Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

«Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» тақырыбындағы мамандық таңдау кеші
[ Сайттан жүктеу (68.0Kb) ] 11.10.2015, 00:35

Материалдың жеке номері 1877

«Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» тақырыбындағы мамандық таңдау кеші

загрузка...
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, қадірменді қонақтар! Мектеп бітіруші түлектерімізге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» тақырыбындағы мамандық таңдау кешіне хош келдіңіздер!
Кез-келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам , ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. «Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Осындай ниетпен шәкірттеріміздің болашағына сәттілік тілей отырып, кешіміздің шымылдығын әсем әнмен ашқымыз келеді.
(Ән-шашу. «Жаса,Қазақстан» әні)

Мектеп – шәкірттерді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың болашағына даңғыл жол салып береді. Әрбір шәкірттің ертеңіне алаңдаған ұстаз олардың кемел келешектің иесі болуын көздейді. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұн білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал етуін қамтиды. Сондықтан шәкірттеріміздің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануын тілейміз. Кешіміздің мақсаты да – осы. Болашаққа дайындықты бүгіннен бастауымыз қажет. Осы орайда кешімізге ауданымызда еңбектің әр саласында қызмет етіп жүрген іскер мамандарды шақырып, ой бөліскелі отырмыз.
Кешіміздің қадірлі қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. ..........................................................................................................................
2. ...........................................................................................................................
3. .........................................................................................................................
4. ..........................................................................................................................
5. ...........................................................................................................................
6. ...........................................................................................................................
Кеш қонақтарының қадамына нұр жаусын дей отырып қадірлі қонақтарымыздың құрметіне ән-шашуымызды тарту етпекпіз. Қабыл алыңыздар!
Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен?- деген сұрақтың алдында біраз тосылады. Ол тіптен, жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін,өйткені бұл оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата-ананың, туған-туыстың, іні-қарындастың, жора-жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн. Бірақ, шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде, жас талапкер! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар. «Кім болам?»-деген сөз бар? Оған да құлақ сал!

Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та , бар қалан!- деген Абай сөзі бүгінгі отырған сіздер мен біздерге терең ой салса керек.

Құрметі оқушылар, әрі қарай сіздерді «Кім жылдам?» ойынын ойнауға шақырамын.

1. Оқу білім-бағдары
Заманының бағбаны
(Ұстаз)
2.Ара тұрар өлімге
Қай маман бұл өмірде.
(Дәрігер)

3.Станогы жанды адам
Сансыз өрмек жалғаған
Тірлігі бар тынымсыз
Өрмекшіден аумаған
(Тоқымашы)

4. Жаңалықтың жаршысы
Қаламының жалшысы( Журналист)

5. Теңіз түбі тірлігін
Зерттеп, барлап,білді кім?
(Ихтиолог)
6.Тау мен тасын, өзенін
Туған жерді кезетін
Тамыршыдай дөп басып
Таба білер қажетін
Қай мамандық ол қане
Айтып жібер өз атын?
(Геолог)
7. Еңбек орны-танабы
Сүйікті әні-дала әні
Егін жайын мәпелеп
Асырайды қаланы
(Диқан-агроном)

Талаптыға нұр жауар
Үміт оты жанды да.
«Кім болам?» деген бір сауал
Тартылды міне алдыңа!

Шешуші шақта, сындарлы,
Көңілді тоқу, арман көп.
Баяндап тарау жолдарды
Жөн сілтеп берсін Бағдарбек

Ортамызға сіздерге бағыт-бағдар сілтейтін Бағдарбекті шақырамыз

Бағдарбек сөзі:
Болу үшін сірә адам,
Отқа да салып сынаған
Еркелікті көтермес,
Өмірдің жолы бұралаң.

Өткеріп аяз-ақпанын
Көрерсің шуақ шақтарын.
Жануы бақтың- өмірден
Өз орныңды тапқаның.

Сол жолда талмай самғарсың,
Кездессе де, қандай сын?
Тірлікте мынау кәсіп көп
Қайсысын қане таңдайсың?

Елдестірмек елші ме?
Жер қопарған кенші ме?
Асықпай толғап, таңда да
Біреуін соны еншіле!

Фармацевт пе, балгер ме?
Төрелік айтар заңгер ме?
Жақынын жанға қалағын
Құр атағын сән көрме!

Жылқышы, әлде түйеші
Қайсысы саған тиесі?
Қиналсаң, қане сөз алсын
Сол кәсіптер иесі!

Ақыл-ойың көк теңіз
Талабыңды қостасын
Түсіндіріп өтейін
Мамандықтың көш басын

Құлағында ойнаған,
Тіліп бұлттың ұлтанын.
Зеңгір көкке бойлаған,
Ұшқыш болғың келе ме?

Айлап, жылдап түн қатып,
Сапар шегер алысқа.
Толқындарды тулатып
Шағаламен жарысқан
Капитан бол кемеге!

Көшет егіп жекелеп
Гүлдендіріп бар маңын.
Нәрестедей мәпелеп
Мәуелеткен бау-бағын
Бағбан болғың келе ме?

Әлдилесе шалқарлы ән,
Буынсыз, мың бұралған.
Шара апайдай майталман
Биші болғың келе ме?

Қалап көңіл ауаны
Талап оны қолдаса.
Кәсіптің жоқ жаманы
Нашар маман болмаса!

Жүргізуші: Сіздерге өз мамандықтары жайлы өз пікірлерін білдіріп, ақыл-кеңестерін беру үшін ортамызда түрлі мамандық иелері отыр. Біздің шәкірттеріміздің басым көпшілігі дәрігер болуды қалайды.
Қиялыммен шарлап бүкіл әлемді,
Арманыма қанат байлап барамын.
Асу бермес асуларды бағынтып,
Болшақтың жұлдызы боп жанамын! -деп, жас кеуделері тәтті арманға толы өскелең ұрпағымызға мамандық туралы түсінік беріп,олардың қыр – сырын тереңдей әңгімелеу үшін сөз кезегін қонақтарымызға ұсынғымыз келеді. Алғашқы сөз ................................................................................................ беріледі.

- Дәрігер болу соншалықты қиын ба?
- Гиппократ заңына адал болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Осы мамандықты жүрек қалауыңызбен таңдадыңыз ба? Әлде ата – ананың ықпалы немесе басқа да жағдайлардың әсері болды ма?

Тастап арзан ойыңды
Жақта үмітін алауын
Ортаға сап ойыңды
Қане қайсы қалауың?

Біліп жайын кәсіптің
Талай сырға қанықтық
Қандай іске машық кім
Зерделедік дәл ұқтық.

Талаптан да сондықтан
Жақсы маман болып өс
Уақытпен жолды ұтқан
Өмір деген ұлы көш.

Сол серуенге қосыл да,
Өз орныңды тауып ал!
Жаны толы асылға
Азамат бол бағы бар!

Келесі сөз .......................................................................................................................... беріледі.

Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?

Тәртіп – табыс тұтқасы. Қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күресіп, елімізде тәртіптің орнауын көздеген полиция қызметкерлерінің еңбегі де өлшеусіз. Біздің шәкірттеріміздің арасында полиция қызметкері болғысы келетін талапкерлер де бар. Сондықтан мектеп инспекторы ---------------- осы мамандықтың қыры мен сыры туралы әңгімелеп беруін өтінеміз.
Қазіргі таңда шаруашылық саласында үлкен қажеттілікті талап ететін мамандықтар қоғамның сұранысына ие. Міне, осындай шаруашылық саласында шәкірттерді білім нәрімен сусындатар №8 кәсіптік мектептің орны бөлек. Бүгінгі кешімізге арнайы шақырылған қонақтардың бір легі – осы мектептің ұстаздары. Келесі сөз кезегін №8 агро-техникалық колледжден келген қонағымыз ........................................................................................................................................ұсынамыз.
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін. Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін. Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін, Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін. Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін, Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер, бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап, ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіре отырып, әсем әнімен ортамызға шақырамыз.
Арман қуған түлектер заман ағымына ілесе алатын майталман азаматтар және өз ісіне берік мамандар болатынына сеніміміз мол. Тағы да естеріңде болсын, балалар:Мамандық - әрбір адамның мәртебесі. Оны жүрекпен қалау керек.Әрі адамдық қасиеттердің бәрінен де жоғары тұру керек.
Келесі сөз .......................................................................................................

Құрметті оқушылар! Қонақтарымызға қояр сауалдарыңыз болса, бізбен бірге бөлісіп отыруға шақырамын.

Тілекті ізгі қуаттап
Әумин дейік қосыла
Қалатын жаның шуақтап
Ұстаздың пейілі осы да!

Жолың да жігер- серігің
Алды да мақсат, арман бар
Ұстаздың ақтап сенімін
Үмітін алға жалғаңдар!

7- сынып ұлдары КТК командасының өнеріне кезек берейік.

Таба білер қажетін Біліп жайын кәсіптің Талай сырға қанықтық Қандай іске машық кім Зерделедік дәл ұқтық
Талаптан да сондықтан Жақсы маман болып өс Уақыт пен жолды ұтқан Өмір деген ұлы көш
Сол серуенге қосыл да Өз орныңды тауып ал Жаны толы асылға Азамат бол бағы бар!
Ақыл-ойың көк теңіз, Талабыңды қостасын. Түсіндіріп өтейін Мамандықтың көш басын.
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.
Мамандықты дұрыс таңдау- табысты өмірдің кілті. Сондықтан сіздерге мамандық таңдау жолында адаспай, өмірден өз орындарыңызды тауып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңа шын жүректен тілектеспіз. Осымен 9,11-сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» атты кешіміз аяқталып келеді. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!
Құрметті қонақтар! Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгінгі мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – ұстаздар қауымының міндеті болса керек. Бұл ата – аналар қауымына да ортақ іс. Сондықтан бүгінгі кештегі ақыл – кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болды ғой деп ойлаймыз.Келген қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз. Келесі мерекелік кеште кездескенше, сау – сәламат болыңыздар!
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Ең қиын мамандық - адам боп қалу» демекші мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармацй, жақсы азамат болуларыңа тілектеспін.
loading...

Автор: Ұлболсын

Қазалы қаласы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектеп

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс | Қосты: Бисенбай_Улболсын
Көрсетілім: 1523 | Жүктеулер: 521 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 12
Қонақтар: 12
Тіркелгендер: 0