Өмір бірақ рет беріледі

  • Жүктеулер: 652
  • Көрсетілім: 1891
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 23/Ноя/2015
Өмір бір-ақ рет беріледі.
(дөңгелек үстел)
Мақсаты: Оқушыларға берілген тақырып бойынша жалпы түсініктер беру, білім көлемін кеңейту. Зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адамзат баласына бір-ақ рет берілетін өмірді қадірлей білуге көз жеткізу.
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, оқушыларды 3 топқа бөлу.
Бүгінгі талқыланатын тақырып мынадай бөлімдерден тұрады.
1. Таныстыру
2. Өз өмірім-өз қолымда
3. Өмір-өзен
4. Өмір жайлы ...
5. Өмірге мен де ғашықпын
6. Өмір –театр
1- жүргізуші. Сәлеметсіздер ме, қадірменді көрермендер. Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы талқылайтын тақырыбымыз – «Өмір бір-ақ рет беріледі» слайд-шоу көрсетіледі.
2-жүргізуші. Ғашықпын, өмір саған көктем үшін
Қорқыныш, үрей үшін, от дем үшін.
Ғашықпын өмір саған азды-көпті,
Дәміңнен бұйырғаны жеткені үшін,-дегендей өмір адамзат баласына бір-ақ рет беріледі. Сол қамшының сабындай қысқа өмірде өкінбейтіндей, мағыналы өмір сүру қажет.
1-жүргізуші.Иә,өмір,өмір,өмір...
Аллаһ адамға өмірді тек бір рет қана береді,сол арқылы адамның бұл өмірдегі жасаған жақсылығына,адамгершілігіне, кішіпейілділігіне, өзі алданса да ешқашан өзге адамды алдамай, адал болса ғана өмірде шынайы бақытқа жеткізеді. Өмірде басыңа қандай қиыншылық түссе де,соған төтеп беріп, шыдамды,сабырлы болып сол қиын кезеңнен шыға білсең бұл да сенің жеңісің.
1. Таныстыру. Бүгінгі пікірталасымызға қатысып отырған топтар өздерін таныстырып кетсе. Сөз кезегі топ басшыларында.
2-жүргізуші. Өмір құлып,кілтін тапсаң ашасың
Өмір өрт ол, қорқақ болсаң қашасың.
Өмір деген сабырсызға қыс мәңгі
Өмір көктем болсаң егер ұстамды.
1-жүргізуші. Өмір-өзен, адамның көңіл күй сезімі де-өзен, уақыт та-өзен, тағдыр да-өзен. Сол бір өзенде сансыз қасірет пен қуаныш қатар ағып жатады, онда мұрат та, жауапкершілік те, өмірдің ащысы мен тұщысы да бар.
Өмір.Бұл ұзақ жол. Бұл жолда әркім әр түрлі қиындықтар мен қызықтарға, бар мен жоққа, аштық пен тоқтыққа, қуаныш пен қайғыға кездесіп отырады. Өмірде барлық адам бір жолмен жүрмейді, олар бірдей емес. Әркімнің өмір жолы әр түрлі. Десе де, әркімге өз өмірі қымбат. Қымбат бола тұрса да, кейде адам өз өмір жолында кездеске қиындықтарға төзе алмай әдепсіз жат әдеттерге беріледі.
-Ал,ол қандай жат қылық?
2-жүргізуші. Кезекті келесі бөлімге берейік. «Өз өмірім-өз қолымда»
«Суреттегі ой» Әр топқа әр түрлі сурет таратылып беріледі. Сол сурет бойынша оқушылар өз ойларын айтады.
1 топқа- иығына темекі асынып алған қаңқа.
2 топқа-иығына арақ асынып алған қаңқа.
3топқа – иығына щприц асынып алған қаңқа.
-Міне өздерің айтқандай, темекі, есірткі, ішімдік адам өміріне өте қауіпті дерт. Осы қауіпті дерттің соңы неге апарады?
-Әрине, өлімге апарары анық.
Оқушыларға слайдтан суреттер көрсетіледі. Сонымен зиянды әдеттерден бойымызды аулақ салсақ, біздің өміріміз ұзақ та, мәнді болмақ.
1-жүргізуші. Келесі бөлім «Өмір-өзен» Әр топ өздерінің дайындаған слайд-шоуларын көрсетіп,таныстырып өтеді.
2-жүргізуші. М.Мақатаев «Өмір жайлы»
Өмір жайлы сұрай берме сен менен
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем,
Өмір жайлы білгін келсе қартқа бар
Жалғыз ұлы қан майданнан келмеген,
Жесір келін бірде бала көрмеген
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не білемін мен деген
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгін келсе қартқа бар
Өміріне кегі кеткен өлмеген.
Жалғыз айып тағылғанда көлденең
Ақиқаттың әппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді,нені сезді, не білді?
Неге ақылды ақымақтан жеңілді.
Жабырқаулы, біреу неге көңілді?
Содан сұра, содан сұра өмірді.
Келесі бөлімге кезек келді. Келесі бөлім «Өмір жайлы»
1. «Өмір жайлы не білеміз?»
2. «Өмірге деген сендердің көзқарастарың қандай?»
3. «Менің өмір сүрудегі мақсатым не?» осы сұрақтар төңірегінде ой қозғасақ.
1-жүргізуші. «Өмірге мен де ғашықпын»
Келесі кезекте әр топ өздерінің өмір жайлы шығармаларына ой қозғаса.
2-жүргізуші. Өмір-театр дейді емес пе? Күлесіз, жылайсыз, қуанасыз ... Басты кейіпкерде өзің жүргендейсің. Ал кейбіреулер оны поезбен теңестіреді. Ал енді біреулер өмірді өзенмен теңейді. Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек.
Келесі бөлім «Өмір-театр»
Кезекті көріністерге береміз. Көріністен кейін оқушылар ғұламалардың айтқан сөздерін тақтаға оқып іледі.
Проблемаларды жою. Оқушылар үнтаспадан баяу әуен тыңдайды. Оларға қағаз таратылып беріледі. Сол қағаздағы айтылған проблемаларға байланысты әр түрлі сөйлемдер айтылады. Оқушылар осы проблемаға байланысты тез арада сурет салады.
1. Темекі адамның ағзасын улайды.
2. Есірткі пайдалану адам өміріне қауіпті.
3. Арақ адамның қас жауы.
Барлық суреттер салынып болған соң әр оқушы салған суреттерін бүктеп қоқысқа тастайды. Тастап тұрып «Мұндай нәрселерден бойымды аулақ саламын» дейді.
1-жүргізуші. Өмір деген жұмбақ дүниенің ащысы мен тұщысы қатар жүреді екен. Сол өмірді жетік танып, білу де мүмкін емес сияқты. Бірақ менің түйгенім өмірден өз орныңды тауып, не үшін өмір сүріп жатқаныңызды біліп, жаныңа қолтықтап демер демеушіңді тапсаң,бұл өмір әрбір адам баласы үшін қызықты болмақ. Әрине,Алла тағала жақсылық пен жамандықты береді дейді. Алайда, өміріміздің көшбасшысы өзіміз болғандықтан бұл қысқа ғана өмірге келген қонақпыз, сол қамшының сабындай ғана өмірді бағалап,ғашық көзбен қарап,өмір сүре білу қажет деп ойлаймын. Бір –бірімізге жүрегімізден шыққан жылы лебіздерімізді айтып, бүгінгі пікірталасымызды аяқтайық.
2-жүргізуші. Психологиялық ойын- «Жүректен-жүрекке». Ойынның шарты бойынша жансыз жүректі жандандыру.
Қорытынды. Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы «Өмір бір-ақ рет беріледі» атты пікірталасымызды аяқтай отырып, адам баласына бір-ақ рет берілетін өмірді мәнді де, сәнді, бақытты да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз.

Автор: Кулмирзаева Индира Медетбековна

Қарағанды қаласы №82 жалпы білім беретін орта мектеп

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.