Сайт учителя начальных классов
.
Менің қолтаңбам.
Тәрбиеші: С.К.Алымханова
Мақсаты: оқушылардың шығармашылығын дамыту, әдемілікке, ұқыптылыққа, ептілікке, үнемділікке тәрбиелеу. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Аққудың киелі құс екенін дәріптеу.
Керекті заттар: 1. Ақ парақ А-4
2. Қайшы
Жұмыс барысы:
Құрметті лагерь оқушылары! Бүгін біз сіздермен ойын, сабақ немесе басқа да тапсырмалардан бөлек ғажайып бір тапсырма орындаймыз.
Менсендерге бір жұмбақ жасырамын сұлулықтың симболы, ғашықтықтың теңеуі, киелі құс не?
Әрине аққу.
Ендеше біз сендермен аққу құсты жасаймыз .
Жасалу жолы: 1. Қағазды бүктеу
2. аққуды құрастыру
Ол үшін мен сендерге алдын ала дайындап қиып әкелген мына парақ қиындыларын менің істегенімді қайталай отырып бүктейсіңдер.
Дайын бүктелген фигуралардан аққу құрастырамыз.
1. Денесі
2. Қанаты
3. Мойыны
4. Басы
Міне біздің киелі құсымыз аққу да пайда болды . Ендеше осы аққу туралы кім өлең , тақпақ немесе ырым \тыиым сөздер біледі.
Аққу туралы аңыз әңгімелер мүмкін оқығандарың бар шығар ендеше тыңдайық.
Рефлексия: Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
Несімен ұнады?
Басқа тағы қандай жұмыстар жасағың келеді?

ID: 2251 | Просмотров: 2830