Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

Үлкенге құрмет, кішіге ізет
[ Сайттан жүктеу (2.80Mb) ] 06.10.2015, 15:56

Материалдың жеке номері 1857

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

загрузка...
ТЛЕПОВА АЛИЯ ЕРКАЙҚЫЗЫ

Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Ордасы ауданы
Бисен Жәнекешев атындағы жалпы білім беретін
орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Қайырлы кеш құрметті ұстаздар және оқушылар!

Міне, көктем келіп жер аяғы кеңіп, табиғатта ерекше жаңа бір сәнге бөленуде. Қайырлы жастарыңыз болсын, еліміз аман, дастарханымыз молшылықта, деніміз сау болсын. Көктемгі мерекелеріңібен құттықтай отырып, ән шашуымызды жолдаймыз.
Ән «Шақырады көктем»
(Мерекелік ас-мәзірлерін көрермендерге ұлттық киім киген ұл-қыздар ұсынады).
10-15 наурыз аралығында «Технология және саз» бірлестігінің апталығы оздырылған болатын. Осы апталықтың қортынды кеші ретінде сіздердің назарларыңызға «Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» атты бауырлас сыныптар арасында танымдық байқауын өткізгелі отырмыз.
Қазақ о, бастан-ақ бауырмалдық, қонақжайлық сияқты ізгі, асыл қасиеттерді бойына дарыта өскен халық. Қамқорлық пен ізгілік, инабаттылық пен қарапайымдылық қасиеттерін сіздердің бойларыңыздан табыларына еш күмән жоқ. Өзара сыныптардың бір-бірімен байланысын нығайта отырып, білмегенін білуге, білгенін өзгеге жеткізе білу мақсатында білімі мен өнерін сарапқа салатын кеш болғалы отыр. Ендеше кеш сахнасына сайыскерлерімізді шақырайық.
(Сайыскерлеріміз өз кезегін таңдау үшін қанжапай ойыны арқылы өз кезектерін анықтайды.)
Талпынған өр шыңдарға жас таланттар,
Ақ орда аспанында ән қалықтар.
Күтіп тұр арман қуған өрендерді,
Ән жырмен ойға толы сын сағаттар,-дей келе сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыс болған соң сайыскерлерімізге әділ баға берер әділқазы болады. Бүгінгі кеште әділ де, лайықты баға беріп, байқау жеңімпаздарын анықтауға өз үлестеріңізді қосыңыздар. Ендеше ортамызға әділқазы мүшелерін шақырайық.
Байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. «Сәлем-сөздің атасы» Таныстыру
2. «Ғажайыптар әлемінде» мектеп бағдараламасына сай пәндер бойынша сұрақ-жауап
3. «Өнерлінің өрісі кең» өнер сайысы
4. «Салт-дәстүрім қазынам» бейнесұрақтар.
5. «Дәмді және тез» салаттар даярлау
6. «Тығырықтан шығар жол қайсы?» ситуациялық сұрақтар
7. «Әуенді тап»
8. «Би марафоны»
Байқау шартымен таныс болсаңыздар, сайыскерлерге ақ жол тілей отырып, алғашқы турымызды бастаймыз.
І. «Сәлем-сөздің атасы» Таныстыру
(Әр сайыскер өз бауырласы мен қатар өмірлік ұстанымдары, төсбелгілері жөнінде айтып өтеді)
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін
Бір басына өнері жетсе деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
------------------------------------------------
Таныс болдық сайыскердің тегімен
Туып өскен мекенімен жерімен.
Абайдайын бәрі ақын көрінді
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Міне сайыскерлерімізбен таныс болдық. Енді сайысымыздың келесі бөлімі
ІІ. Ғажайыптар әлемінде.
(Мектеп бағдараламасына сай пәндер бойынша сұрақтар шаршы ішінен таңдалады).
Өнер білім негізінен,
Өтеді енді сынақтар.
Мазалайтын, ойланатын
Қойылады сұрақтар
ІІІ. «Өнерлінің өрісі кең» өнер сайысы
(Бұл бөлімде әр сайыскер өз өнерлерін ортаға салады).
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Осы бір сайыстардан бәйге алуға,
Барлығы аянбай-ақ жан салыпты.

IV. «Салт-дәстүрім қазынам» бейнесұрақтар.
(Теледидар арқылы салт-дәстүрлер жайында бейне көріністер көрсетіледі).
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған.
Ғажап екен әдебі мен ғұрыпы.
Сәнге толы қазағымның тірлігі.
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Ұлттық дәстүр, ғұрпыменен өнері.

Би «Испан биі»
Назарларыңызға сала кетейін, қолдарыңыздағы билеттегі аты-жөні жазылған сайыскердің тұсына «Көрермен көзайымы» деп таныған топтың қасына /√/ белгісін қою арқылы дауыс бересіз. Берілген дауыстар арнайы жәшіктерге салынып, байқау үміткері анықталады. Лайықты да, әділ бағалауға шақырамыз. Үміткерді арнайы сыйлықтар тосып тұр.
V. «Дәмді және тез» салаттар даярлау
(Сайыскерлер салат түрлерін дайындау қажет. Ат қойып, жасалу жолдарын айтып өтеді).
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Дәмді, әрі тез ғып салат жасасын
Сайыскерлер осы арада жарысып.

VI. «Тығырықтан шығар жол қайсы?» ситуациялық сұрақтар»
(Бұл бөлімде нақты жауап талап етіледі).
Сыныбыңыздағы бір оқушы үшін мектеп әкімшілігі барлық сыныпты ата-аналар жиналысында кінәлады. Сізге бұл ұнамады, себебі сіздің жақсы тәртібіңіз, жақсы оқығаныңыз бәрі текке кеткендей, сізде кінәлі болып шықтыңыз. Сыныптасыңызға деген көзқарасыңыз, сіз не істер едіңіз?
Сіз өзіңізден үлкен мектеп бітіріп кеткен қыз не ұл мен достасып жүрсіз. Ал сіздің мұғаліміңіз жие ескерту беріп «Қазір тек сабақты ойла, махаббат қызық мол жылдар алда» деген. Тіпті досыңызға да ескерткен. Осыдан кейін достығыңыз үзіле бастағандай болды. Бұл жағдайда кімді айыптар едің?
Әпкеңіз мұғалім. Ал сенің досың әпкеңіздің сабағын өткізуге еш мүмкіндік бермейді. Саған айтып еді, досыңа айтып ескерттің. Аз уақыттан соң әлгі жағдай қайтып жалғасты. Сіз не істер едіңіз?
Досыңыз екеуіңіз бір қызды, не бір ұлды ұнатып қалдыңыз. Оны екеуіңізде білесіз. Досыңыз бірде саған ренішті кейіппен «Сен әркез менің жолыма тосқауыл боласың да жүресің» деді. Осы жағдайдан кейін досыңызбен қарым-қатынасыңызды үзер ме едіңіз, әлде достыққа махаббат та тосқауыл емес дер ме едіңіз?

Ағаң екеуіңіздің қарым-қатынасыңыз жақсы. Бірде өзге біреулерден ағаңның жағымсыз қылықтары жөнінде естідіңіз, бірақ еш сенбедің. Уақыт өте әлгі айтқандар шындыққа жанасты. Ағаңа айтып жағдайды түзеуге бел буып едің, саған құлақ аспады. Ағаңа деген көзқарасың.
Құрбы досыңыз математика сабағынан есеп шығарып беруді өтінді. Сен шығарып бердің. Осылайша бірнеше рет қайталанды. Бірде досыңнан география пәнінен көмектесуін сұрадың. Досың «басқалардан сұрасаңшы» деп теріс айналып кетті. Досыңды қалай бағалар едің?
Сыныпта досың екеуіңіз оқу озатысыз. Достықтарың кішкентайларыңнан жалғасып келеді. Бірде мектеп әкімшілігі әр сыныптан бір оқу озаты ғана жолдамамен «Еуразия» демалыс орталығына баратынын ескертті. Осы жағдайда досыңызбен қандай шешімге келер едіңіз?
Мектеп бітіру кешіне сыныптастарың өзара бағалы киімдер алатынын айтып әңгіме етті. Ал сіз ата-анаңызға айтып едіңіз, ыңғай көрмеді. Себебі қаражаттың жоқтығын айтты, сізде олардың жағдайын түсінесіз. Осы жағдайдан қалай шығар едіңіз?-
Сен сабаққа дайындалып жатырсың, орындайтын тапсырмалар көп. Кенеттен анаң сені дүкенге жұмсады. Сен осы уақытқа дейін анаңның тілін қайтарған жоқсың. Сен дүкенге барар ма едің, әлде «қолым тимейді» деп, немесе басқалай жауап қайтарар ма едіңіз?
Мектепте демалыс кеші болғалы жатыр. Ал сізді ата-анаңыз жібермеді. Кенеттен телефон шырылдады да, анаң мен әкең достарының үйіне баратынын айтты. Сіз осы мүмкіндікті қалай пайдаланар едіңіз?

VII. «Әуенді тап»
(Әндер ойналады, сайыскерлер өлең сөзін не атын табу қажет)
Ән адамзат құрдасы
Ән зарлының мұңдасы
Ән сергектің серігі
Ән ғашықтың мұңдасы

VIII. «Би марафоны»
(Шаршының ішінен сандарды таңдау арқылы әр әуендегі би қимылдарын көрсетулері қажет).

Міне бүгінгі кешімізде өз мәресіне жетті. Білімдерін шыңдай, ұлттық дәстүрлерді бойына дарыта отырып тәрбиелеу жолында өткізілген кештің қортындысын айту үшін сөз әділқазы мүшелеріне беріледі. (Байқау жеңімпаздарын марапаттау)
Алладан-денсаулық,
Қыдырдан-бата
Ананың-мейірімін
Туыс-туғанның бүтіндігін
Сапарда - сәттілік
Дастарханға-молшылық
Өмірде-амандық сұрай отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Білімі мен өнерін сарапқа салатын танымдық байқауларда жетістіктерге жетіңіздер. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар, амандықта жолыққанша. Сіздермен бірге болған Алия Еркайқызы
loading...

Автор: тлепова алия еркаевна

мектеп

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс | Қосты: тлепова_алия | Ілмек сөздер: тлепова
Көрсетілім: 1159 | Жүктеулер: 620 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 21
Қонақтар: 21
Тіркелгендер: 0