Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

Мен және менің құқығым
[ Сайттан жүктеу (24.6Kb) ] 16.09.2015, 09:33

Материалдың жеке номері 1772

Мен және менің құқығым

загрузка...
Мен және менің құқығым
Алматы облысы Іле ауданы
«№35 орта мектеп» МКМ
9 а сынып жетекшісі
Тезекбаева Лаура Мауленбаевна

Мақсаты:
Білімділік :Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру,адам құқығы туралы Декларация шарттарын меңгерту.
Дамытушылық :Оқушылардың ой-өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік :Оқушылардың бойына құқықтық , патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекілігі: Бала құқығы туралы сөздер суреттер,интерактивті тақта,слайдтар.
Жүру барысы.
-Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
-«Мен және менің құқығым» атты тәрбие шарамызға қош келдіңіздер!
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Кіріспе.
Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушыларың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйреніп,патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.
Адам түрлі жағдайда өмір сүреді. Отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Барлық жерде белгіленген тәртіп бар,соны сақтау керек.Адамның қоғам алындағы міндеті мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.т.б

Іскерлік ойын шарты,өтілу жоспары

I.Сынып оқушылары «Адам» және «Құқық» болып екіге бөлініп,әр топ өз аттарын қорғайды.
II. «Адам» тобы көрініс көрсетеді. «Құқық» тобы көрініс бойынша «Менің құқығым»деген сұраққа жауап береді.
III.Адам құқығы туралы Декларация баптары бойынша «Адам» тобы суреттер бойынша жауап береді.
IV. «Біз неге құқылымыз?» Сұрақ-жауап .2 топқа «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы»және «Бала құқығы туралы Конвенция шарттары» бойынша сұрақтар беріледі.
-Біз «Адам» және «Құқық» тобы болып екіге бөлініп отырмыз,қазір 2 топ өздерін таныстырады.
«Адам» тобы.Шыңғыс.
Біздің тобымыздың атын «Адам» деп қойған себебіміз,Адам-жер бетіндегі тірі ағзалардың жоғарғы сатысы,қоғамдық қатынастардың негізгі нысаны.Олар 4 мыңнан аса тілде сөйлейді.Адам құқықтары-өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары.1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында» көрсетілген жер бетіндегі адамдардың бостандығы мен құқығы қорғалуға тиіс.
«Құқық» тобы.Аркен.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.Кез-келген адам қоғамдағы әрекет етуші болғандықтан заң негіздерін білу,оған құрметпен қарау және одан үлгі алу қажет.Құқықты заң қорғайды.Заң құқық талабын бұзғандарға жазалау тәсілін қолданады.Әрбір адамның құқықтық санасы,мәдениеті болуы керек.


Көрініс. «Сержан мен Нуралидің партаға таласуы»
Асылхат:Оқу жылының 1-ші күні 3 сынып оқушылары өздеріне бөлінген сынып бөлмесіне кіріп,екінші сыныпта отырған орындарына жайғасқан болатын.Бір уақытта ойына не түскені белгісіз Сержан орнынан атып тұрып,артта отырған Нуралидің орнына таласты.
Сержан:Нурали, сен бұл партадан тұр,бұл жерге мен отырамын.
Нурали: Неге?
Сержан :Сол,тұр дедім ғой,тұрсаңшы.
Нурали :Жоқ тұрмаймын,бұл партаға мен бірінші отырдым.
Сержан:Отырсаң қайтемін,сенің атың жазылып қойған жоқ қой бұл партаға?!
Нурали:Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің орным,саған бермеймін.
Асылхат:Партаға таласқан Сержан айқай салды.
Сержан :Тұр дедім ғой,бұл партаға менің құқығым бар.
Нурали: Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе?
Асылхат:Партаға таласқан Сержанжан мен Нурали төбелесе кетті.Сынып оқушылары аң-таң.Төбелесті тоқтату үшін сынып белсендісі Марал араласты.
Марал: Сержан,Нурали төбелесті тоқтатыңдар,қазір сынып жетекшіміз келгеннен кейін екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.
Асылхат:Осы мезетте сынып бөлмесіне сынып жетекшісі келді.
Мұғалім:Бұл не шу?
Марал: Апай,Сержан мен Нурали соңғы партаға таласып, «Менің құқығым бар отыруға» деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды.
Мұғалім:Сержан,Нурали , сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.
Асылхат: Сынып жетекшіміз дауды шешіп,Сержан мен Нуралиді бірінші қатардағы мұғалім үстеліне жақын бір партадан орын иеленуді ұсынды.Ал таласқан орын бос қалды.
Мұғалім:
-Балалар,бізге «Адам» тобының мүшелері көрініс көрсетті,ал мен «Құқық» тобына мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.
Сержан мен нуралидің арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?
Саламат :Егерекеуінің біреуі нашар көріп,алдыңғы партаға отырғысы келсе,онда ол оның құқығы деп ұғынған болар едім.
Аркен: Бізге орнымызды сынып жетекшіміз әлі бекітіп үлгермеген еді.Сондықтан олар өз құқықтарын дәлелдей алмады.
Нұрсұлтан: Сержан Нуралидің партасына таласып,өктемдік көрсетті.Ол жай ғана сыпайы түрде отыруға сұраса,Нурали де берер еді.
Аслан: Бұл жерде Сержанның Нуралиге өктемдік көрсетуге құқығы жоқ.

-Енді «Адам» тобына сұрақ.«Менің құқығым» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Адам» тобы адам құқығы мен бостандығы туралы Декларация баптарына сүйене отырып жауап береді.
Алибек: Өз ойымды айтуға,қалаған тілімде жазуға,сөйлеуге,мектепте оқуға құқым бар.
Шыңғыс: Мен өз туып-өскен жерімде тұруға,оны қорғауға,тұратын мекенімді таңдауға құқым бар.

Саламат:Мен өзіме рұқсат етілген істердің бәрін орындауға құқылымын және өзіме тиістізаттарды иемденуге құқығым бар.
Сержан: Тек жақсы істерді істеуге құқылымын,жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.

Мұғалім: -Балалар,біз қазір «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» деп,өзімізді қонақтарға таныстырайық.
-Яғни,өз есімдерімізге сын есім сөздерін қосып айтамыз. Дайынбыз ба?
-Өте жақсы,балалар!Есімдерің өте керемет!
Слайдпен таныстыру.

«Біз неге құқылымыз?» Сұрақ –жауап.
1.Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2.Құқық немен қорғалады? (Заңмен қорғалады)
3.Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?(Біріккен Ұлттар Ұйымы)
4.Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты не? (Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау)
5.Біріккен Ұлттар Ұйымы адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады? (Бала құқығы туралы Конвенция)
6.Бала болып кімдер саналады? (18 жасқа толмағандар бала болып саналады)
7.Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан президенті қай жылы қол қойды? (1995 жылы,Нью-Иорк қаласында 156-мемлекет болып қол қойды)
8.Қазақстанда жетім және мүгедек балалардың құқығы қалай қорғалады? (Жетім және мүгедек балалардың құқығын қорғауды мемлекет өз қарауына алды және ол үшін 1992 жылы «Бөбек» қоры құрылған. «Бөбек» қорының президенті-Сара Назарбаева)
9.Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады? (Парламент шығарады)
10.Декларацияда жарияланған біздің құқықтар мен бостандықтарды кімдер пайдалана алады ? (Декларацияның 2-бабында «Әрбір адам пайдалана алады»делінген.)
Мұғалім:Сіздердің құқықтарыңызды кімдер шектей алады?
1.Сенің ар-ұятың.
2.Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері.
3.Заңдар.
-Балалар,біз бүгін сендермен қандай тақырыпта сөз қозғадық?

Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-мырашылдықты
Қ-олдайды

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымызды да,өзгеніңқұ қығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!
loading...

Автор: Тезекбаева Лаура Мауленбаевна

Алматы облысы Іле ауданы "№35 орта мектеп" МКМ

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 1371 | Жүктеулер: 501 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5914
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 58
Қонақтар: 58
Тіркелгендер: 0