Сайт учителя начальных классов
.
«Лагерь аруы»
атты қыз сыны байқауы Тәрбиеші: С.К.Алымханова
Байқаудың мақсаты:
- қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту.
- қыз деген нәзік жаратылыстың өзіне тән ерекшелігін, өмірдегі алатын орнын сезіндіру.
Байқау талаптары:
1. «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен» (1-2 минут).
Сәлемдесу салты. Сайыстың бұл бөлімінде қыздар өздерін таныстырады. Таныстыру барысында аты-жөні, ата-тегі,. оқыған, өскен жері, туған Отаны туралы өлеңдетңп, әнге қосып, тақпақтатыпта, қарасөзбен айтуға болады.
2. «Өнерлі қыз сүйкімді».
Ақ параққа сурет салу
3. «Он саусағы майысқан» (2 минут). Осы уақыт ішінде қыздар өз халқынның ою-өрнегі немесе қолданбалы қол өнеріне қатысты тез жасалатын затты қағазбен немесе матамен жасап көрсетуіне болады. Киім тігу қағаздан.
4. «Кім жылдам?» бір минутта тез ою өрнек қию керек.
Екі минута неше шар үрлейтінін есептеу.
5. «Өнерлі өрге жүзер» (2-3минут). Қыздар өнердің сан қырын меңгеруі арқылы байқауда өнердегі өз мүмкіндіктерін көрсете алады.

Қыздарды марапаттауға арналған номинациялар:
«Лагерь аруы»-бас жүлдегер
«Ең сүйкімді»-1орын
«Парасатты ару»-2орын
«Өнерлі ару»-3орын
«Зерделі ару» «Бесаспап ару» т.с.с.

ID: 2250 | Просмотров: 4240