Сайт учителя начальных классов
.
Үлгілі отбасы
1жүргізуші:
Наурыз келсе құт келгені, халайық, Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық!
2 жүргізуші:
Тәуелсіз биік халқымның Желбіреп туы шалқысын Әз наурыз келін еліме Жер - Ана бойы балқысын Жаңғырар дәстүр – салтымның Көзелсін бұлақ жылғасы Қастерлі менің халқымның Мереке наурыз жыл басы.
1 жүргізуші:
Қазағымның салт дәстүрі жаңғырған Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған Салт дәстүрді ардақтайық ағайын Қазақ атты үлкен – кіші балдырған. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де Үлкен кіші , жасымыз кәріміз де, Төрлетіңіз қадірменді қонақтар.
2 жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз. Бүгінгі наурыз мерекесіне ұйымдастырылған «Үлгілі отбасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
1 Жүргізуші :
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Босқа қарап қалмаңыздар «Отбасы» тойы басталды, Қызықтан тыс қалмаңыздар.
2 жүргізуші:
Қастерлейміз халық боп, Салт дәстүрді дәріптеп Айтып кеткен бабалар Дәстүріңді таныт деп. Олай болса ортаға сайысқа шыққалы тұрған үлгілі отбасыларды шақырамыз.

1 жүргізуші:
Жұмысты терең меңгерген Жақсылықты жөн көрген Отбасы тұр құлшынып Қалмайын деп сендерден. 1. Әлімбаеовтар отбасын ортаға шақырамыз
2 жүргізуші:
Әділді іздеп талпынып Тынбайтұғын шарқ ұрып Бұл отбасы жарыста Озам дейді талпынып. 2. Әбжамиевтер отбасын ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші:
Мінезге бай салмақты Байыптайтын жан жақты Бүгінгі мына сайыста Жеңімпаз боп қалмақшы. 3. Бимашовтар отбасын ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші:Сайысымызды бастамас бұрын мектебіміздің директоры Жолмырзаева Айтолқынға сөз кезегін береміз.
1 жүргізуші:
Әділ қазы алқалары келіңіз Отбасылар сайысын бүгін көріңіз Бұл сайыста өнерліні саралап Әділдікпен әділ баға беріңіз.Әділқазылар:
--------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------
2 жүргізуші:Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар:
1. Сәлем сөздің анасы (сәлемдесу)
2. Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)
3. «Дәстүріңді сақтай біл» (салт дәстүрге байланысты көрініс)
4. «Артық болмас білгенің» (сұрақ жауап)
5. «Шебердің қолы ортақ» (бұйым жасау)
6. Сән үлгісі.
1 жүргізуші:
Тас үйдің салдық бүгін түтіндігін Отбасылықбайқауына келіп бүгін Ендеше көрермендер қол соғыңдар Үлгілі отбасылар байқауына (Әр отбасы қазылар алқасының алдынан реттік нөмірлерін алсын)
2 жүргізуші:
Сәлемдесу игі дәстүр киелі Сөзбен қарап кейде шешер шиені Жақсы сөзге жан семірер қашанда Жолданады сайыскерлер сәлемі. – Бірінші сайысымыз бойынша таныстыру шартына кезек берейік. (қазылардың бағасына беріледі)
1 жүргізуші: Асыл тастан шығады 2 жүргізуші:Өнер жастан шығады. 1жүргізуші: Өнерлі – өрге жүзеді,өнер алды – қызыл тіл 2 – жүргізуші: Ел іші өнер – кеніші демекші, ортада отбасылардың өз өнерін көріңіздер (қазылардың бағасына беріледі)
1 жүргізуші: Шілдехана бесік той! 2 жүргізуші: Тұсау кесер, сүндет той! 1жүргізуші: Пай! Пай! Шіркін – ай! Қазағымның салт дәстүрі, кең пейілі дархан даласынан да кең ғой. Олай болса отбасылардың салт дәстүрге байланысты көрінісіне береміз. (қазылар бағасын береді.)
2 жүргізуші:Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар, Оның сырын ашқанда жұрт қызығар. Жауаптарын таба ма екен ата – аналар Сол себептен қоятын сұрақтар бар. Олай болса келесі кезегімізді сұрақтарға берейік. (қазылар алдынан алады) (қазылар бағасын береді.)
1 жүргізуші: Ата салтым дәстүрім қол өнерім Ортаға салар отбасылар бар өнерін Көрейік тамашалап енді міне Он қолынан бал тамған шеберлердің. (келесі сайысымыз шебердің қолы ортақ ) (қазылар бағасы)
2 жүргізуші: Келесі кезекте ұлтық сән үлгісіне берейік. (Қазылар бағасы) Қазылар қортындысын шығарғанша Жеткергенова Данагүлдің орындауында ------------------------музыкалық сәлеміне кезек берейік.
1 жүргізуші: Қазылардың қорытынды сөзіне кезек берейік.
Қортындылау
2 жүргізуші: Демеңіздер өнерді аяп қалды 1жүргізуші:Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. 1Жүргізуші: Қош болып тұрыңыздар кездескенше 2 – жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды.

ID: 931 | Просмотров: 2172