Сайт учителя начальных классов
.
«Модульдік технологияны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану» -

«Модульдік технологияны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану»

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 1041 | Просмотров: 2618 | Размер: 21.8 Kb | Автор: Касымова_Булбулан
«Модульдік технологияны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану»

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Жеке тұлға- бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
1. адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
2. өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
3. іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез- құлық әрекеттерінің жиынтығы;
4. айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсіну;
5. қажеттілік жүйесі;
6. шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
7. сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т. б.»
«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым ментәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» делінген:
- өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында қажетті ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;
- өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пән аралық жобаларымен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.
Бұл талаптар - маманға қойылатын талаптар. Педагогикалық қызмет - қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жақсы білімнің жинақталуы, өндірістік жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс.
Ал базалық білім бұл технологияның алдына қойған мақсаттарына жетудегі басты құралдарының бірі ғана болып табылады.
Зерттеулер көрсеткендей, жоғарыда аталған мақсаттарға бағытталуы оқу процесін мұқият құра білген жағдайда оқкшылардың білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
(Модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі).(С. И. Ожегов).
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Әр оқу бөлімінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Ең тиімдісі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі.
Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлігінің меншігінде.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат- міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолданылуы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, көру, жазу және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. (Адамның екі сигналдық жүйесін қолдану тұлғаның танымдық қабілеттерін де, танымдық процестерді де дамытуға мүмкіндік береді).
Оқытуды ойын түрде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану- оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен- алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.
3,4 сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай саралаланған тапсырмалар беріледі (3 және 2 деңгейлер).
1 деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне- интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.
Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарпайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.
Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану – әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Сондықтан да сөйлесу бөліміндегі бағалар және бағалау ынталандырушы сипатта болады.
Бұл технологияның маңызды шарты- оқушылардың кез келген көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.
Сөйлесу бөлімінің сабақтарының ұйымдастырылуы формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.
Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) құрудағы мұндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен эксперименттік жұмыс көз жеткізіп отыр.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі- бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.
Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімінде алған бағалары қойылады.
Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген» стандарт, «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынылса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.
Мектептің алға қойған өзекті мәселелерінің бірі –жас өскелең ұрпаққа сынды ойлау мен белсенді іс-әрекет жасай алатын әлеуметтік пайымды қалыптастыру. 20 ғасыр бізге көптеген мұралар қалдырды. Сия сауыттан қаламсапқа өтіп, теледидар, сымсыз телеграфқа қол жеткіздік, ғарышты игердік, электронды есептегіш машиналарды, интернет т.б. пайда болды.
Өз сабағымда оқушыларды шығармашылыққа жұмылдырып, оларды іскерлікке баулимын. Мен өз сабақтарымды электронды оқулықты пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: физикадан құралдар жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электронды оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аласыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар бұл оқушылар білімін бақылауда және оқушының үлкен ізденісін туғызады.
Ал электронды оқулық арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймайды, оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сабақ сапасы артады.
Электронды оқулықты пайдалану арқылы:
1) сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалды қолдану тиімділігі.
2) мұғалімнің педтехнологияны игеруі.
3) оқушының пәнге қызығушылығы.
4) алынған білім, білік дағды деңгейі.
5) білімнің тереңділігі.
6) тексеру түрлері, бағалау.
7) практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.
Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

ID: 1269 | Просмотров: 2618