. Бұрыш
4. Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем. Теорема
5. «Екінші ұстаз» атанған ғалым. Әл-Фараби
6. Басталатын нүктесі бар сызық. Сәуле
7. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 1 саны
8. «Миллион» деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы. 1879ж. Ы.Алтынсарин
9. Азайту амалын өрнектейтін белгі. Минус
10. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? 0-ге
Осымен бүгінгі «Озық ойлы оқушы» сайысымыз аяқталды. Әділқазылар алқасына құлақ түріп, жеңімпазымыздың атын білейік.
Әділқазылар қатысушылардың ұпайларын есептеп, жеңген оқушыны анықтайды және марапаттайды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! САУ БОЛЫҢЫЗДАР!
loading...

Автор:

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 1021 | Жүктеулер: 552 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 67
Қонақтар: 66
Тіркелгендер: 1
Жаксимбетова_Зарина